Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет5/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Ей, мұңсыз ием, бұл мұңлық құлыңды
Жарылқап, күнәсін кешкін бұрынғы.
Үмітім тек сенде, сиындым саған,
Мұңайған сәтімде қолың соз маған.
Баласағұн дастанында ортағасырлық түркі дастандарына тән құрылымдық тұтастықтың сақталмауының екінші бір себебі аталмыш дәуірде жанрдыңтолығымен тұлғаланып, құрамдас бөліктерінің айқындалып болмағандығындажатса керек. Қалыптасу кезеңіндегі жанрларда мұндай ауытқулардың кездесуізаңды.Сонымен қатар жоғарыда аталғандай, мемлекеттік діні ислам болған елді туындаған бұл шығарманың өн бойында өзге сарындармен аралас мінәжат мәнді бәйіттер де кездесіп отырады. Баласағұн дастанынын бір ерекшелігі -ондағы тұтастай тарауларды қамтып жататын Өгдүлміш пен Озғұрмыш арасындағы сопылық сыр-сұхбатқа құрылған жырлар болып табылады.Оларда кейде жекелеген бәйіттер күйінде, кейде бес-алты бәйіт көлемінде (3703-3708бәйіттер) мінәжат мәнді жырлар көрініе тауып отырады.
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрк» («Түркі тілінің сөздігі»)еңбегіндегі өлең мәтіндері көне түркі тайпалары тудырған әдебиет үлгілерінің қатарына көреді. «Диуандағы» өлең жолдарының жекелеген сөздердің қолданыс ерекшелігін айқындайтын мысал ретінде беріліп, сөздіктің өн бойында шашырай орналасқаны белгілі. Олардың арасында махаббат және табиғат лирикасы, жорық жырлары, жоқтау үлгілері, насихат өлеңдермен қатар таза мазмұны жөнінен соғанжуықтайтын Тәңіріні ұлықтау, оған табыну мәніндегі бірқатар жолдар кездеседі: «Тәңірге тәубе еттік біз» , «Анда болып, Тәңіріне құлдық етер» ,«Құт берсе Кұдайым құлына, Күн санап ісі алға басады» , «Күн-түн табынТәңірге, менменсіме, Қорқып Одан именгін, ойнамағын» .
Төл әдебиетіміздің жазбаша туындыларында мінәжаттың дербес жанр ретінде алғаш кәрініс беруі ислами әдебиеттің біршама орныққан кезінен – XIIғасырдағы Қожа Ахмет Йасауи шығармашылығынан бастау алады. Отандық йасауитану ғылымында бірқатар іргелі зерттеулер жасалғанымен, бүгінге дейінхи кметтердің жанрлық сипаты арнайы ізденіске арқау болып көрген жоқ.Дегенмен Йасауи мұрасын әр қырынан қарастырған зерттеушілер жанр мәселесіне жанама түрде тоқтала отырып біршама орнықты пікір қалыптастырды. Х.Сүйіншәлиев, А.Ахметбек, А.И.Пылев сынды зерттеуші ғалымдар Йасауидің дастан-толғау, дастан-қисса және сопылық эпос үлгісіндегі хикметтерін бөліп қарастырған. «Диуани хикметте» түркі фольклорынанауысқан айтыс жанрлық түрінің кездесетіні аталмыш тақырыптағы алғашқы зерттеуларлен бастап белгілі. Бұл мәселеге айтыс жанрының тегі мен дамуы жөнінде іргелі зерттеу жүргізген М.Жармұхамедұлы ерекше назар аударған.
Қорыта айтқанда, қазақтың басқа да шығыс халықтарының мәдениетімен тығыз байланыста екендігін көруімізге болады. Қазақ халқының тарихи кеңістігі мен географиялық орналасуының өзі батыс пен шығыс арасында дәнекерлік қызмет атқаруына үлкен септігін тигізгені анық. Қазақ даласына тек шығыстың материалдық дүниесі ғана жеткен жоқ, сонымен қатар оның классикалық поэзиясы да қазақ әдебиетін нәрлендіріп отырды.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет