Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Ислам мәдениетінің түркі әдебиетіне әсерін көрсетіңіз



бет4/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Ислам мәдениетінің түркі әдебиетіне әсерін көрсетіңіз.

Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (Х-ХІІ ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин-ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф.Копрулузаде, Н.Банарлы және Г.Грюнебаум болды. Ал А.Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының Х-ХІІ ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым-түсінікті бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлеуге бөлу процесінде зор білгірлікпен нақтылай түскен сияқты. Ол қазақ әдебиеті тарихына талдау жасай келіп, оны төмендегідей дәуірлеуге бөліп қарастырады. «Бұрын қазақтарда жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиетінің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болды. Сөйтіп жазба әдебиетінің өзі екі дәуірге бөлінеді. 1. Діндар дәуір, 2. Ділмар дәуір. Діндар –діншіл деген мағынада, ділмар – тілші деген мағынадағы сөздер».
Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен түркі халықтарының тарихында Х-ХІІ ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа басқышы болды. Бұл кезде түркі қауымын айдай әлемге танытқан Әбу Насыр әл-Фараби, Әба Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн, Ахмет Йүгінеки, Қожа Ахмет Йассауи т.б. тарих сахнасына шықты. Басқаша айтсақ, Х-ХІІ ғасырлар «түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу – ренессанс дәуірі болды». Сондай-ақ енді ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы шығармалар бұрынғыдай араб тілінде емес, жергілікті халықтардың өз тілінде, яки түркі тілінде жазыла бастады. Араб тілі мемлекеттік тіл болудан қалды. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес еді.бұл өзгерістердің бірнеше ғасыр бойы дайындалып келе жатқан тарихи алғышарттары бар болатын.
Ислам дінінің ортағасырлық түркі әдебиетіне тигізген әсері, оның сол заманда өмір сүрген ақындардың шығармаларында көрінісін тапқан. Сондай-ақ дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын бүгінгі таңда да синтез немесе симбиоз түрінде сақтап келген.
Расында, қазақ әдебиетінің тарихында Шығыс шайырларынан, діни кітаптардан нәр алған, онда баяндалатын тәлім-тәрбиелік, ахлақи мәселелерді ана тілінде қайта жырлауға тырысқан ақындарда аз болмаған.
Жыраулар мен жыршылардың бәрі де, алғашқы сөздерін “Алланың атымен” бастап, содан соң ғана негізгі тақырыпқа кіріскен. Қарахандықтар билігінен бері ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін өмір сүрген ақындардың жырлайтын басты тақырыптарының бірі - діни мазмұндағы шығармалар еді.
Әдебиеттанушы М.Мағауин қазақ әдебиеттану мен әдебиет тарихына қатысты ой-тұжырымы туралы: “Классикалық Шығыс әдебиетінде әрбір сөз Алла атынан басталатын. Бүкіл әлемге аян атақты дастандардың барлығында ең алдымен Хақ тағалаға мадақ айтылады. Содан соң жүз ныспылы, бір кейіпті пайғамбарға сыйыну шарт”, – деп жазғанындай, қолына қалам алған ақындар өлеңдерін “Бисмилләсіз” бастамайтын болған.
Орта ғасырдан басталған осы үрдіс дүниеге келген шығармалардың басым бөлігінде көрініс берді. Түркі даласына сопылық ілімді таратқан Қ.А.Ясауидің өнегелі жыр-жолдары:
“Бисмилләһ” деп баяндайын хикмет айтып,
Талибтерге дүр мен жаухар шаштім, міне,
Риязатты қатты тартып, қанды жұтып,
Мен «Дәптер сани» сөзін аштым, міне. [3] - деген жолдармен бастаса, одан кейін Шәді төре Жәңгірұлы ақын да:
Жат еттім аузыма алып бисмилләні,
“Әррахманир-рахим-дүр” Ахад аты, – деп, “Харунның жер жұтқан оқиғасы” деген діни дастанын Алланың атымен жазған. Шәді ақынның өзі Исламның барлық шарттарын қамтитын шығармалары “Назым Сияр Шәриф”, “Назым Хайбар”, “Фиқһ Қайдан”, “Ахуал қиямет”, “Қисса Барсиса”, “Мұсаның “Тәуратты” алғаны” сияқты еңбектері қазақтың ислами әдебиетіндегі алар орны ерекше.
Осылайша Ислам діні тараған кең байтақ мұсылман жұртында Алланың аты шайыр шығармасының “кіріспесіне” айналған. Себебі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың “Кез келген қайырлы істі бисмилләмен бастаңдар” деген өсиеті кейінгі үмметіне қатты әсер еткен десе де болады.
Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталады. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі дамуына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері сол кезеңде қалыптасты.
Орта ғасырда негізі қаланған ислами әдебиетті жүйелеуде ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет және сопылық астар алған әдебиет.
Түрік халықтары рухани мәдениетінің қалыптасу, даму тарихының көрнекті тұлғалары Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік”, Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет”, Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман кітабы”, Ахмет Йүгнекидің “Ақиқат сыйы”, Бурхануддин Рабғұзидың “Қиссасул әнбия” (немесе кейде “Қиссасур Рабғұзи”), Сейф Сарайдың “Гулистан бит-түрки” сияқты Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тұсында дүниеге келген жәдігерлердің шығармалары - соның жарқын дәлелі. Бұл шығармалары қазақ поэзиясының исламдық-эстетикалық негіздері болып саналады. Ислам тарихына байланысты жырланған жыр-дастандар ұлттық әдебиетіміздің нағыз халық табиғатын танытатын маңызды шығармалар болып табылады.
«Қорқыт ата кітабының» ауызша тарала бастағаннан хатқа түсіп болғанға дейінгі аралықта бірнеше ғасырлық сүзгіден өткен көп қабатты мәтіні Тәңірлік сенімнің де, ислам дінінің де әсер-ықпалын молынан қамтитыны белгілі.Дегенмен жырлаушылар мен көшірушілердің өзіндік өңдеулері мәтін мазмұнын барынша жатықтырып, оның ислами реңкін күшейткен. «Көңіліне Тәңірім нұрқұйған әулие» Қорқыттың алғашқы нақыл сөздерінің өзі мінәжатқа меңзейтін:«Алладемейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас» деген жолдардан басталады. Қорқыттың нақыл сөздері де, Аллаға мадағы да,оғызнама жырлары да Алладан дұға тілей отырып берілген батамен аяқталады:
Ақ сақалды бабаңның жатқан жері ұжмақ болсын!
Ақ шашты анаңның жатқан жері жәннат болсын!
Ақыр соңы ар-иманнан айырмасын!
Әумин дегендер Тәңірінің жүзін көрсін!
Хақ алдында бес ауыз сөзбен дұға қылдық, қабыл болсын!
Алланың берген үміті кесілмесін!
Барша күнәңызды аты қасиетті Мұхаммед Мұстафаның нұрлы дидары
үшін кепирсін, ей, хан ием!
«Мінәжат қазақ әдебиетінде өзімен мазмұндас, бірақ түркілік тілексалтымен онте қайнасқан «бата» сөзімен өмір сүріп келе жатыр… «Бата» қазақарасында кеңінен тараған қария-даналардың ұрпағына тілейтін ақ тілегі. Осыбата-мінәжат «Алладан тілеу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінәжаттың исламдық мазмұны мен қазақтың «бата» салты әдемі үйлесімт апқанын көреміз» деген И.Жеменей пікірі орынды пайымдаудан туғанын осы тұста атап айтқан жөн. «Қорқыт ата кітабындағы» «Қазылық Қожаұлы Икенек бек әңгімесініңбаяны» жырында бас кейіпкердің «жаратқан Аллаға сиынып, құлшылықпен мадақтауы» былай беріледі:
Биіктердің биігісің!
Ешкім білмес ұлықсың!
Уаәзіз Тәнірім!
Сен анадан тумадың,
Сен атадан тумадың!
…Із-түзін білдіртпес білгір Тәңірім!
Зорлығың жоқ ешкімге, ұлы Тәңірім!
Қаһарлансаң қақыратқан Тәңірім!
Бірлігіңе сиындым, Ұлы Тәңірім!
Медет бер!
…Ісімді оңғара көр, Тәнірім!
Жаратушы есімі -дәстүрлі ислами-құрандық баламалармен берілген аталмыш мінәжаттың толық мәтінінде Құран персонаждары аталып, ондағы хикаяларға меңзеу жасалады. Мұның өзі Икенек бек атынан айтылатын жал барыту жырының тұтастай ислами сүзгіден өткенін немесе толығымен бертінде қосылғанын аңдатады. Хронологиялық жағынан дүдәмал мұндаймәтіндер мінәжат жанрының қалыптасуы- қиындық туғызады мен дамуын зерттеуде біршама. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны - түркі тілінде туындаған тұңғыш толымды дастан. Әдебиет зерттеушілерінің анықтағанындай,ортағасырлық түркі дастандарына төмендегідей құрылымдық ерекшелік тән:
1.Тәухид(Алланыұлықтау)
2.Мінәжат(лағасыйыну,жалбарыну)
3.Нағыт (Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына мадақ)
4.Мәдхия(шығармасыйға тартылатынкісігемадақ)
5.Сәбәб-и тәлиф немесе сәбәб-и китаб (шығарманың жазылу себебінбаяндау)
6.Ағаз-идастан(негізгібөлім)
7.Хатима (Қорытынды сөз)
Дегенмен, бұл құрылымдық ерекшелік барлық дастандарда бірізді қалыптасақтала бермеген, жекелеген бөліктерінің жазылмауы, кейбірінің орынауыстыруы, ішінара мінәжат жырының дастанның соңына қарай орналасуы кездесіп отырады. Тәухид пен мінәжат секілді бір-бірімен астас тақырыптықбөліктер кобіке қатар келіп, ара-жігі білінбей жымдасып та жатады. «Құттыбілік» дастанынан да осы ерекшелікті аңғаруға болады. Жазылу кезеңі исламның біршама орнығып, Қарахан мемлекетінің бас дініне айналған тұсына сәйкес келгенімен, дастанның сыртқы композициясында оқшау тұлғаланған мінәжат жыры кездеспейді. Мұнда Аллаға мадақ айтылғаннан кейін нағытқакірісер тұста екі бәйіт көлемінде сыйыну сөз айтылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет