І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


Әдебиеттер 1. Ақселеу Сейдімбек. 1 том. – Астана, 2010. ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫ



бет101/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   156
Әдебиеттер

1. Ақселеу Сейдімбек. 1 том. – Астана, 2010.



ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫ


Пазылбек Роза (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Ибрагимова М.Н.

Қазақтардың қайдан шыққаны турасынан бұрынғыдан қалған сөз ноғайдың Батый деген ханы Ресейдежүргенде өзінің бір Алаша деген, бір атақты әскер басшысын бас қылып күншығыс жаққа, ноғайларға, белгісіз жаңа жайды барып қарап, біліп келіңдер деп жүз жігіт жіберіпті. Бұл жіберген жігіттер іздеп барған жағын көрсе, бұл жақ кең, бай һам жүріп-тұруға ыңғайлы екен.


Бұл келген жігіттерді бұл жайында бұрыннан орнығып тұрған халықтар қуанысып күтіп алыпты. Қашан бұлардан олар біздің қоластымызға қарап, алым төлеңдер деп сұрағанда көп қарсыласпастан айтқандарына ықтияр болыпты. Жігіттер бұлардың мұнысы жаққан соң Батыйға қарамастан өз алдына хан болмаққа ойланыпты. Батый өзіне қараған халықты реттеп жөндеймін деп әуре болып жүріп, жіберген жігіттерін ойламастан ұмытып кетіпті. Бір жыл өткеннен кейін жіберген жігіттері есіне түсіп, бұл жақтағы жайдың мәнісін біліп кел деп һәм бұрынғы жіберген жүз жігіттен хабар біліп кел деп тағы да бір жүз жігіт жіберіпті.
Бұл соңғы келген жүз жігіт бұл бөтен жайда ұзақ уақытқа дейін іздеп жүріп, бұл жайдағы тұрғын адамдардың көрсетуі бойынша, ақырында бұрынғы келген жүз жігіттің тұрғын орнын тауып алыпты. Әуелгі жүз жігіт бұларды Батыйға қайтып барма, бәріміз бірігіп, бұл жақтағы халықты қараталық деп көндіріпті.
Батый бұлардың қайтқанын күтпестен тағы жүз жігіт жіберіпті. Бұлар да қайтпастан тұрып қалыпты.
Бұл қосылған үш жүз батыр дем алмастан соғысып, өздерінің халқын көбейтпекке жаһат қылыпты. Батый тұрған ордасы алыс болған соң мұндағы хатық бөлек-бөлек, ала һәм момын болған себепті соғыстан адамдарға қаратып алуға ыңғай болған еді. Бұлар өздерінің күшіне сеніп, бөлек хан болуға ойланып, халықты көбірек соғысып қаратып алып уа бұл қаратқан халықты бір жерге жинап, һәм өздері де бұларға бірігіп бір халық болмаққа ойланған еді.
Біраз уақытта соғысушы адамдар һәм бұларға қараған халықтар бір жерге жиналып, қосылып бір хандық болған еді.Бұл келген жігіттер өздері оларға бас болып, қасындағы елді шауып, керуендерді талап ала беріпті. Ноғайлардың бұл ханының жауынгер адамдардан мал-басынан қатты қорқады екен. Әр елден қылмысты болып қашып келген қашқындар бұларға келіп тығылады екен. Бұл ханға қараған адамдар өздерін өзі қазақ деп атайды, яғни бос жүрген еркін ерлер деген сөз болады. Әуелгі жүз жігітті бастап келген басшының құрметі үшін, қазақтарды алаштың жұрты деп атақ қылыпты. Ақырында алаштың жұрты көбейген соң үшке бөлініпті. Әуелгі жүздің тұқымы оңтүстікке қарай көшіп кетіп, «Ұлы жүз» атаныпты. Екінші жүздің тұқымы тұрған орнында қалып «Орта жүз» атаныпты. Соңғы жүз тұқымы күнбатысқа қарай кетіп «Кіші жүз» атаныпты. «Қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII - IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.
Академик Н.Я. Мар мен чех ғалымы Б.Грозный. Бұл пікірді академик Ә. Х. Марғұлан, тарихшы Ш. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов, т. б. қолдайды – «қазақ» атауының төркіні «қасақ»» «көсек» сөздері дейді.
Академик Ә. Х. Марғұлан – Хазарлар арасында қазар – ұғ, берішлік деген екі ірі тайпаның болғанын айтады.
А.Н. Бернштам – «қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.
Зерттеуші А.Әбдірахманов «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жазылған: оғ – көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ)- қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді.
Б.з.д. ІІ ғасырда қытай тарихшысы Бань Гуд«Хан» кітабында ортаазиялық халықтардың ішінде «се» немесе «сай» атты халықтың болғандығын жазған.
Шығыстанушы ғалым В.В.Григорьев Қытай транскрипциясы бойынша «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген.
Қытай деректерінде бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетеді.
Б.з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегіндеКаспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған.
А.А.Семенов арба немесе үймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді.
XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан«Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес.
Академик В.В.Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.
А.А.Самойлович, Ш. Құдайбердиев«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады.
Ш.Ш.Уалиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.
Т.Жанұзақов «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі –«қаз», «қас» – Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.
Н.Мыңжанұлы атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.
М.Х.Дулати Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.
Жоспардағы үшінші мәселені қарастырғанда, жүз деген сөздің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория екенін жете түсіндіру. Жүз туралы біршама пікірлер бар. Оларды кесте арқылы көрсету.
«Жүз» сөзі арабтың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғымды білдіреді. Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады.Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады. С.А.Аманжолов: «Жүздер Х-ХІІ ғасырларда пайда болды»,– дейді.
Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды», – дейді.
Қазақ жүздерінің пайда болуын аңыз негізінде сызба арқылы түсіндіруге болады.Аңыздағы үш аймақ Шыңғыстың үш баласының Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарының – жері екенін айту. Қорытындылай келе, XV ғасырдың 50-жылдары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құруы қазақ халқының қалыптасуында негізгі рөл атқарғанын, Қазақстанда халық болып қалыптасудың өзі екі мың жылға жуық мерзімді алғанын айтуға болады.
Қотанбайдың үш баласы:
• Үлкені - Үйсін
• Ортаншысы - Болат
• Кішісі - Алшын
Бұл үшеуі Сырдарияның бойын үшке бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет