175. Асылдың сынығы, асыл мұраның қайнар көзі, ақынның баласы Ахат Шәкәрімұлы жайында «Сом алтынның сынығы» естелік мақала авторы кім?
A. Бейбіт Сапаралы
176. 1992 жылы «Жұлдыз» журналына «Ахат Шәкәрімұлының» әкесі жайындағы естелігін баспаға әзірлеп ұсынған кім?
A. Бейбіт Сапаралы
177. 1992 жылы «Асыл арна», 1996 жылы «Шәкәрімнің лирикалық шығармалары, 2006 жылы «Ақиқат айнасы», 2007жылы «Шәкәрім» монографиясы жарық көрген. Осы еңбектердің авторы кім?
A. Балтабай Әбдіғазиұлы
178. Шәкәрімнің қай дастанынан үзінді:
Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,
Түскендей болдым абаққа.
Ардақты кенже жетім деп,
Әлпештеді мені көп.
Надандыққа болды сеп,
Қақпай ешкім қабаққа....
A. «Мұтылғанның өмірі»
179. Шәкәрім: «Қажы марқұм жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақұрым қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым» деп қай кітабында жазған?
A. «Шежіре»
180. Құнанбай қажы Шәкәрімнің неше жасында қайтыс болған?
A. 27
181.Шәкәрімнің прозалық шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі әрі көркемі
A. «Әділ–Мария»
182.Шәкәрімнің «Жолсыз жаза яки кез болған іс» қай жылы қай жерде басылып шықты?
A.1912 жылы Семейде
183.Шәкәрімнің 1924 жылы жарық көрген кітабы қалай аталады?
A. «Дубровский әңгімесі»
184.«Шын залымға берме ғылым, ол аларда оқ қылар,
Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды айла етер», – Шәкәрімнің қай өлеңінен алынған үзінді?
A. «Насихат»
185.1978 жылы Шәкәрімнің бірнеше өлеңін аудартып, орыс тілінде Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» жинағына енгізген кім?
A. М.Мағауин
186.Шәкәрім Ұлы Абай үлгісін өлшем ете отырып, қандай тамаша поэмалар жазды?
A. «Қалқаман-Мамыр»,«Еңлік-Кебек»,«Нартайлақ-Айсұлу»
187.Көркем проза үлгісіндегі Шәкәрімнің шығармалары ХХ ғасырдың басындағы ұлттық прозаға өз үлесін қосып қана қойған жоқ, оның орнығып, ілгерілеуіне елеулі ықпал жасады. Әсіресе, Шәкәрімнің қай романы қазақ топырағында жаңа қалыптасып келе жатқан көркем роман дәстүрін көркемдік мазмұнымен байыта түсті?
A. «Әділ–Мария»
188.Шәкәрімнің мұрасының тағы бір саласы–оның тарихи, философиялық сипатта жазған трактат үлгісіндегі туындылары. Кезінде ұлы Абай ұстазының ақыл-кеңесімен дүниеге келген, Шәкәрімнің жан-жақты білімдарлығын дәлелдейтін еңбектері
A. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық»
189.Шәкәрім ғылымның пайдасын, адамзат қоғамын өркендетудегі орнын жоғары бағалай келіп, ғылымды жалпыға бірдей үйретуге қарсы шығады. Оның пайымдауынша, надан, залым адамға ғылым үйретуге болмайды. Біріншеден, ондайларға ғылым қонбайды. Екіншіден, арам ниетті адамның иелігіндегі ғылым әрі пайдасыз, әрі қауіпті–деп қай өлеңінде айтқан?
A. «Насихат»
190.Шәкәрім өзінің қай поэмасының кіріспесінде бұл шығарманы көп жыл іздеп, ақыры Физули нұсқасын тапқанын, өзі соның негізінде жырлағанын жазады?
A. «Ләйлә-Мәжнүн»