2.2 Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген сабақ жоспары
Пәні: математика Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Кестелік бөлу және көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Санды 5-ке, Санды 5-ке көбейту және бөлу,Санды 6-ға көбейту және бөлу, Санды 7 ге көбейту және бөлу, Санды 8 ге көбейту және бөлуден алған білімдерін пысықтап, көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін
арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ойындар арқылы балаларды ұйымшылдыққа,
жылдамдыққа, өзбеттерімен жұмыс істей білуге, шапшаң әрі
қатесіз есептей білуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |