І. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану негіздері


II. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану



бет7/16
Дата06.01.2022
өлшемі414,5 Kb.
#16315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
АКТ курыстық жұмыс

II. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану

2.1 Ақпараттық технологияларды математика сабағында пайдалану

Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні мұғалімдері компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьтерлік технологияға жүктеу керек.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Ақпараттық технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу мына негізден қарастырылуы тиіс:



  • математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен

  • оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы;

  • компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде

математикаға араласуы, енгізілуі;

  • оқушыларды әртүрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, солардытұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу

тәсілі бар екені белгілі.

Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері:


  • оқыту мақсатын анықтау;

  • өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектілерін таңдап

  • алу және оның тиісті құрылымын жасау;

  • оқыту тәсілін таңдау;

  • сабақты жобалау, яғни оның жоспарын құрастыру;

  • оқу процесінде компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу.

Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады.Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материал-дарының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді.Оқу материалының мазмұнын талдау және таңдап алу кезеңінде алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын, білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек. Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс. Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.

Көбінесе компьютердегі EXCEL бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланған өте ыңғайлы және тиімді. Өйткені EXCEL – кестелік процессор, мұнда кестелермен, формулалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері мол.

Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолдану қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде.

Компьютерді мынадай тақырыптарға қолдануға болады:

- арифметикалық (геометриялық) прогрессияның n- ші мүшесін және қосындысын табу;

- квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу;

- n- ші дәрежелі теңдеулерді шешу;

- %-ке берілген есептерді шешу;

- амалдарды орындап, өрнектің мәнін табу және т.б.

Ақпараттық технологиялардың тағы бір түрі – қашықтан оқыту спутниктік арнасы, оның педагогикалық мүмкіндіктері қашықтан оқыту жүйесі ұсынатын мынадай шарттарды неғұрлым толық пайдалануға жол ашады:



жасауына мүмкіндік беретін ұйымдық техникалық және технологиялық деңгей, әсіресе бейне және дыбыстық конференцияларды ұйымдастыру кезінде;

- оқушыларды әр түрлі шығармашылық әрекетке тартатын және сан

- қырлы педагогикалық функцияларын жүзеге асыратын оқу жұмысы бағдарламасын жасау.

Соңғы кездегі осы технологияның жаңа түрі мектептерде беріліп жүрген ONLINE (ОНЛАЙН) сабақтары болып табылады. Бұл технология да әр мұғалімге өзінің сабақтарын, сабақтан тыс жұмыстарын желі арқылы көрсету, тарату, пікір алмасу мүмкіндіктерін береді.

Қазіргі заман талабына сай кеңінен пайдалануға мүмкіндік беріліп жатқан ақпараттық технология – интерактивті тақта. Бұл технологияның мүмкіндіктері мол және оны барлық сабақтарға қолдануға болады. Енді осы тақтамен жұмыс жасау үшін АCTIVstudio бағдарламасын қолданамыз.Мұнда материалдарды құруға, көрсетуге арналған жұмыс алаңы- флипчарт ашу қажет. Ол көп парағы бар кітап түріндегі флипчарттың электронды версиясы.

АCTIVstudio-да 4 флипчартты қатар ашуға болады. Ол беттер саны компьютердің техникалық мүмкіндігіне тәуелді.

Флипчарт беттерінде төмендегі әрекеттерді орындауға болады:


  • Фондық кескіндер қоюға болады;

  • Ескертпелер мен түсініктемелер жазуға болады;

  • Суреттер салуға немесе кітапханалар ресурсынан дайын суреттерді пайдалануға;

  • Кескін, суреттерді басқа қосымшалардан импорттауға;

  • Фильм мен ойындар қоюға болады.

АCTIVstudio- мен терең танысу арқылы басқа да мүмкіндіктерін табуға болады.

Осы тақтаның мүмкіндіктерін математика сабағына да қолдануға әбден болады. Әр сыныптағы сәйкес келетін тақырыптарға қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға болады.

Мысалы, амалдарды орындау, өрнектің мәнін табу, геометриялық фигуралар туралы түсінік, пропорция және оның қасиеті, теңдеу және оның түбірлері, қосу мен көбейтудің қасиеттері, қысқаша көбейту формулалары, арифметикалық (геометриялық) прогрессия т.б. көптеген тақырыптарға қолдануға болады.

«Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту» мемлекеттік бағдарламасы компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт- сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру ісімен жалғасуы тиіс.

Білім жүйесін ақпараттандыру ісін әрі қарай дамыту барлық пәндер бойынша ақпараттық технологияларды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.

Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісі нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет