50. Характер, оның жасалу тәсілдеріне тоқталыңыз. Характер (әдеби характер)-көркем шығармадағы кейіпкердің мінез бітімі, ой-сезім дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат-ерекшеліктері. Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл- әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады. Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-тұтастығы, синтез деп қараған жөн. Реалистік қаһарманға тән характерді алдымен қалыптасу, өзгеріп-өрістеуі тұрғысынан алып түсіну, бағалау орынды, және осыған қоса оның өз ішкі диалектикасы да болатыны ескерілуі кажет. Xарактер белгілі қоғамдық жағдайда калыптасады, сол ортаға, өз уакытына сәйкес болады. Адамның мінез-құлқы, оның әрқилы кезеңдегі сынға түсетін екіұдай жайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой-өрісіне, сана-сезіміне байланысты. Осыған орай әдеби шығармада характер күрес-тартыс үстінде, кейіпкердің іс-әрекеті, ойниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып анықталады. Кейіпкердің бір- бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі. Әдеби кейіпкердің характері шығармада оның іс-әрекеттерін су- реттеу арқылы, психологиясы, жан дүниесі тікелей бейнеленуі, арқылы айқындалып, сондай-ақ сыр-сымбатын, бой-тұлғасын, бет-әлпетін, сөйлеу ерекшелігін көрсету, яғни жанама мінездеу арқылы жан- жақты ашыла түседі.
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек.
Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. «талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий. Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.
Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар.Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы.
Көркем әдиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.