І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет105/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   156
Әдебиеттер

1. Қазақстан Ұлттық энциклопедия, 638-бет


2. Ж.Қасымбаев «Жәңгір хан», 15-бет
3. Ж.Қасымбаев «Жәңгір хан», 18-бет
4. Қазақстан мектебі № 56 2004 мамыр 7
5. Букевское ханство.Алматы, 1981, 143- бет
6. Еврейнов А.Указанное сочинение.63-бет
7. Букеевской Орде 200 лет. «Өлке», Алматы, 2001, 169-170 б.

ІV ТАБИҒАТТЫҢ ТЫЛСЫМ СЫРЛАРЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ӨЗГЕН ШИПАГЕРІ
ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ


Адал Оралай (ҚХР)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Сандықбаева Ө.Д., филос.ғ.к.

«Менен ұрпақ қалмаса да күндердің күнінде мені әлемге әйгілі ететін шипагерлік баяным артымда қалмақ» деп ХV ғасырда ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы айтып кеткен. Қазақ елінің Тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз жаңа ғұлама ғалымдар қатарынан ХV ғасырдың қара өзген ғалым шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының да есімң енді.


Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы 1388 жылы Жетісуда дүниеге келіп, 1485 жылы туған жері Жетісуда қайтыс болады. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси тарихшы, емші Өтейбойдақтың өмірдегі туылған және қайтыс болған жылдары негізінен «Шипагерлік баян» кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор «Шипагерлік баян» кітабын әз Жәнібек ханның тапсыруымен жетпіс сегіз жасында бастап жазғаны туралы айтылған. Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты сексен бес жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы тоқсан жеті жасқа келіп дүние салған жөнінде дерек бар. Демек Өтейбойдақ «Шипагерлік баян» кітабын жеті жылда жазып шыққан. Өтейбойдақ «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай деді: атым Өтейбойдақ, Тілеуқабылдың ұлымын ата-тегім Ұлы жүз зарман, оның ішінде албан мекенім Жетісу, ауылымда құрбы-құрдас, таныс білістерім аз емес жанында Жиренше шешен Жәнібектің қарашасымын, жылым-иіртек, 85-ке келдім, «бойым ұзын, қара торы, қоңқа мұрынды, кең иықты қап сақалды, ұзын қасты кем сөзді жанмын-» деп сипаттаған.
Емшілік шипагерлік қасиеті Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына ата-тегінен дарыған, атабаба әулетінен жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген. Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген, бұл жолда ол Әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап үйлі баранды болудай пендеге тән қаситеттердің бәрін тәркетіп, бүкіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарып еткен.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шипагерлік ілімін өз халқын аралай жүріп, аурудың сырқатын анықтап емдеп әрі тәжірибе жасай жүріп, көргенін, білгенін, естігенін қағазға түсіріп халқымен ұрпағының денсаулығымен болашағын қәдірлеп сол замандағы қазақ ханы әз Жәнібек ханның тапсыруымен жазылған бұл еңбегін жазып болғанымен ханның кездейсоқ қазасы қол жазбаны ханға оқып беруге, көрсетуге жазбады. Әз Жәнібек хан ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлымен алғаш танысқанда шипагерді сынап, байқап, әрі біліміне баға бере келе Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына «Қара өзген шипагер» екенсін деген мәртебелі атақ берді. Бұл құрмет оның көп салалы ғылымның ішіндегі сауатты және жан-жақтылы білімі бар тұлға екенін білдіреді.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Іске аспады арманым қараң қалды, Шыңбасына шыққанда арандалды» деген зарлы арманы 5 ғасыр өткенде орындала бастады. Бес жарым ғасырдан кейін халқымен қайта қауышқан осы ұлы еңбек ғасырлардан ғасырларға сақталып келуі оңайға түспеді. Бұл қолжазбаны Райымбек, Шыбыл,Қоңырбөрік,Тама,Бұршақби бір-біріне өсиетпен тапсырып хижраның 1170 жылына келгенде Григориан күн тізбесі бойынша 1827-1828 жылға дейін бесінші рет көшіріліп сақталып, 1957 жылы Түменбай Ыстанбайұлы алтыншы рет көшіріп алған, 1991 жылы Нұртай Түменбайұлы 1957 жылғы нұсқаның 1968 жылғы өртенгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген, бес мың беттік шығарманың небәрі бір мың беттен астамы ғана қалған. Бұдан кейін 1994 жылы араб қәрібінде Қытайдың Үрімжі қаласында басылым көрді. Кейін 1996 жылы Қазақ елінде Алматыда «Жалын» баспасында қайтадан қазақ тілінде басылды.
Көрші елде тұратын «Шипагерлік баян» кітабының баспадан басылып шығуына тұңғыш көмектескен кітабтың құндылығын жоғары бағалаған Шыңжан Алтай аймағының уәлйі, ғалым Қадыс Жанабілұлы: «Салалардың қосылуына жол салған, санғасыр сақталған бұл бағалы мұраның жарық көруі кейнгі ұрпақтарымзға ұшаң теңіз болатыны даусыз»- деген қуанышты тілегін білдіреді.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегі қазақ халқының шипагерлігінің ғылыми әрі тәжірибелі негізін қалап, ұлттың шипагерлік өнерін, ілімін, мәдениетін, әдіс-тәсілін әлемдік дәрежеге жақындатқанның белгісі, бұл еңбек көптеген шетел ғалымдарының ғылыми талдамалық назарына айналуыда ғажап емес.
Бұның дәлелі ғалымның «Шипагерлік баян» кітабының көрші Қытай елінде 1997 жылы маусым айында «Бірінші дәрежелі Мемлекеттік Таңдаулы Ұлттық кітап» силығына ие болуы шипагерлігінің ғылымдағы ғұмырының ұзақтығын көрсетеді. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» еңбегіне алғаш өз пікірін берген ШҰАР партия комитеті үгіт насихат Министрлігінің орынбасары зерттеуші ғалым Төлеухан Ыбырайұлы «Ұлтымыздың тарихында сирек кездесетін Ұлы медициналық еңбек ғылымнама, тек шипагерлік жағынан ғана емес ол халқымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, метрология, әскери ғылым, этика, эстетика т.б білімдер жағынан құнды мәлімет береді. Өнер білім тарихы ел тарихынан айырылмайды, ұлтымыз тарихында «Шипагерлік баян» еңбегі өз дәуірінің жемісі-деп әділ бағасын берді.
Өзінің төл тәжірибесіне сүйеніп осыдан бес ғасыр бұрын жазған медициналық ғылыми еңбегі «Шипагерлік баян» күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ.
Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы шипагер сырқатты емдеуде ұлттық тағамдардың 4577 емдік рецебін ұсынады. Және ғұлама 1300 –дей дәрілік қоспаларды барлық шарттарды сақтай отырып, олардың 858 түрлісін өсімдіктерден 300 ден астамын жан-жануарлар мүшелерінен, 70 ке жуығын метал-металойоттар қоспасынан дайындаған, оны жердің 40-тан астам жыныстық қабатынан жинап, қазақ ұғымындағы қасиетті сан болып табылатын 41 мен 7 санының қоспасы бойынша 1050 түрлі дәрі-дәрмек жасайды және сырқаттың түрлеріне қарай емдеп жазудың 3,5,7,13,21,25,41 күндік емін ұсынады және 430-дан астам адамның сырқаты және ішкі денесінің анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдырады.
Емшілікке батыл кіріскен шипагер суға кетіп өлді деп есептеген және есінен танған адамды басын төмен қаратып екі аяғын ағашқа іліп қойып ішіндегі суын ағызып денеден бір тіршілік қимылын сезгенде ғана адамды жерге түсіріп қозғау арыбері аунатып уқалау және жасанды дем беру әдістерін пайдаланып тірілтіп алу жолдарын меңгере білді. Шипагер ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы он сегіз мың ғаламның түпкі негізі алғашқы алты несіптік тұғырлықтан оның ішінде үш ыстық (арқау, су, ұштасым) және үш суықтық (бітім, қимыл, әужал) өзгенің байланысының әсерінен болатынынна сілтеме жасайды. Мәселен, арқау өзегі ыстық-тұғырлық, су-өзегі суық тұғырлық, ұштасым-өзегі қараңғы тұғырлық, бітім – өзегі тұрақ тұғырлық, қимыл-өзегі кеңістік тұғырлық, әужәл-өзегі жарық тұғырлық сондай-ақ адамның соңғы алты тұғырлық несібесінде; үш ыстыққа (ләм, мекен, ұлпа) және үш суықта (тыныс, қаружарақ, ұрпақтастық) болып. Ләм- өзегі қараңғы тұғырлық, мекен- өзегі тұрақ тұғырлық, ылпа- өзегі ыстық тұғырлық, тыныстық- өзегі кеңістік тұғырлық, ұрпақтасты- өзегі жарық түғырлық екендігіне тоқтам жасаған қара өзген шипагер ыстық пен суықтың негіздері адамның мінез бітімінің тұлғалық өсу дамуына денсаулығының жақсы болуына және сырқаттың пайда болуы себептеріне нақты жоғарыдағыдай алты несптік пен алты несібелік немесе он екі өзектік тұғырлыққа тәуелді болатынына тоқталып шипагерліктің негізгі шартын анықтап берді.
Шипагер ғұламаның анықтауынша «сырқат-сипаты мәнілді суықтық шипа ем дарым заруаты спат мәнілі ыстық дарулық дарымдылығы терлетілімдік болмақ» деп сырқаттың туу себебі ыстыққпен, суықтың әсерінен болатын одан сақтанудың жолдарын шипагерлік танымдық тәжірибесімен терлетудің жуық тәсілін ұсынып түсіндіреді. Шипагер өз қызметіне халқымыздың «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген дана сөзін әрқашанда өзінің шипагерлік ілімінде бастылыққа алып, сырқат адамның ауруларын жұқпайтын және жұқапалы деп екі топқа бөлу арқылы шипагерліктің тазалық сақтық және ұйымдастыру жолдарының жаңа әдістерін ұсынады. Шипагер ғалымның «Шипагерлік баян» кітәбында сырқатты анықтаудың отыз екі түрін есек жем, ауыз жара, алапез, қызылша, сүйел тағы басқа сыртыа дене жарақаттың алты түрі: шийқан жалғыз жара, жақ ірәк т.б. зерттеп тұратын аурудың бес түрін: күйіп қалудың үш түрін, улы жәндіктердің шағуынан болатын аурудың үш түрін жылан, шаян, бүйе, сіреспе, талма ауруының екі түрін, үсіп кеткеннің үш түрін, есі ауысудың төрт түрін қойаншық, бұқпа, есалаң, жынды ата-анада кездесетін белсіздік ауруының бес түрін, жүйке ауруының екі түрін, тамақтан ұшынған, жүктіліктен жұқпалы қауіпті аурудың он түрін, құлғана мерез соз, жіңіске, көктинек, көк шешек, түйнек т.б. кездестіреміз, бұдан көп сырқат түрін талдап жазуға келмеді өйткені кітабтың төртен үш бөлігінің өртенуі ұлттық халық шипагерлік емнің орны толмас өкініші болды. Сырқаттың ауруын емдеуде бұлаудың түрін: қапталғы бұлау, борысыма бұлау, бапталғы бұлау, бу бұлау, сақталғы бұлау, су бұлау, қақталғы бұлау, құрғақ бұлау, нақталғы бұлау, түйіндеп бұлау, шапталғы бұлау, құм бұлау. Уқалаудың он бір түрін: түйіндем, батырма, дөңгелендіргі, ысқалғы, сыдырғылау, жылдыртқы, қақпаулы, мыйтыңқыл, шымшыл, қос алақан, бүктелме және үзудің оған жуық емдеу түрлері өте қарапайым әрі түсінікті берілген.
Қазіргі медицинада «шешек» ауруына қарсы егін вакцинасының авторы ағылшын ғалымы медигі Едуарт Жентер, бұл жаңалық 1796 ж. ашылды деп жүрсе, ал біздің бабамыз бұдан 300 жыл бұрын қазақ еліне шешек қауіпі төнгенде өзінің дала зертқанасында көп ізденіспен тәжірибе жасап қарапайым халықтық емдік тәсілімен шешекке қарсы егін вакцинаны тауып елінің халқын аман алып қалған. Ұлы ғұламаның заң ғылмынада өз үлесін қосқандығы өз еңбегінде айтылады. Өтейбойдақ бабаның дәлелдемесі бойынша әз Жәнібек хан ұрпақ тазалығымен дененің саулығын сақтау үшін: жеті атаға толмай қыз алыспау, үйленсе екі жаққада өлім жасасы кесіледі. Сүйіспеу, жат төсектікке жол бермеу, жеке үйлердің тазалағы т.б. мәселелер жөнінде жарлық шығарады. Жарлықты орындамағандарға өлім жазасы, елден қуылу, дүре соғу, айып салу, масқаралау т.б. жазаларды белгіледі.
Егер Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бойынша зерттесек одан 240 жылдай бұрын қол қойып шығарған Әз Жәнібек ханның жарлығы шықанын аңғартады, осыған қарағанда Өтейбойдақ бабаның заң ғылымына үлес қосқаны айқындалады. Астрономия ғылыми ұғыммен аспан жұлдыздарыда адамның денсаулығына мінез құлқына әсер ететін тіршіліктің сегіз түрлі: оң иық, сол иық, артқы шүйде жұлдызына бөлінетін және әр адамның жеке жұлдызы болатыны жөнінде анықтама береді, бұл идея қазақ шипагерлігінің сол заманмен осы күндері толық анықталып бітпеген жеке танымын, идеясын аңғартады. Адамның көңіл күйіне қарай оның жеке жұлдызының түсінің өзгеруінен адамның денсаулығына, мінез-құлғына әсер ететінін дәлелдейді.Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өсиетнамасында: «Тапқысыз баға гаухардай асылдарғада, бықсыққан бықсықтарғада, жасықтарғада шипа ем дарыта білдім» деуі шипагердің адал жүректі, байлыққа қарамай, кісілік-тұлғалық парасаттылық қасиетпен еңбек еткенін аңғартады.
«Шипагерлік баян» кітабы дүниенің қызығын мүлдем ұмытқан, дәрі шөптерді айыруда талай рет уланған, өлмегеннен басқасның бәрін көрген, ат басындай алтынға да көз қырын салмаған, жар құлағын жастыққа тигізбей жаһан кезген елден көрген білгендерін саралап түйіндеген қайраты қайтпас, жігері мұқалмас, ақылы телегей теңіз, ой толғамы тиянақты Өтейбойдақтың ел жұртының болашақ ұрпағының мәңгілік кемістік, мүсәпірлік, ғарыптылық көрмеуі, азап тартпауы үшін артына қалдырғанының растығына шүбә келтірмес ғылыми өресі кең төл тәжірибелердің туындысы шын ықыласты талғамдық пікір ғұлама еңбегінің қазақтың философиялық шипагерлік ілімінің ұзақ тарихының куәсі әрі айнасы екенін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет