І. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану негіздері



бет2/16
Дата06.01.2022
өлшемі414,5 Kb.
#16315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.

Білім беру–аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық – ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

- Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;

- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

Бұл саладағы еңбектер, әдебиеттерді талдау – осы бағыттағы зеріттеулерді әрмен қарай жан – жақты жалғастыру қажет екенін көрсетеді.

Бұл біздің зерттеу жұмыстарымыздың өзектілігін көрсетеді. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі – біздің зеріттеу проблемамыз болып табылады.

Көрсетілген проблемамыздың көкейкестігі, соның жеткіліксіз зеріттелуі, ғылыми практикалық мәнділігі, курстық жұмысымыздың ұсынылып отырған тақырыбымызды талдап алуға негіз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет