І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет82/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156
Әдебиеттер



  1. Айбын. Энциклопедия. / Басред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

  2. Саяситүсіндірмесөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

  3. Қазақмәдениеті. Энциклопедиялықанықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”

  4. Төреғали Қаратаев "Аттас тарихи тқлғалар" Ақтөбе, 2002





ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР (1706-1781)


Жолдыбай Мөлдір (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Мұсағұлова А.Б., т. ғ. к.

Наурызбай Құтпамбетұлы 1706 жылы туылып, 1781 жылы қайтыс болған. Бүкіл өмірін жаугершілік заманында ат үстінде бес қаруын тастамай жаумен алысып өткізген.


Наурызбай – жоңғарларға қарсы күрескен батыр. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Тілеміс руынан. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі, он бес мың әскер қолбасшысы. Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыста өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза болған.
1726 жылы біріккен Қазақ қолы жоңғарларға қарсы құрылып, оны Әбілхайыр хан басқарады. Наурызбай 1729 жылы соғыстағы жекпе-жекте алдымен Қаскелеңді, одан кейін Шамалханды өлтірген. Наурызбайдың 1729 жылы Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте жеңген ерлігі қазақ даласына кең таралған. Жаратылысынан алып денелі, батыр тұлғалы Наурызбай қалмақтың Қаскелең батырымен шайқасқаны жәйлі былай суреттеледі: «Ала атына мініп, майданға Наурызбай беттегенде қалмақ біткен шу ете түсті. Өйткені Наурызбайдың ерекше тұлғасы олардың мысын басып кетіп еді. Қатты абыржып, жүйкесі таусылып кетті ме, Қаскелең күреңге қамшыны үсті-үстіне салып, бауырлатып – бауырлатып жіберді.
-Болды қалмақ құрыды! Бітті енді ол ашуланды, құдай бізге берді деді Қазыбек батыр.
Наурызбай мен Қаскелең соғысы көпке бармады. Наурызбай салған көк сүңгі дегеннен-ақ Қаскелеңнің жотасынан шықты. Қаскелеңді ат үстінде сүйеп тұрған найзасы екен, найза суырылғанда Қаскелеңге құлап, екі бүктетіліп түсті».
1750-1752 жылдары ол Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып, жеңіске жеткен, көп қазақты тұтқыннан босатқан. Наурызбайдың Онтағар, Жақсылық, Шәшке деген балаларынан тараған ұрпақ ХХ ғасырдың 30-жылдары үш жүз түтінге жеткен. Олар Алматы облысының Жамбыл, Қаскелең, Талғар, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарын мекендеген.
Наурызбай батырдың елін ежелден «ақындар мен батырлар елі, құт пен береке дараған жұрт» – дейді. Наурызбай батырдың үлгі тұтқан ұстаздарды кімдер еді және кейін оның жолын қуған, елі үшін еңіреп туған ерлер кімдер болды деген сұрақтың төңірегінде ой өрбітсек деп отырмыз.
Батырлардың бабасы – Жанай батыр. Жанай Шонайұлы (1536-1621ж.ж.) Шапыраштының туын көтерген батыр. Жанай қартайған шағында шапыраштының бөрілі байрағын өз қолымен Қарасай батырға тапсырып, аманаттап, ант алған. Қарасай батыр Алтынайұлы (1598-1671ж.ж.) жайлы дерекнамалар көп. Ол батырлығы, қолбасшылығы арқасында еліне ұран болған, аты аңызға айналған дара батыр.
Бес шам шапырашты аталатын елде батырлар мен ақындар, көсемдер мен шешендер, әулие – әнбие, секілді атақты да қасиетті адамдар көптеп шыққан. Екей атамыздан атақты да әруақты Сүйінбай, Жамбылдай алып ақындар, Сарыбай би Айдосұлы секілді дана би, үш жүзді таңдай қақтырған Түктібай бақсы, Мақыш балуан Райымбекұлы және де басқа тарихи тұлғалар тараған.
Есқожа ежелден үстінен құс ұшырмайтын, найзамен түйреп ет жеген, атын естіп сыртынан жауы сескенген ғажап батыр – ерлер туғызған ел. Қарасай батырдың төрт ұлы: Әуез, Өтеп, Түркпен, Көшек батыр болған. Қазақта әр атаның ен – таңбасы болған. Ежелгі ел бір-бірін сол ентаңбасы арқылы ажыратқан. Ен – таңба көбінесе бас киімде, не омырауда арнайы белгі ретінде көрсетілген. Кейде дулығада, сауыт сыртында, тіпті кейбір бес қаруда да ен – таңба белгісі ойып, әшекейлеп орнатылатын болған.
Шапырашты руының ежелден таңбасы – Ай, Тұмар. Бұл жөнінде Шоқан Уәлихановтың Жетісудағы Ұлы жүз қазақтарының этнографиясы тулалы жазбаларында, және К.Христовтың «Опыт выяснение этнического состава киргиз-казахов» – деген еңбегінде, П.Румянцев жинатып, соның басшылығымен 1913 жылы шыққан «Верненский уезд» деген кітабында және басқада да еңбегінде жазып қалдырған.
Зерттеуші – қайраткер Мұхаметжан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкент қаласында шыққан «Қырғыз-қазақ халқы тарихынан материалдар» деген еңбегінде «Шапырашты ұраны – Қарасай, таңбасы – Ай,Тұмар» – деп көрсетілген [1]. Қазақ Совет энциклопедиясында Шапыраштының таңбасы – Ай, Тұмар деп жазылған және ғылыми тұжырымдама берілген. Сондықтан да Шапырашты руының ежелден таңбасы, мөрі, нышаны – Ай,Тұмар екені ақиқат.
Ал, енді шапырашты Наурызбай батыр туған, ұлы жүз түменбасыларының бас батыры атанып ,ту тіккен, бас батыр тауы қандай тау, ол несімен ерекшеленеді?
Бас батыр Іле Алатауынның бөктерінде Қордай асуынан бері асқанда Дегерес тауымен іргелес биік тау бар. Шұбартай Сатанұлы ақын былай деп жырлаған.
Жартасты, Жалпақтасты, Серектасты,
Бозбармақ, Долаңқара, Құлжабасты.
Бәрін де он бір таудың өлең етсем
Қаскелең, үш Алматы, Қозыбасты [2].
Мұндағы үш Алматы тауы – Майтөбе, Суықтөбе, Қоңыртөбе. Майтөбе қазіргі Жамбыл ауылының төбесінде, Суықтөбе – Шиен, Қастек ауылының іргесінде, ал Қоңыртөбе Ақтерек ауылының басындағы биік тау.
Бас батыр – Қозыбасы тауының бір сілемі, тарихи қасиетті жер. Қазіргі Үңгіртас ауылынан бастап Беріктас ауылына дейінгі көлбей жатқан көкорайлы – көкмайсалы тауды Қозыбасы деп атайды, бұл жермен кезінде кеуделей ұлы Жібек жолы өткен. Қозыбасының қай жерде екендігін анықтағанда Қазақ хандығы құрылған кездегі елдің, мемлекеттердің саяси-әлеуметтік тарихи жағдайын да ескеру керек. Қазақ хандығының, дүниеге келуінің алғышарты болды деп Моғолстан, Мауреннахр және Дешті қыпшық мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуін айту керек. Осыған байланысты Әбілқайыр ханның қарамағындағы сұлтандардың қысымы арта түсті. Жәнібек пен Керей сұлтандар туындаған жағдайды пайдаланып ханнан арасын аша бастады. Қалмақтар шабуылының жиіленуі өздеріне қараған елді соңдарына ертіп, алыс аймақтарға көш түзей бастаған сұлтандарды тезге салуға Әбілқайыр ханның мүмкіндігі де азая берді.
Ал, осы Қозыбасының ең биік шоқысында Шапырашты Наурызбай батыр 1730 жылы ту тігіп, Ұлы жүзге түменбасы болып сайланады, бұл кезде оның 15000 әскері болған ол Батыр атанды. Осы Қозыбасы тауының етегіндегі Үңгіртас ауылында Қарасай батырдың қара шаңырағының босағасы мен маңдайшасы төрт ғасырдай бойы ұрпақтанұрпаққа аманатталып, сақталып келеді [3].
Сол Қарасай батырдың ұрпағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – үш ғасыр бойы күллі жұртымен аңсаған қазақ елінің тәуелсіздігін алып беріп, тұңғыш Елбасы сайланды.
Шапырашты Наурызбай бабамызға Алматы, Қаскелең қалаларында үлкен ескерткіш, бабамыз жатқан Басбатыр тауына ескерткіш, кесенесі, Жәнібек пен Керей хандар Қазақ мемлекетінің туын көтерген Қозыбасы тауында тарихи бір белгі қойылды. Сонымен қатар бабамызға арнап ғылымыи материалдар, кітаптар жарияланып, кино, телефильм түсіру, елді мекен, мектептердің біріне, әскери бөлімге, көшеге Бас батыр атанған бабамыздың атын беру жөнінде ұсыныста жүзеге асты.
Наурызбай батырдың ұрыстағы ерлігі мен алыптығы, жеңіс туын биік көтеруші қайраткерлігі және лек басқарған қолбасшылығымен қоса ел ағасы дәрежесіне дейін биіктеген адам екенін дәлелдейтін жазба деректер де бар. Бұған сол кездегі Ресейдің Пенза гарнизоны жаяу әскер полкының майоры К.Миллердің 1742 жылы 28 қыркүйекте Мемлекеттік құпиякеңесшісі И.И.Неплюевтың бұйрығымен Жоңғарға жасаған сапары жайында жазған күнделікті қолжазбаларындағы деректер куә. Дерекке қарағанда, Наурызбай батыр бұл тұста өз ұлысының биі, басшысы ретінде көзге түседі. Ресей елшісіне айтқан бір ауыз сөзінен де ел ағасы батырдың ойлау тереңдігі мен сөйлеу шеберлігі көрініс береді. Екінші жағынан, Ресей генералының қоңтайшыға жолдаған хатын батырдың өзіне оқытуды талап етуін де көңілден таса қалдыруға болмайды. Бұдан оның сауатты, білімді болғаны туралы Қазыбек бектің жазбаларының негізінде ақиқат шындық жатқаны белгілі [4].
Наурызбай ҚұтпамбетұлыАбылай ханның ту ұстаушысы болғанға дейін-ақ «батыр» деген ат алып, даңққа бөленген. Оның сондай даңқын естіп, ерлігін көзбен көргендіктен, Абылай өз қасында болуға қолқа салған. Нәтижеде Құтпамбетұлы Наурызбай батыр халықтың да, ханның да үмітін ең аяғына дейін ақтап шыққан. Наурызбай батыр алдындағы аға батырлар Қабанбай мен Бөгенбай секілді қара қазан, сары бала қамы, халық тәуелсіздігі үшін қызмет етті, сол үшін жанын шүберекке түйіп, оққа қарсы шапты. Сондықтан да оның есімі ел аузында, алып тұлғасы көптің көкірегінде сақталып қалды және мәңгіге сақтала бермек. Сөзімізді Бұқар жыраудың Наурызбай батырға арнаған мына бір жолдарымен аяқтауды жөн көріп отырмыз:

Ей, Наурызбай, Наурызбай!


Асылы едің асылдың......
Жасылы едің жасылдың,
Жауға тиер беренім
Миуа ағашта берегім,
Еңсерістен жау келсе,
Бетіме ұстар керегім.....
Арандай ашып ауызын
Серен келсе сестеніп,
Атқа шабар керенім
Өліспей тірі бітіспес,
Артықша туған өренім.
Майданның қанды өтінде,
Жасанған жау бетінде
Сені ылғи көремін...[5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет