Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Ғ. Мұстафин шығармаларындағы көркемдік дәстүрлерді нақты мысалдармен талдаңыз



бет43/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

23. Ғ. Мұстафин шығармаларындағы көркемдік дәстүрлерді нақты мысалдармен талдаңыз.
Ғ.Мұстафин өз шығармашылығы туралы: «Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам» деп көрсетеді.
Ал жазушы өмірінің нағыз творчестволық табысты жылдары 40-жылдардан басталады. Оның «Шығанақ» (1945), «Миллионер» (1947), «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1959), «Көз көрген» (1963) романдары осы жылдардың жемісі.
Қазақ әдебиетінде сөз өнерінің, жанрлық жағының жетілуіне үлес қосқан Мұстафинның өзіндік стилін танытқан шығармалары мол. Халықтың бейнелі, қанатты сөздерін орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жасай білген. Абай дәстүрін бірнеше түрлі сипатта сабақтастыра алды.
Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты тақырыпты өз дәуірімен, бірге тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген замандастарының іс- әрекетінен, көзімен керіп, бастан кешірген өмір шындығын жазу дәстүрі. Оған «Дауылдан кейін», «Шығанақ» шығармалары айғақ бола алады.
Екінші, сөз енері жайлы Абай қойған талап деңгейіне ден қойды. Абай өлеңіндегі көптеген жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені секілді. Ұлт прозасының (роман) майталман шебері Ғабит Мүсірепов те қаламынан туған жазбалардың бірқатарын әдебиет мәселелеріне арнайды. «Ой әуендері» (1978), «Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын» еңбектерін айта аламыз.
Үшінші, Ғ.Мұстафиннің алғашқы әңгімелерінің тақырыбы қазақ ауылындағы еңбек тақырыбы, кейіпкерлері төңкерістің арқасында теңдікке қолы жетіп, өздерін бұрын шексіз қанап келген үстем тап өкілдеріне қарсы күресіп, жаңа өмір құруға кірісе бастаған ауыл кедейлері. Әдебиетте әбден қалыптасып, орныққан бай мен кедей тап тартысын жазу дәстүрін Ғ.Мұстафин де жалғастырған. Бұған «Ер Шойын», «Шағатайдың жатағы» шығармалары дәлел бола алады.
Төртінші, майдан, соғыс тақырыбын жазу алдыңғы дәуірлерден қалыптасқан дәстүр. Яғни, халық батырларының ерлігін дәріптеп, тылдағы ауыр еңбектің қиыншылығын көрсету мақсатында автор «Шығанақ», «Миллионер», «Өмір не өлім» шығармаларын жазып шығарды.
Сондай тұлға, әдебиетіміздің тарихында өшпес ізін қалдырған Ғ.Мұстафин көркем проза оқитын, кітапсүйер қауымның шебер жазушысы.
Миллионер” повесі туралы болмақ.


Шығарманың басты идеясы – соғыстан кейінгі қазақ ауылдарын көркейту, оның ішінде ауыл шаруашылығының өнімділігінін арттыру, электірлендіру, жол салу сияқты мәселелерді қолға алу болып табылады. Шығармадағы оқиғалар орын алып жатқан жер – Амангеді колхозы. Басты кейіпкерлер Жақып пен Жомарттың көзқарастары екі түрлі. Қарт Жақып ескішілікті, бірқалыптылықты қалап барға қанағат тұтса, жас Жомарт ауылға жаңашылдық алып келіп, оны ары қарай дамытқысы келеді. Алайда, екеуін де алаңдататын бір нәрсе, ол – ауыл және де оның өсіп-өнуі. Бұл шығармада екі кезеңнің көрінісі айрықша көрсетілген: біреуі бұрыннан келе жатқан социализм болса, екіншісі жаңа коммунизм. Бұл көріністерге Жомарттың “Сіз колхоздың бірінші дәуірінде, социализм дәуірінде тұрсыз. Екінші дәуірдің жаңалығын сезе алмасаңыз, кем өлшеп, кейін тартуыңыз сөзсіз” деп Жақыпқа айтқан сөздері негіз бола алады [5]. Он бес жыл бойы колхозды басқарып, өз еңбегін колхозға аямай сіңіріп келген Жақып қарттың өзінен мүлдем жас Жомарттың бұл сөзі тіпті ерсі көрінді және оның жаңа жоспарларын қабылдағысы келмеді. Жомарттың жаңа жоспарлары академик Вильямс, Лысенко, Мичуриннің ауыл шаруашылығына қолданған әдістерін іс жүзіне асыру, колхозды электрлендіру, тас жол салу және де ауылға бірнеше жаңа тракторларды алып келу болатын. Соңында бұл жоспарларын жүзеге асырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мұндай жетістіктердің барлығын өз көзімен көрген қарт Жақып өзінің жеңілгендігін мойындап Жомартқа өзі орынбасар болып, ары қарай көмектесуге келіседі. Амангеді колхозы коммунизмге толық қол жеткізді. Бұл жеңіске тек Жомарт қана қол жеткізді деп айта алмаймыз. Әрине, ол істі бастап, халыққа ой тастады, ары қарай бүкіл колхоз болып еңбек етті. Жәнібек, Жантас, Жанат секілді кейіпкерлердің ауылдың көркеюіне бар күштерін салып, аянбай еңбек еткендерін көре аламыз. Колхоз социализм дәуірінен өтіп бара жатты. Талай жылдар бойы колхоздың ақшасын жеп, соңында колхоздың ақшасын алып қашқан Айдардың ұлынан және әйелінен айырылып, біржола сотталып кеткені сол кездің социализммен қоштасқанына негіз бола алады. Әрине, шындығында соғыстан кейінгі сол жылдарда халық әлі коммунизмге қол жеткізбеген болатын. Алайда, Ғабиден Мұстафин “Жолсызбен жүріп жол салмақ болдым. Барды ғана айтып қоймай жоқты да айтып, болғанды ғана айта бермей болашақты да айтуға лайық тіл тапсам екен ” деп алдына мақсат қойып, болашаққа үлкен үмітпен қарайды [6]. “Оның ерекшелігі – еңбекқорлығы, еңбек адамдарына құрметпен қарайтын еді” деп жазушының қызы Жанар Мұстафин айтқандай, жазушының осы шығармада да еңбек адамдарын ерекше жоғары бағалайтынын байқаймыз [7]. Шығармадағы әрбір еңбекқор ауыл адамы – миллионер және олардың басшысы Жомарт. Яғни, әрбір істелген еңбек, жұмыс ешқашанда жерде қалмайды. Бұл миллионерлер қазіргі XXI ғасырдың миллионер ұғымынан мүлдем басқа. Бұл миллионерлер ақша үшін емес колхоздың көркеюі үшін аянбай тер төгіп, соңында сол еңбектердің керемет жемісін көрген адамдар. “Миллионщик боламыз десеңші” деп Пахрейдің күлгеніне “Миллиардщик боламыз. Келесі көктемде электр тракторларды жерге салса, миллиардщик болмай немене” деп жауап айтқан Жомарттың сөзінен үлкен еңбектің арқасында болашаққа үлкен сенім артқанын және де сол сенімнің ақталғанын анық көре аламыз [5]. Шығарма көркем әрі түсінікті қылып жазылған. Кейіпкерлер арасындағы кішкене диалогтардан үлкен ой, мән-мағына байқаймыз. Шығарманың тақырыбы тек ауылды өркендету ғана емес, мұнда махаббат, достық, бала тәрбиесі және өмір құндылықтары туралы айтылады. Басты кейіпкерлердің бірі сұлу әрі нәзік жанды Алманың көзінен айырылғаннан кейінгі өмірі суреттеледі. Осымен жазушы адамдардың он екі мүшесі сау кезінде осының өзі қандай бақыт екенін сезе алмайтынын көрсеткісі келеді. Көзінен айырылған адам басқа сау адамдарға қарағанда сезгіш және өмірге құштар болып келеді. Шығармада егіздей бірге өскен Алма мен Жанаттың достығы Алманың күйеуі Жомартпен Жанаттың махаббатынан биік тұрғанын байқаймыз. Екі ғашық қаншалықты бір-бірін жақсы көрсе де Алмаға деген адалдықтарын, адамдық қасиеттерін сақтап, өз-өздерін тежейді. Шығарманың соңында жазушының Ленин мен Сталиннің, әсіресе Лениннің көздеген коммунизмін мадақтап жазғаны Жомарттың “Ленин көксеген электрофикация, міне, колхоз ауылын да жарқыратты! ” деген сөзінен айқын көре аламыз [5]. Шығармадағы Ғабиден Мұстафин қозғаған ауыл мәселі қазіргі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Қазіргі кезде Қазақстанда Астана сияқты үлкен қалаларды көркейтуге үлкен үлес қосылып жатыр. Алайда ауылдарды да көркейту, өркендендіру мәселелері артта қалып келе жатыр. Сол себепті, қазір көптеген ауыл адамдары қалада тұрғанды жөн көреді. Осы шығармадағы кейіпкерлер Жомарт, Жанат, Жәнібек, Жантас секілді адамдар көбейіп әр ауылды осылар сияқты көркейтуге аянбай еңбек етсе болашақта үлкен жетістіктерге қол жеткізетініміз анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет