І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет27/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   156
Әдебиеттер



  1. Амренова Р. Қазақ дүниетанымы әлеміндегі «тағдыр» концептісі. // ҚазҰУ хабаршысы.

Филология сериясы. – Алматы, 2009. – №3 (119). – 59-б.

  1. Телия В.Н. Русская фразеология: Семантический, прагматический и

лингвокультурологический аспекты. – М.: Языки русской культуры, 1995. – С. 97.

  1. Есімов Ғ. Хакім Абай. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. – 198 б.



ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ
Жеңіс Мөлдір (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Әділханова Ж.С.

Қадыр Мырзалиев – халықтың ұлттық ақыны, артына ұлан-ғайыр мұра қалдырған халықтың рухани биігіне айналған адам. Қазақ поэзясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетуге, мәртебесін көтеруге айырықша еңбек сіңірген жан. «Қазақтың Қадыры» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі.


Оның өлеңдері халықтың жүрегіне жетіп, ұлтжандылығы «мен мұндалап» әрбір өлеңінен айшықталып тұрады. Қадыр Мырзалиев нені жырламасын шебер бейнелейтін, бізге беймәлім әлемнің әр түкпіріндегі аң мен құсты, жан-жанурлар мен жәндікті тілге тиек етсе де, оларға өзіміздің қазақы теңеулер мен салыстыруларды шебер пайдаланған.
Ол объекті етіп алған дүниесі бізге таныс нәрседей көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай түсінікті. Әрбір өлеңі философялық, эстетикалық көзқарастарға толы. Бір ойын айтса соны түйіндеп, бүге-шігесіне дейін айқаындап бітпесе өлең аяқтамайды. Міне, осындай дара тұлғаға ие.
Қаламгер еңбек жолын балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. Содан бері 70-тен астам поэзиялық, прозалық, әдеби сын кітаптары жарық көрген. Өлеңдері көптеген мектеп оқулықтарына енген. Ақынның балаларға арналған өлеңдері алуан түрлі тақырыпты қамтиды. Мәселен, мамандық-кәсіп иелері туралы, аң-жануар, төрт түлік туралы, мектеп тақырыптары, оқу құралдары, әріптер, тыныс белгілер туралы тілге жеңіл, айтуға оңай, тіл дамытатын, қызықты тақырыптарды бала қиялына сай тартымды жазады. Мәселен, «Үйде оңаша қалғанда» деген өлеңінде:

«Білем не істеу керегін,


Кейде апама еремін.
Керек болса үйде мен,
Жалғыз қала беремін.
Ересектей мен есті,
Ағалармен теңестім.
Үрейленіп жылайтын,
Қорқағың да емеспін» –

деп жырлаған. Міне, бұл өлеңінде кішкентай балаларды қорқақтықтан аулақ болуға үгіттеп, ержүрек батырлыққа нәсихаттағанын көруге болады. Әрі ойға орамды, түсінікті етіп жазған.


Қадыр Мырзалиев тағы бір өлеңінде шегені тілге тиек етіп былай жазған:

«Сол шегені аға сіз,


Қолыңызға аласыз.
Ол болмаса Тағаны,
Қалай ғана қағасыз... » –

деп тұрмыста керек құралды да яғни шегенің рөлін, не үшін керек екенін түрлі мысалмен балаларға айқындап жете түсіндірген. Ақынның «Күміс қоңырау» жинағына енген шығармаларының бірінен-бірі қызықты, тартымды. Оны оқу керек.


Қадыр Мырзалиев міне, осындай балалардың дүниетанымын жоғарлататын көптеген шығармаларды тілге тиек еткен. Мұндай өлеңдері балаларды біліктілікке тәрбиелеп, балалардың әдебиетке деген құштарлығын арттарып, сана сезімін оятады. ның артына қалдырған рухани мол мұрасы ұрпақ тәрбиесіне зор ықпалды, біз оның елеулі еңбегін бағалай білуіміз керек.
Бүгінгі күні жастар балалар туралы шығармаларды оқуға қызықпайтыны рас. Ертегі, аңыздар, жаңылпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар бала ойын дамытатын, сөздік қорын молайтатын, дүниетанымын кеңейтетін рухани байлығымыз. Осы руханиятымызды еселеуде қазақтың айтулы ақыны Қадыр Мырзалиевтің қосқан үлесі ерен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет