206.Шәкәрім өлеңдерін М.Мағауин аудартып, орыс тілінде 1978 жылы қай жерде басты?
A. Ленинградта
207.Шәкәрім өлеңдерін М.Мағауин аудартып, орыс тілінде 1978 жылы қай жинаққа енгізді?
A. «Поэты Казахстана» жинағына
208.Шәкәрім өзінің «Ләйлә-Мәжнүн» поэмасының кіріспесінде бұл шығарманы көп жыл іздеп, ақыры кімнің нұсқасынан тапқанын, өзі соның негізінде жырлағанын жазады?
A. Физули
209.Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр»,«Еңлік-Кебек»,«Нартайлақ-Айсұлу» поэмаларын кімнің үлгісін өлшем ете отырып жазды?
A. Абайдың
210.Мұхтар Әуезовтің Шәкәрімді Абай дәстүрін жалғастырушы шәкірттер қатарына қосатын мақаласы, қай жылы басылған?
A. 1934 жылы
211.Мәмбетей мен Олжай Шәкәрімнің қай поэмасының кейіпкерлері?
A. «Қалқаман-Мамыр»
212.Шәкәрімнің бiзгe қолжазба күйінде жеткен поэмасы.
A.«Нартайлақ пен Айсұлу» 213. «Менің өсиетім – фабуланы да, тартысты да ойдан шығармаңыздар. Автордың өзi бергенде ғана алыңыздар. Өмip біздің ойымыздан әлдеқайда бай. Ең қарапайым, ең жұпыны өмірдің бергенін жүйрік қиялдың өзi де бере алмайды. Өмірді құрметтеңіздер», – деп жазған орыс жазушысы кім?
A. Ф.М.Достоевский
214. «Ақиқатты іздемеген адам қателеспейді де. Бipaқ бұл ойымда қызықтырмақ та емес». Кімнің сөзі?
A. В.Г. Белинский
215.Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» дастандары Семейдің «Жәрдем» баспасынан қай жылы басылып шықты?
A. 1912 жылы
216.Шәкәрімнің 1912 жылы Семейдің «Жәрдем» баспасынан қандай дастандары басылып шықты?
A. «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек»
217.Ш.Құдайбердіұлы поэмалары қандай тақырыпқа байланысты жазылған?
A. Махаббат
218. « Ескі қазақтар .............. iciнe тepic көзімен қараса да, осы күні көңілінің көзі ашықтар жазықсыз екенін біліп дұға қылса керек. Өлгенді тipiлтпeсем де, жандандырғандай болсын деп, биыл жүз тоқсан жыл болып ұмытылған icтi алдыңызға қойдым. Бұл әңгіме ақсақалдар аузынан да қалып бара жатыр. Сол ғашықтардың өзi кетсе де, iзi жоғалмасын дедім» деп Шәкәрім қай поэмасы туралы айтқан?
A. «Қалқаман – Мамырдың»