Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет31/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Міржақып өлең өнерінің Абай таныған құдіретін мойындау арқылы оны ұлттың санасын азаттық күреске оятудың күшті құралы деп біліп өз поэзиясына азатшылдықты арқау етуі негізінде Абаймен іштей үндесіп, өлең өлкесіне өзіндік өршіл рух септі. «Оян, қазақ», «Шағым», «Жастарға».
Мағжан “ақынның ақыны” ретінде “Хакім Абайдың” сыр мен сезімге толы көңіл күй лирикасын, адамның ішкі болмысына терең бойлаған сыршылдығын, жан тебіренткен сезімнің терең иірімдерін жүрекке дөп жеткізер сезімшілдігін, жансызға жан бітірер суреткерлігін шебер игеріп, оны “европалық әшекеймен” үлбіретіп, өзіндік үлгі тауып, өзгеше өріспен ұштастырды. «Мен жастарға сенемін», «Қазағым», «Қазақ азаматы».
Сұлтанмахмұт әлеуметтік өмірдегі теңсіздік көрінісін шыншылдықпен суреттей біліп, қоғамдық қайшылықтың негізін “көкірек көзімен” көріп, нақты танып-біліп, ащы шындықты ақындар пайғамбары санаған Абайша айта алып, шыншылдық пен сыршылдықтың өрісін кеңейтті. «Кешегі түс пен бүгінгі іс», «Қамар сұлу».
Қарап отырсақ, ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар Абай ақындығынан үлгі өнеге ала отырып, ұлы тұлғаның сан қырлы, мол сырлы поэзиясының жандарына жақын, рухына үйлес, өз ой-пікірімен үндес келер тұсын үйіріп әкетіп, жаңғырта да жаңаша дамытқанын байқаймыз.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды.
Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
- деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім жаңашылдығы - шығармаларында лирикалық тақырыпты қамту ауқымының өте кең болуы. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын мөлдірете зерлеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл болмыс-бітімін барынша сезіне отырып, уакыт пен қоғам, тіршілік пен адам жайында шабыттана сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикамен де, даланың әсем көркі мен жаратылыстың тамаша кұбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да, заттар мен құбылыстар, акиқат пен болашак,, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты ойлар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз.
Дегенмен де, Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылады. Осылайша Абай шығармашылығымен үндеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет