Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Әл-Фарабидің «Поэзия өнері туралы» трактаттарындағы поэзия туралы байыптауларын пайымдаңыз



бет64/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   127
44. Әл-Фарабидің «Поэзия өнері туралы» трактаттарындағы поэзия туралы байыптауларын пайымдаңыз.
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби көп жағдайда әрбір ғылым саласында өзіне дейінгі ғұламалардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, оларды таныстыру, еске салу, ондағы ой-тұжырымдарды тың идеялармен байытып, жетілдіруді жүзеге асырады. Біз қарастырып отырған трактатта да осы үрдіс бар. «Ой толғауды дәлелдеу және данагөй Аристотель «Поэзия өнерінде» бекіткен ойды, білуге (ниет білдіргендерді) онымен таныстыру үшін еске салу осы зерттеудегі біздің мақсатымыз болып табылады». Демек, бұл трактат – грек ойшылы, «Әлемнің бірінші ұстазы» Аристотельдің «Поэзия өнері» еңбегінде қарастырылған ойларды тәпсірлей отырып, өзіндік ой-тұжырымдарын үстеуге құрылған.
Әл-Фараби поэзиялық туынды жасаудағы басты материал тіл мен оның алуан түрлі құрылымы екендігін айта отырып, сөз және оның құрамына назар аудару жөн деген ойды нақтылайды. Ақынға поэтикалық пікір керек дейді. Поэтикалық пікір дегеніміз – бұл өлең құраудың кілті. Поэтикалық пікірлердегі ұғымдардың абсолютті шындыққа немесе қиялға қатысын сипаттай отырып, Әл-Фараби оларды қалай жіктеу мәселесіне көңіл бөле отырып, поэтикалық пікірлер көлемі немесе фабулалар негізінде жіктелуі мүмкіндігін атап көрсетеді.
Поэзия өнері жөніндегі трактатында Әл-Фараби араб пен парсы поэзиясында сатира, пэан, жарыстырма өлең, аллегориялық, комедиялық, сипаттамалық және т.б. поэзия түрлерін бар екендігін, әрі олардың біршама зерттеліп жүйеге түскендігін айтып өтеді.
Әл-Фараби грек поэзиясындағы трагедия, дифирамба, комедия, ямб, драма, айной, диаграмма, сатира, поэма, эпос, риторика, амфигенезис және акустика қатарлы поэтикалық жанрларды атап көрсете отырып, олардың әрқайсысына сипаттама береді. Мысалы: «Трагедия – ол өзінің арнайы көлемі бар поэтикалық жанр».
Аристотель мен Темистиядан бері қарай айтылып, зерттеліп келе жатқан ұғымдар екенін айта келе осы жанрлар бойынша поэзиялық туындылар жазушы ақындарды да үш санатқа бөлу керектігіне тоқталады.
Поэзия өнері жөніндегі трактатында Әбу Насыр әл-Фараби ақындарды үш санатқа бөлуге болатындығын атап көрсеткендігі – қазіргі дәуірде де құнды пікір деуімізге болады. Әл-Фараби өз жіктемесі бойынша бірінші санатқа жататындарды былайша сипаттайды: «Біріншілері: табиғи дарынға және шығармашылық қабілетке әрі өлең оқу қабілетіне әрі көпшілік жағдайда не поэзия жанрында, не қандайда бір нақты жанрда керемет салыстыру мен метафораларды ойлап табу бейімділігіне ие болғандар».
Ал екінші топқа жататын ақындар: «Поэзия өнерінің заңдарымен шын мәнісінде таныс адамдар. Олар қандай салаға бармасын, оларға поэзияны көрсету құралдарының ешқайсысы немесе поэзия канондарының ешқайсысы жат болмайды. Бұл ақындар салыстыру мен метафораны шебер ойлап табу сияқты керемет қабілетке ие болады. Мұндай ақындар заң бойынша «ойшыл» ақын мәртебесін алуға лайықты», - деген сипаттамаға ие.
Әл-Фарабидің пайымдауы бойынша, Ақындардың үшінші топқа жататын ақындар тобы «алдыңғы екі топ ақындарына және олардың шығарғандарын сақтай отырып әрі салыстыру мен метафорада оларға еліктей отырып, олардың шығармашылығына еліктейтіндер жатады». Демек, бұл топтағыларға жататындар – әдепкі сипаттамада «халтурщик», «графоман» т.б. аталып жүретін, қарасы мол, ұмтылысы зор қауым болса керек.
Ғалымның айқындауынша, оларда ешқандай поэтикалық тума дарын жоқ және олар ақындық өнердің канондарын түсіну қабілетіне де ие болмақ емес. Сондықтан да, ақындардың дәл осы санатына жататындар арасында кемшіліктер мен қателіктер өте жиі болатындығына Әбу Насып әл-Фараби арнайы екпін қоя атап өтеді.
«Ең керемет (поэзия), ол – «табиғи жолмен» жасалынатын поэзия», - деп тұжырымдаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет