Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді



бет67/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127
Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді:
1) шығарманың тілінің ғылымы,
2) шығарманың түрінің ғылымы.
Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді.
Әр саласы айрылып, бөлек-бөлек сөз болмақшы.
Ақын сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдёбиет, қазақша асыл сөз дейміз.
Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері:
1) тақырыбы,
2) жоспары,
3) мазмұны,
4) түрі.
Тақырып. Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы жаз болады. Той туралы болса, шығарманын тақырыбы той болады; ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін кұн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады. «Айман — Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» деген сөздер шығарма тақырыптары болады. Және бұл сөздер Айман, Шолпан, бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған «Айман — Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сөздерді көріп, кім туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сездің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмайды; өйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы пікір айтылып кетеді. Тақырыбы бар сөздер «Айман — Шолпан», «Бақытсыз Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп, оларды атағанда, алдыңғы сөздерін айтьш атаймыз: «Өзгеге, көңілім, тоярсың» деген сөзі, «Келдік талай жерге енді» деген өлеңі дейміз.
Жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады; онысы неден бастап, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам ойында белгілеп алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма сөзде де болса, жоспар болады; бірақ біреуінің жоспары тәртібі сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа, ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне сәйкес жоспары болады. «Балғожаның баласына жазған хаты» деген кішкене өлең бар,кішкене өлеңнің кішкене жоспары мынау:
1) Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіруі
2) Баласына айтқан ақылы
3) Оқыған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі
Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұнын, жоспары да үлкенірек, мынадай:
1) Құрбысының кім екені
2) Құрбысына қонуға келгені
3) Құрбысының қондырмағаны
4) Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы
5) Көңілдестігін көрсетуі
Мазмұн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз — бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сөзіміз мазмұн болып шығады.
Мазмұнның үш мүшесі болады:
1) аңдату,
2) мазмұндау,
3) қорыту.
Мазмұнның аңдатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылып шығады. Сондықтан мазмұнның бұл мұшесі шығарған сөздің бәрінде де бола бермейді. Аңдату мүше шығармаларда керегіне қарай болады.
Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді. Бұ да керегіне қарай болатын мүше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет