Әдебиеттер
1. Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер, С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2003 – (Қазақ академиялық университеті). – 464 б.
ЖӘҢГІР ХАННЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ МЕН ОРБҰЛАҚ
ШАЙҚАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Сұлтанахмет Әлішер (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Тасилова Н.А., т.ғ.к., доцент
Қазақ халқының өзінің мемлекеттілігін қалыптастыруда ғасырларға созылған күрес нәтижесінде жеткендігі тарихтан белгілі. Бұл күрес қазақ ұлтының тарихында ерекше орын алады. ҚазақстанныңXVII ғасырдағы халықаралық жағдайы өзгеріске ұшырады. Қазақ иелігінің шығыс шекарасында Жоңғар хандығы (1635-1758 жж.) ірі көшпелі мемлекет қалыптасты. Жетісу үшін қазақ билеушілері үнемі тартысқа түсіп отырады. Қазақ мемлекеттігін дамытуға әскери және саяси белсенділіктің күшеюі әрі оның құлдырауы тән. Егер қазақ хандығының тарихы XVI ғасырдың ортасында сәтсіз болып, территориясы Жетісумен шектелсе, XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың екінші кезеңінде қазақ хандығының құрамына Сыр бойында отырықшы жер өңдейтін әрі кәсіби орталықтардың, Ташкент, Ферғананың уақытша қосылуы қазақ хандығының шаруашылық негізінің күрт өзгеруіне, сөйтіп, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық тарихында жаңа кезеңге әкелді.
XVII ғасырдағы қазақ хандары Есім, Тұрсын тұсында, Есімніңүлкен ұлы Жәнібектің есімі деректерде жиі кездеседі. Есімнің билігі кең тараған кезеңде Жәнібек сұлтан Мауареннахрдың ірі қалаларының бірі Сағарджының билеушісі болған. Бұл туралы Бахр ал-Асрар дерегінде беріледі. Орыс деректерінде XVII ғасырдың 30-40 жылдары қазақ ордасының ханы титулымен Жәнібек ал оның інісі Жәңгір ханзадасы деп беріледі. Жәнібек ойраттармен соғыстар жүргізіп отырды. XVII ғасырдың 30 жылдарында ойраттар мен болған соғыста қаза табады.
Есімнің екінші ұлы XVII ғасырдың 40-жылдары хандық билікті қолына алады. Жәңгір(Жахангир, Янгир) Есім ханның баласы. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті қазақтар оны «салқам Жәңгір» деп атаған. Қазақ хандығында саяси билікті өз қолына алған соң, сыртқы саясатқа көңіл бөлуге мүдделі болды. Оның басты себебі осы кезеңдегі көршілес мемлекеттердің күшеюі, экономикалық жағынан ұқсас, талаптары бірдей билеушілер арасындағы тартыс басталды. Жәңгірдің әкесі Есім хан жоңғар факторына тәуелді болды. Ол ішкі саяси тұрақтылық пен күресті, сыртқы саяси жағдайға ерекше көңіл бөлді. Жоңғарларды Алтайдан солтүстікке, батысқа жылжуы әр-түрлі себептерден туындады. Оның себептерін тарихшы Ш.Б.Чимитдоржиев жан-жақты талдаған болатын. Оның көрсетуі бойынша сәтсіз соғыстар, жоңғар иеліктерінің бөлінуі, жер тапшылығы Сібір хандығының ыдырауы, жоңғарлардың солтүстікке қарай жорық жасауға қолайлы жағдайды туғызды.
Жәңгір батырлармен және билермен өз қатынастарын сәтті орнатады, Бұқара және Хиуа хандарымен өзара қатынастарға ерекше назар аударады. Жәңгірдің беделі тез өсті. Уақыттың көп бөлігін ол Түркістан қаласында өткізді қоғамдық өмірдің қақ ортасында болып, өз бақталастарының жағдайын және жоңғарлардың қозғалуын бақылап отыру керек еді. Күш-жігерді ғана емес, ақыл-ойды да қоса жұмсауды қажет етті. Жәңгір өзін белсенді қайраткер ретінде көрсете алды. Жәңгір Бұхара хандығыныңәйгілі қайраткері, Самарқанд сарайларын салғызушы Жалаңтөспен жақсы қатынастар орнатады. Бұл кезеңде, казақтар Бұхара хандығымен тығыз байланыста болатын, олардың бір бөлігі онда тұрақты ірге тепкен еді. Бұхара билеушілері арасында Абдул-Васифидің жағдайы елеулі болды. Жалаңтөс Баһадүр (1576-1656 жж.) Бұхара хандығында маңызды рөл атқарды. Аңыз бойынша ол Сырдарияның төменгі ағысында Кіші жүздіңӘшім тайпасының төртқара руыныңқазақтары арасында туған. Шығай ханның ауылдарымен бірге Жалаңтөстіңүй-іші Нұрата тауларына, Бұхара маңайына көшіп барған. Бұхара ханы Имамкули 1612 жылы Қазақ хандығымен достық пен өзара түсінікті сақтау мақсатымен Жалаңтөсті Самарқанд қаласыныңәмірі етіп тағайындаған.
Жәңгір, тіпті көршілес елдерге елшіліктер ұйымдастырды. 1640 жылдың қыркүйегінде Жәңгірдің елшілері Батыр қоңтайшының ордасында болды. Сол кезде онда Ресей елшілері де болған еді. Меньшой-Ремезов өзінің статьялық тізімінде былай деп жазған: «Ал өзі, патша ағзамның сәлемін тапсырған кезде қоңтайшыда Хоурлықтыңұлы Ильден тайшы және Бұхараның, қазақ Ордасынан Жәңгір хандардың төрт елшісі және Далай-ламалар болды». Бұл деректер Жәңгірдің саяси қызметі өзі хан болып жарияланғанға дейін-ақ басталғанын дәлелдейді. Ол былай тұрсын, оның аты мен қызметі жоңғар қоңтайшылары Қара-Құлаға, Батырға және басқаларына мәлім болған. Жоңғар хандығы маньчжурияға қарсы ойдағыдай шабуыл жасады, 1640 жылы «Дала ережесі»қабылданды. Жоңғар тайшылары Сібір воеводаларына қатер төндірді, оңтүстіктегі көршілеріне өз ықпалын күшейте түсті. Түрлі аймақтардағы қазақтарға да жаңа қатер төніп келе жатты. Жәңгір мұны біліп, мүмкін болғанынша шаралар қолданды. Қазақ жасақтарын жинап, көрші билеушілерден көмек сұрау қажет болатын. Өз кезегінде Батыр қонтайшы да Жетісуға шабуыл жасау үшін одақ құрды. Бұл одаққа Алтын ханның ұлы Омбо-Эрдни, Батыр қонтайшының күйеу баласы Огирту-Цэцэн хан, Огиртудың інісі Абылай хан,Чокур тойшы, Солтан тайшы (холт) және көптеген ұсақ тайшылар қосылды. 1643-1647 жылдарда жаңа қазақ-жоңғар соғысы басталды. Ол осының алдындағы оқиғалардың барысымен, жоңғар феодалдарының және Батыр қонтайшының мақсатына сай дайындалған еді. Жалпы Батыр 50 мың адамдық әскер жинай алды. Бұған негізінен түрлі топтардағы жоңғарлар және олардың одақтастары – Орталық Азияның монғол халықтары кірді. 1643 жылы Батыр Тянь-Шаньнның оңтүстік сілемдеріндегі жерлердің бір бөлігін басып алды, бірнеше мың қазақтар мен қырғыздарды тұтқынға түсірді.
Сонда Жәңгір Бұхара хандығының ықпалды төресі әйгілі әмір Жалаңтөстен көмек сұрады. Тянь-Шань қырғыздарының әміршілерімен де уағдаластыққа қол жеткізілді. Олар көмек көрсетуге уәде берді. Жағдай жедел қимылдауды талап етті. Жиналған жасақпен Жәңгір Жоңғар Алатауына, Орбұлақ деген жерге жетті. Қазақ ханы сол жерде жоңғарлардың беталысын бақылап жатты. Жәңгір сұлтанда небәрі 600 қаруланған атты әскер бар еді. Бұлар таңдаулы жасақтар болатын. Олардың арасында Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Қаңлы Сарпық, Найман Көксерек, Дулат Жақсыгүл, Суан Елтанды батырлар болды.
Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір тапқыр әрі дұрыс айла-тәсіл қолданды. Оны А.И. Левшин былайша суреттейді: «Осы бір ат төбесіндей өз адамдарымен ашық шайқасқа шыға алмаған ол адамдарының 1 жартысын 2 таудың арасындағы табаны төрт сай және жанжағы биік жартас шатқалға орналастырып, өзі екінші бөлігімен таудың арғы жағында тығылып тұрды. Жоңғарлар бекініске жақындап келіп, оған лап қойды, міне сол уақытта, жердің тар болуы себепті қоршап алуға өте тиімсіз шайқаста көп адамдарынан айырылған кезде, Жәңгір оларға желке тұсынан тап берді. Бұл соққының күтпеген жерден жасалуы осы үшін таңдап алынған жауынгерлердің қаһармандығы және олардың бәрі тамаша мылтықтармен жарақаттандырылуы болды. Батырды көп шығынға ұшыратты». Жәңгір әскерлері санының осынша аз болуын екі жағдаймен түсіндіруге болады.
Бірінші жағдайды М.Тынышбаев келтірген. Ол «Жәңгірдің билігі әлі нығайыпүлгерген жоқ еді» деп жазған. Оның үстіне сол кезде Есім ханның өлгені дәл анықталмаған болатын. Сондықтан М.Тынышбаев бұл хан сайлаудың алдындағы уақыт еді деп санаған. Алайда 1628-1643 жылдарға дейінгі уақыт едәуір ұзақ мерзім. Шынына келгенде Жәңгірде әскер санының осындай аз болуы төтенше жағдайлармен ғана түсіндірілуі мүмкін, өкінішке қарай бізде Жәңгірдің хан жариялауының дәл мерзімі жоқ. Оның 1635 жылы әлі тек сұлтан екені мәлім. Жәңгірді хан деп жариялау туралы алауыздықтар мен дау-дамайлар болғанын дәлелдейтін мән-жайлар бар. Бұл атақтан басқа адамдар да үміттенген. Мұндай жағдайды Орбұлақтағы шайқас кезеңіне дейін де Жәңгірдің әлі хан деп жарияланбаған болуы керек.
Екіншіден, Жәңгір хан әскери тактикасына сай, тар жерге аз жауынгерді апарып,мейліншетиімді қимыл жасау болған деуге болады. Өйткені, Жоңғар әскері тар жерге сыймай, артқа қайта алмай, бір-біріне кедергі келтіргені мәлім. Бұны болжай білген хан, Орбұлақ шайқасына аз ғана сарбаздарын, ең мықтыларын апаруы әбден мүмкін деуге болады.
Орбұлақ шайқасында аз санды әскермен жоңғарларды талқандаған қазақтар түрлі әдістерді пайдаланып, соғыс техникасын мықты игергендігін көрсетті. Ал көмекке келген Жалаңтөстің әскері жоңғарларға күтпеген жерден тосын сый болды. Шайқаста қазақтар жеңіске жетіп, өзінің тәуелсіздік жолындағы асқан ерлігін паш етті. Бұл қазақтардың ең алғашқы үлкен жеңістерінің бірі болғандықтан, тарихтағы маңызы зор.
Қорыта келсек, бұл кезеңдегі деректерге қарағанда Жәңгір хан дәуірінде қазақтар мен ойраттар арасында үш ірі шайқас болған, біріншісі,1635-жылы, екіншісі,1643-жылы, ал үшіншісі,1652-жылы болды. Бұл соғыстарда бірде қазақтар бірде жоңғарлар жеңіп отырды.
Салқам Жәңгір қаза болған 1652 жылғы зор майдан болды, қазақ халқы үшін абыроймен аяқталған. Қаһарман ханның сүйегі жау қолына түспейді. Қазақ Ордасының астанасы Түркістанға әкелініп, арулап, әспеттеп, Әзірет Сұлтанның саясына қойылады. Басына тұрғызылған күмбез уақыт оза келе жермен жексен болған. Бар ғұмырын туған ұлтының мерейін көтеруге арнаған, сол жолда жанын қиған сайыпқыран Салқам Жәңгірдің асыл сүйегі нақты қай шаршыда жатқанын қазір ешкімде білмейді. Бірақ, артынан қалған ұрпағы оны мәңгі есте сақтап, ерлігін паш етіп, еліне жасаған қызметін ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |