Аграфия (гр.т.grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі кемшіліктеріне байланысты жазу қабілетінің бұзылуы.
Алексия (грек тілінен leis-оқу)- бас миының зақымдалу салдарынан оқу қабілетінің жойылуы. Ол жазу қабілетінің жойылуымен (аграфиямен) және сөйлеу тілінің бұзылуымен тығыз байланысты.
Анамнез(грек т. anamnesis- еске түсіру)- ауру адамның тұрмыс жағдайы және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы мағлұмат.
Анартрия ( гр.т.arthroo-буын) – сөйлей алмау. Анартрия дизартрияның ауыр түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу қабілетінен толық айырылу.
Анализатор- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі тітіркендіргешерін жеке элементтерге ажыратып, яғни талдау ( анализ) жасайтын нервтік механизм.
Аппарат (гр.т. apparatus) – адамның, жануар мен өсімдіктің организмдеріндегі ерекше бір қызметті атқаратын мүшелердің жиынтығы (мысалы, ас қорыту аппараты, артикуляциялық аппарат).
Артикуляция(лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту) – сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары, атқаратын қызметтері.
Афазия (гр.т. phasis - сөйлеу тілі) – жартылай немесе толығынан сөйлеу қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан, мидағы абсцесс, энцефалит ауыруларының негізінде пайда болады.
Белсенді сөз қоры-сөйлегенде жиі пайдаланатын сөздер. Билингвизм ( лат.т.-lingua- тіл) – екі тілде бірдей сөйлеу. Брадилалия (гр.т.-lalia -сөйлеу) –cөйлеудің баяулауы.
Брока орталығы– сөйлеу тілінің моторлық жағын ұйымдастыруын қамтамасыз ететін, бас миының сол жақ жартысында орналасқан бөлігі.
Вернике орталығы – ми қыртысындағы сөзді қабылдау орталығы. Дизартрия –сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинезге байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы
Дисграфия- жазудың қабілетінің жартылай бұзылуы.
Дислалия (гр.т. dis- бұзылу, lalia - сөйлеу тілі) – тіл мүкістігінің ең көп тараған түрлерінің бірі. Дислалаия адамның есту қабілеті дұрыс дамыған кезіндегі және сөйлеу тілі аппаратының нервтенуі сақталған жағдайындағы дыбыстардың бұзылып айтылуымен айқындалады.