Идеал газдардың кинетикалық теориясы


Ықтималдықтардың таралу функциясы



Pdf көрінісі
бет21/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
4. Ықтималдықтардың таралу функциясы. Кездейсоқ шамасының 
мәні берілген
мәннен аз болуының ықтималдығы, демек 
, былай 
анықталады: 
мұндағы
функциясы ықтималдықтардың таралу функциясы деп 
аталады. 


30 
Үздіксіз өзгеретін шама үшінықтималдықтардың таралу функциясы -
ықтималдықтың тығыздығы арқылы былай анықталады: 
Осы (12.9) өрнектен - функциясы үшін мынадай өрнек аламыз: 
Формуланы пайдаланып енетін өрнектерді қайта жазуға болады. 
Мысалы, 
Бақылау сұрақтары: 
1. Ықтималдықтар теориясында оқиға дегеніміз не? 
2. Сынақ дегеніміз не? 
3. Қандай оқиғаны айқын оқиға деп атаймыз? 
4. Қандай оқиғаны кездейсоқ оқиға деп атаймыз? Мысалдар келтіріңіз. 
5. Қандай оқиғалар сәйкес емес оқиғалар деп аталады? 
§13. Жүйенің макроскопиялық және микроскопиялық күйлері 
 
1. Жүйе ұғымы. Құрамында зерттеу нысандары бар кеңістіктің шекті 
аймағын жүйе деп атаймыз. Жүйенің шекарасы материалдық болуы 
(ыдыстың қабырғасы) немесе кеңістікте ойша алынуы мүмкін және 
қозғалмайтын немесе қозғалатын болуы мүмкін. Шекара арқылы зат және 
энергия тасымалдануы немесе тасымалданбауы мүмкін. Кейде шекара 
арқылы энергияның кейбір түрі тасымалдануы мүмкін болады. Жүйе тек 
шекараның ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар оның ішіндегі заттың 
физикалық және химиялық қасиеттерімен де сипатталады. Жүйенің түрі 
қарастырылатын құбылысқа және қойылған мәселенің шарттарына 
байланысты таңдалады. Идеал газ да осындай жүйе болып табылады. 
2. Макроскопиялық күй. көлемде идеал газ болсын. Газ 
бөлшектерінің ыдыс қабырғаларымен соқтығысулары абсолют серпімді, ал 
ыдыстың массасы өте көп болсын, сонда бөлшектердің ыдыс қабырғасымен 
соқтығысулары нәтижесінде олардың қозғалыстарының күйі өзгермейді. 
Осындай жағдайда көлемдегі газ ыдыс сыртындағы материалдық 
денелермен энергия алмаспайды, демек, оқшауланған болады. Осы шарттар 


31 
орындалса ыдыс ішіндегі газ сыртқы әсерлерден оқшауланған болады және 
газ ішінде не болса да ішкі себептер нәтижесінде орын алады. Ыдыс ішіндегі 
газға жеткілікті уақыт аралығында ешқандай сыртқы әсерлер болмаса, онда 
газдың күйі стационар болып уақыт бойынша өзгермейді. Демек, осы 
«жеткілікті уақыт аралығында» жүйенің құрамдас бөліктерінде газдың 
бастапқы қысымдары, температуралары қандай мәндерге ие болса да теңесіп, 
газ уақыт бойынша өзгермейтін стационар күйге келеді. Сонымен, 
«жеткілікті уақыт аралығы»жүйенің барлық құрамдас бөліктеріндегі 
температуралар мен қысымдардың теңесу уақыты. Бұл уақытты 
қарастырылатын газдағы тасымалдау құбылыстарын зерттеу арқылы 
бағалауға болады. Мысал ретінде қысымның теңесу уақыты сол ортадағы 
дыбыс жылдамдығымен анықталатынын айта кетуге болады. Егер 
ыдыстың сызықтық өлшемі болса, онда бұл уақыт аралығы
қатынасымен анықталады. Ауа үшін дыбыс жылдамдығы
екенін ескерсек, онда ыдыс өлшемі болғанда жеткілікті уақыт 
аралығы шамамен
секунд болады. Әрине, бұл уақыт 
макроскопиялық көзқарастан өте аз сияқты, бірақ микроскопиялық 
көзқарастан өте ұзақ уақыт. Мысалы, ауа молекулалары қалыпты жағдайда 1 
секунд ішінде басқа молекулалармен 10
9
соқтығысулар жасайды. Қысым, 
температура және көлеммен сипатталатын газ күйін газдың макроскопиялық 
күйі деп атаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет