Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет66/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127
Жылаужоқтау өлеңі. Әйелдер жанынан суырып салып айтады. Шумақ, тармақ көлемі жырлардікіндей болып келеді. Барлық жылаулардың, адам жанын тебірентерлік ең жақсысы, ең әйгілісі Орта жүзде, ол: Айғаным Уәлиеваның 1833 жылы шешектен өлген үлкен ұлы Мамекені жоқтап жылауы, және кейіннен суырып салма деген атағы шыққан әнші әйел 14 жасында, өлген күйеуін жоқтап айтқан жылауы.
Қайым өлең, сұрақ пен жауаптан құралатын, тойларда жас қыз бен жігіттің бір-бірімен айтысатын төрт шумақты өлеңі, алдыңғы екі тармағы төртінші тармақпен ұйқасады. Кейде бұл – қайым өлеңдер жұмбақ, эпиграммалар, әзіл-қақтығыс, тіпті ұятсыз сөздерге дейін кетіп қалатын кездері болады.
Қара өлең — әдеттегі, үйреншікті өлең, бұл өлең төрт шумақты, әр шумақта жеке-жеке ой жатады. Сондай-ақ, бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе, төрт шумақты өлеңдер мағынасыз болып келеді.

47. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыштағы» сөз өнері туралы айтқан пайымдауларына тоқталыңыз.
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1)ақылға, 2)қиялға, 3)көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау,
қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау;
көңіл ісі — түю, талғау.
Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.
Өлеңге әркімнің де бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? —
деп Абай айтқандай, сөз шығаратындар көп, бірақ келістіретіндер аз болады. Сөз өнеріне жұмсалатын зат — сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады.
Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл.
Ақын тілі — айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл — ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады.
Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өзгеше өң берілмегендігінен, лебізсіз де жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң иә көсе лебіз болып айтылады.
Сөз өнері деп, асылында, – нені айтамыз?
Шығарма дегеніміз — осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады.
Шығарманың екі жағы бар:
1) тысқы тіл жағы,
2) ішкі пікір жағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет