Дислексия- оқу процесінің жартылай бұзылуы
Дизорфография - қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдылары қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлері.(А. Н. Корнев бойынша)
ЖСТД - жалпы сөйлеу тіл дамымауы. Есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты
сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.
Иттерация(лат.т. iteratio-қайталау) - сөйлеу тіліндегі сөздерді кідірусіз қайталау.
Коррекция (лат.т.corregere- түзету) - балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған дефектология саласындағы қолданатын тәсілдердің ең маңызды түрі.
Компенсация(лат. т.compenso-теңестіру, қалпына келтіру) - организмнің қандай да болмасын бір қызметі жойылғанда немесе бұзылғанда басқа мүшелердің көмегі арқылы қызметтердің қайта құрылуы, қалпына келтіруі, күрделі, көп сатылы процесс. Компенсацияда орталық жүйке жүйесі маңызды роль атқарады. Жеткілікті қалыптаспаған және бұзылған сөз және сөзсіз функциялардың дамуы мен қалпына келтірілуі арнайы логопедиялық ықпал жүйесі негізінде іске асады. Осы ықпал барысында компенсация қалыптастырылады.
Логопатия(гр.т.pathos –ауру, азап шегу) – тіл мүкістіктерінің жалпы атауы. Логопедия ( paideia- тәрбиелеймін, оқытамын) – сөйлеу тілі, оның дамуының бұзылуын зерттейтін және оны арнайы оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін қолдану арқылы түзетуі мен болдырмауын қарастыратын ғылым.
Логопедиялық ықпал- сөйлеу әрекетінің бұзылыстарын орнын басуға (компенсация) және түзетуге (коррекция) бағытталған педагогикалық процесс.
Нейролингвистика –сөйлеу тіліне және оның айтылу құрылысына қатысты орталық нерв жүйесінің процестерін зерттейтін ғылымның бір саласы.
Онтогенез(гр.т.on, ontos – болмыс, тіршілік)- тіршіліктің пайда болукезінен аяқталуына дейінгі өзінің өзгеріске ұшырауын қамтитын организмнің дербес дамуы.
Палатализация (гр.т.palatalisation - жіңішкірейту) – арикуляциясын қосымша қатыстыру жолымен тілдің ортаңғы үстін таңдайға көтеру арқылы дауыссыз дыбыстарды жіңішкертп айту тәсілі.
Паралич (гр,т.paralyo- әлсіреу) – нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен толық айырылып жансыздануы, садануы.
Парез (гр.т.paresis- әлсіреу) - нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен айырылып жансыздануы, жартылай жансыздануы.