Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет3/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Көркемдік ерекшелігі: Орхон ескерткіштерінің жанрлық ерекшіліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орыналып келді. Бірі Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке , соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады.
Екіншісі –руна жазуындағы бұл ескерткіштері поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделгенкөркем туынды деп таныды. Орхон ескерткіштерін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі-академик-жазушы М.Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ерскерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: « Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де осығано райлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар». Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынанғана емес, ырғаққа, яки ритмге-үннің жүйелі , мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі-әрі буын, әрі екпін екенін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ-солбуын мен екпінге негізделеді деп айтты. Мұндай пікірлердің теорялық және практикалық мәні зор еді.
Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, яғни аллетирация жырдағы үндестікті, мәнерлілікті күшейте түсетінін ежелгі түрік сөззергерлері жақсы түсініп, бұл әдісті шебер меңгергені анық. Мысалы:
Қырқыз, құрықан, отуз татар.
Қытай, татабуқопйағы ерміс.
Қаңым қағанбунча
Қырықар туқиітійолы сүлеміс
Аудармасы:
Қырғыз, құрықан, отыз татар,
Қытай татабы-бәріжауеді.
«Тоныкөк» жыры көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазужолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер 14 циклға, 14 хикаяға бөлген. Күлтегін жырындағы сияқты мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Сонымен жинақтай келе айтарымыз: Біріншіден, Орхон ескерткіштері – түрк халықтары тарихының көп деректерінің әсерлі желісін жеткізген, эпикалық шығармалардың шағын фаулалық өрістері мен қамтыған тарихи-ерлік жырлардың ең әдепкі үлгілері.Эпостық баяндаудағы негізделген бұл ескерткіштерде жеңілуді білмегене желгі жырбатырлардай Күлтегіннің басынан кешкен қимылдары, жорық сапарлары қаншама? Тілсіз тасқа сыйғызған сол жойқын соғыс суреттерінен біз Күлтегіннің жекпе-жек шайқастарын анық елестетеміз.
Орхон жырларының негізіне түрк руларын біріктіру,,нығайту сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған. Бұлжайында Орхон жырлары: “Ер жынысының құл болды. Пәк қыздарың күң болды” деп жазды. Шығарманың ең халықтық сипаттағы жолдары – осылар деп білеміз. Аталмыш ескерткіштерде жырды шығарушылардың өмірден түйген, білген философиялықт олғаныстары да жоқ емес: “Тағдырды тәңірім жасар, адам баласы өлмекке жаралған”, “Қай халық болмасын, сол елдің ішінен пәтуасыз, жұғымсыз, жалқау табылса, онда ол халықтың қаншама соры бар десеңізші” деген данышпан Тоныкөктің сөзі қалыптасқан қағида, қазақарасында кең етекалған толғаудың түпкі сағасы тәрізді.
Екіншіден, Орхон ескерткіштері мен ежелгі қазақ эпостарын салыстырудың нәтижесі олардың арасындағы дәстүрлік байланыстардың барлығын дәлелдейді деп білеміз. Бұдан шығатын қорытынды – қазақ хандығындағы бай жыр дәстүрінің негізгі сол Орхон ескерткішіндей қаланған. Орхон ескерткішінің көркемдік ерекшелігі Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері – мазмұны мен формасы жағынан да, тілі мен көріктеу құралдары тұрғысынан да, ежелгі түркі поэзиясының нағыз классикалық үлгілері болып табылады дейді Н.Келімбетов өзінің “Ежелгі дәуір әдебиеті” атты еңбегінде. Орхон жазбалары “Оғыз-нама”, “Қорқыт” тәрізді ескерткіштерден бөлек әлемдік түркология ілімі “Құдатғу білік” (ІХ ғасыр), А.Ясауи, А.Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғасыр), “Махаббат-наме”, “Жүсіп- Зылиқа”, “Гүлістан” (ХІҮ ғасыр) тәрізді түрік халықтарына ортақ мәдени мұраларды, ақындарды атайды. Бұларды да арнайы зерттеу – кезектегі міндет.
Орхон ескерткішінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі – Күлтегін, білге Қаған, және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ. Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткішті поэзиялық туындыға қатысты барлық белгілер бар, ежелгі түркілердің әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшыларт.б. арасында түрлі пікірталастар тудырып келеді. Ал, қазір Күлтегін, Білгеқағанжәне Тоныкөк жырлары эпикалық дәстүрдегі көркем туындыекені сөзсіз. Орхон жәдігерліктерін поэзия ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі академик-жазушы М.Әуезов болды. Ол руна жазуындағы жәдігерліктердің мазмұны мен сипаты туралы айтакеліп, былай деп жазды: «олардың мазмұнын да эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әралуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастардың, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар.
Қорыта айтқанда, түркі елінің ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным-сенімін, өзіндік поэзиясын, тілін, т.б. танып-білуде Орхон ескерткіштерінің мәні аса зор. Әсіресе, жазба әдебиеттің өсіп-өркендеу процесін, халықтық эпостың табиғатын, сөз өнерінің түп тамырын зерттеп білуден руналық жазба –ескерткіштер ғылым үшін аса құнды материал болып табылады.
«Күлтегін» (684-731) ескерткіші «Білге қаған» ескерткішімен қатар бір жерде табылған. Күлтегін 731 жылы 27 ақпанда 47 жасында қайтыс болған. «Күлтегін» жыры өз алдына дербес 8 циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан дербес хикая болып келеді.
1. Қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі
2. Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді
3. Түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді
4. Көршілес табғач халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме
5. Табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайындағы хикая
6. Түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған
7. Түркі халқының даңқын көкке көтерген қаған екендігі жөнінде айтылған жыр
8. Ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған
Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір циклдың өзі үш элементтен тұрады.
1. Оқиғаның басталуы
2. Оқиғаның өрістеуі
3. Оқиғаның түйіні
Мыс: «Күлтегін» жырының 2-ші циклы – Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған:
Тоғыз оғыз бектері, халқы,
Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ.
Ілгері – күн шығысында,
Оң жақта – күн ортасында,
Кейін – күн батысында,
Сол жақта – түн ортасында,
Осының ішіндегі халықтың бәрі
Маған қарайды!
Халықты осыншама көбейттім!
Міне, осы циклдың алғашқы үш жолы – оқиғаның басталуы – қол астындағы халыққа қарата айтылған үндеу сөзі; одан кейінгі төрт жолы – оқиғаның өрістеуі – түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттеуге арналған; соңғы екі жол жыр – циклдың түйіні – түрік елінің жері кең, халқы көп екендігі айтылады. Жалпы жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етіп, байлыққа кенелткен. Жырдың идеясы – түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ата –баба жолын берік ұстауға шақыру болып табылады.
«Күлтегін» жырының қазақ эпостарымен ұқсастығы туралы айтатын болсақ, қазақ эпосында әсіресе батырдың жан серігі атының түр-түсін, шабысын суреттеуге ерекше назар аударады.
Мыс: «Қобыланды батыр» жыры:
Тобылғы меңді торы атпен
Қобыланды шапты ауылға
Немесе
Үстіңдегі түгіңнің
Жары күміс, жары алтын
Жан серігім, Бурыл ат
Жылқыда тұлпар сен едің
Ал Күлтегін мінген аттардың сыр-сипаты осылай суреттеледі:
Күлтегін боз ат мініп шапты,
Ол ат сонда лді
Ерттеулі торы атын мініп шапты
Ол ат сонда өлді
Күлтегін алып шамшы ақбоз мініп
Жауға қарсы ұмтылды
Сонымен бірге батыр өлгенде бүкіл елдің жоқтау айтуы эпостық жырларымен сарындас. Сонымен қатар Күлтегіннің 16 жасынан 47 жасқа дейінгі өмірін суреттеу, Алпамыс батыр секілді Күлтегін де суға салса батпайды, отқа салса күймейді. Оны төмендегі жолдардан байқаймыз.
Жүзден артық оқ тиді
Бірі де дарыған жоқ
«Тоныкөк» жыры көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер 14 циклға,14 хикаяға бөлген. Күлтегін жырындағы сияқты мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Қорыта келгенде, түркі елінің V-VIII ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным сенімін, өзіндік поэзиясын, танып білуде Орхон ескерткіштерінің маңызы өте зор.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет