Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82

1.  На  государственном,  региональном,  городском  и  районном  уровне    оказывать  содействие  в 

организации сетевых сообществ или активном участии в существующих сообществах, а именно

- выделении средств на широкополосный доступ в интернет;

- приобретение современных систем дистанционного обучения;

- укрепление материально-технической базы в части ИКТ;

-  разработка  и  внедрение  национальных  порталов  сетевых  сообществ  (монопредметных, 

мультипредметных, надпредметных, научно-педагогических); 

-  организация  широкомасштабных  повышений  квалификаций  педагогов  в  области  сетевого 

(электронного) обучения;

проведение различных конкурсов среди сетевых педагогов.



2.  Разработать  и  внедрить  нормативно-правовую  базу  существенной  поддержки  сетевых  педагогов, 

в  том  числе  внедрение  квалификации  «сетевой  педагог»  и  защиты  авторских  прав  интеллектуальной 

собственности разработчикам сетевых учебных материалов.

3. На государственном уровне развивать научно-педагогическую основу электронного обучения, в том 

числе осуществлять:

- выделение грантов на научные исследование, разработку методики электронного обучения, особенно 

на государственном языке;

проведение регулярных научно-практических конференций и обучающих семинаров по педагогике 

электронного обучения.

Существующие  казахстанские  интернет-сайты,  каким-то  образом  позволяющие  общаться  педагогам, 

можно разделить на сайты, созданные действительно сообществами, такие как

http://pedagog.kz/ 

Интернет-сообщество учителей Казахстана


142

http://geograph.ucoz.kz/ 



Виртуальное сетевое педагогическое сообщество учителей географии!

http://collegy.ucoz.ru/ 



Коллеги -  журнал учителей Казахстана

http://teacher-almaty.clan.su/ 



Школа - казахстанский интернет-портал

http://predmet.kz/ 



Открытый сайт для публикаций учителей

http://www.ustaz.kz/ 



Сайт открытых уроков

http://45minut.kz/ 



Республиканский сайт учителей  на казахском языке

и  персональные  сайты  учителей,  приглашающие  к  сотрудничеству,  такие  как  http://psischool.ucoz.

kz/ 

Сайт школьного психолога

http://sozpedagog.ucoz.kz/ 



Персональный сайт социального педагога

Использованная литература

1. Государственная программа развития образования республики Казахстан на 2011-2020 годы. 

Утверждена  Указом Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.

2. М.Кондакова, НП «Телешкола», Е. Подгорная, Центр дистанционного обучения Интернет-школа 

«Просвещение.ru», Сетевой учитель и палитра его возможностей

http://upr.1september.ru/article.php?ID=200800308http://upr.1september.ru/article.php?ID=200800308 

(03.11.12).

3. Н.А.Замятина  Сетевые педагогические сообщества как форма профессионального развития 

учителя.

http://oit.uni-dubna.ru/metod/11_12metod/Setevie_pedagogicheskie_soobshchestva..pdf (03.11.12)

4. Открытый класс. Сетевые образовательные сообщества. 

http://www.openclass.ru/wiki-pages/21772 (03.11.12)

5. А.Р. Джандигулов Сетевые образовательные технологии: мировые тенденции и казахстанский опыт. 

Материалы республиканского семинара по проблемам дистанционной технологии обучения. Шымкент, 

21-22 апреля 2009 г. с.11-15.

БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА СЕРПІН – ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫ «ҚАЗАҚСТАН 

ТАРИХЫ» КУРСЫН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Марсали Р. Ө.

Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 12 

жылдық білім беру мазмұны мен әдістемесі кабинетінің меңгерушісі, ұлттық тренер

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Автор мақаласында Бағдарлама аясындағы  оқытуды жетілдірудегі  Оқыту үшін бағалау (формативті) 

мүмкіндіктерін ашып көрсетеді және олардың түрлері мен тәсілдерін жіктейді. Мұғалімдер мен балалар 

үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек 

екенін  білу  маңызды.  Осыған  байланысты  автор  формативті  бағалау  жайлы  айтылған  идеяларды, 

сондай-ақ осы идеяларды Қазақстан тарихы пәнін оқыту үдерісінде пайдалану жолдарын қарастырады. 


143

Аннотация

В  статье  автор  раскрывает  возможности  оценивания  для  обучения  (формативное)  и  дает 

классификацию их видов и способов в совершенствовании обучения в рамках Программы. Для учителя и 

обучающихся важно знать каких целей надо достичь, понять зачем надо знать критерии достижения 

целей. В связи с этим автор рассматривает идеи о формативном оценивании, также пути использования 

этих идей в процессе обучения истории Казахстана.

Abstract

The author writes about the possibilities of assessment for learning and a classifi cation of their types and 

ways to improve learning the programme. She reports that the teachers and students should achieve the goal 

and they should understand why it is necessary to know the criteria while achieving the goal. She examines  the 

idea of formative assessment and writes how to use these ideas in the process of teaching the subject History of 

Kazakhstan.

Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық 

жаңа  тәсілдермен  тығыз  байланысты.  Балалар  өздерінің  түсініктерін  құра  алатын  белсенді  оқушылар 

болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені 

ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет. Соңғы зерттеу 

жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны білім беру мен білім 

алуда қолдану мүмкіндігіне серпін берді. 

Аталған  Бағдарлама  осы  еңбектерде  айтылған  идеяларды,  сондай-ақ  осы  идея  негізінде  құрылған 

білім  беру  мен  оқыту  стратегияларын  қарастырады.  Мұғалімдер  мен  балалар  үшін  өздерінің  қандай 

мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Осыған 

байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады.

Оқытуды жетілдіру мүмкіндіктері мен олардың әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау 

формативті немесе Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) болып табылады. Бұл тұжырымдама 1989 жылдан бастап 

зерттеу жүргізген  Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобының (Assessment 

Reform Group) зерттеу нәтижесі бойынша 1999 жылы анықталған. 

Бағалаудың  мақсаты  жіктеу,  сертификаттау  немесе  оқытудағы  жетістіктерді  шамалау  үшін  оқытуды 

қорытындылау  болса,  онда  бағалау  өзінің  функциясы  бойынша  жиынтық  болып  табылады  және  оны 

басқаша оқытуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының болашағына немесе оның мұғалімінің 

не  болмаса  мектебінің  мәртебесіне  ықпал  етуі  мүмкін  болатын  шешім  қабылдау  үшін  қолданылатын 

жағдайда (яғни бағалау анықтаушы мәнге ие болатын жағдайда) оны сенімді өлшеуіштермен қамтамасыз 

ету керек. Бұл үшін арнайы тестілерді қолданылады. Мұндай бағалаудың мақсаты қандай?

Мен,  оқыту  үшін  бағалау  теориясын  зерттеуде    Р.Шакиров,  А.А.Буркитова,  О.И.Дудкиналардың 

«Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау»  атты  әдістемелік  нұсқаулығындағы  бағалау  негіздерімен 

таныстым [4].    Ол  әдебиеттен  менің  білгенім:  формативті  бағалаудың  оқушыларды  оқытудағы  тұлғаға 

бағытталған білім берудің құрамдас бөлігі екендігін зерделедім. Менің содан соң мұғалімнің бағалаудағы 

рөлі  туралы  көзқарасымда  белгілі  бір  өзгеріс  қалыптасты.  Тұлғаға  бағытталған  технологиялар  оқу 

үдерісін  ұйымдастыруды  субьектілер  арасындағы  ынтымақтастық  негізінде  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 

береді. Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзараәрекет үзілмейді, ол мадақталады. Баға үздіксіз жүзеге 

асырылады, соның ішінде сапалы нәтижеге деген қозғалыс үдерісі бағаланады. 

Оқушы өз бетінше және саналы түрде өз олқылықтарын анықтайды және оларды жоюда мұғаліммен 

бірге  жұмыс  істейді.  Бақылау  тізбегінің  бір  ұшы  оқушыға  өтіп,  оқыту  мен  оқуды  өзіндік  бақылау  мен 

өзін-өзі бағалауға ауысады. «Оқыту мақсаттары «әдетте сырттан беріледі» ... және мұғалімнің назарында 

болады, «Оқыту – индивидтің  әрекет  тәсілдерін  меңгеру  және  бекіту  (немесе  өзгерту)  үдерісі  болып 

табылады» және ол оқушының өзінің күш-қуатымен байланысты. «Оқу нәтижелері – жеке тәжірибенің 

бөлшектері  (білім,  білік,  дағды).  Оқу – оқушының  күш-жігері,  жеке  қажеттіліктері  және  мотивтерін 

білдіретін ішкі үдеріс» [5, 14-б.].



144

Әдетте “баға – жазалау құралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін 

осы әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының 

пәнге,  мұғалімге  деген  кері  көзқарасын  қалыптастыруы  мүмкін. «Жақсы  сөз – жарым  ырыс»  дегендей 

оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл 

әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз. Оған қоса, мұғалімнен тек жақсы 

баға алу үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі болса, төмен баға алған балалардың «нашар баға» 

алуға үйреніп алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады?  

Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең 

меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай 

қолдануға  болады?  Сондықтан  мен  бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  бағалау  арқылы  тақырыпқа,  сабаққа 

оқушылардың қызығушылығын арттыруды мақсат етіп қойдым. 

Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою 

жолымен бағалайды. Олар бағалаудың қандай түрін қолданса да, оның артында тек қана объективті немесе 

жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы 

және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға 

қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).

Білім беру мекемесіндегі іс-әрекеттегі зерттеу барысында бағалауды жаңаша жүзеге асыру тәжірибесін 

Қызылорда  көпсалалы  гуманитарлық-техникалық  колледжінде, «Қазақстан  тарихы»  пәнінде  қалай 

қолдануға, қалай тиімді етіп үйретуге болады деген жалпы сұраққа жауап іздеуден бастадым. 

Қазақстан тарихын колледж базасында оқуда оқушыларда қандай қиындықтар бар? Бұл қиындықтар 

шынайы ма әлде ойдан шығарылған қиындықтар ма? Оны үйретудің оңай жолдары бар ма? деген сұрақтар 

өздігінен туындады. Бұл үшін мен сыныптағы оқытуды бағалау және оқытуға арналған бағалауды анықтау 

мақсатында оқушылармен сұхбат жүргіздім. Оларға:

- Сіздерге мұғалімдердің оқыту әдістері ұнай ма?

- Өзіңіздің оқуға деген ынтаңыз бен алып жатқан біліміңіздің арасында сәйкестік бар ма?

- Сенің білімің қалай бағаланады, бағалау әдістеріне қанағаттанасың ба?- деген сұрақтар беру арқылы 

оқушылардың  пікірін  білдім.  Ол  үшін  сабақтар  тізбесінде  оқыту  үшін  бағалау    мүмкіндіктерін  қалай 

жоспарлауға  болады?  Оқушылардың  үйренуі  іске  асқандығы  жайлы,  үйрету  көріністері  кезінде  қандай 

айқын дәлелдер жинақтау қажет?

«ХІХ  ғасырдың  І  жартысындағы  қазақ  елінің  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайы» 

тақырыбындағы жаңа сабаққа кіріспес бұрын, үй тапсырмасын сұрауда «Тұлғаны таны»  және «Аяқталмаған 

тезис»  әдістерін  жоспарлап,  өткіздім.  Аталған  әдістердің  көмегімен  оқушылар  өткен  сабақтағы  оқу 

материалын қаншалықты меңгергенін білгім келді. Балалар алғашында жеке жұмыс жасады, 3 минуттан 

соң жұптық жұмысқа көшті, оның мәні тапсырманы тексеріп, толықтырып, бағалау.

Тапсырмалар орындалып болғаннан соң, нәтижелерін ортаға салдық. Сабақ соңында баға алып, білімін 

қорытқан оқушылардың да өздеріне қанағаттанып, шаттанғанын көре алмадым. Сондықтан мен бағалау 

арқылы  тақырыпқа,  сабаққа  оқушылардың  қызығушылығын  арттыруды  ойластырдым  Қорытынды: 

оқушылар өзін-өзі де, жұптық жұмыста да бағалауға дайын емес екендігін көрсетті.

Іс-әрекеттегі зерттеу барысындағы сабақтар тізбегінде мен жаңа мақсат қойдым, ол формативті бағалау 

техникасын зерделеу, меңгеру және барынша ұтымды пайдалану.

Бағалаудың негізгі мақсаты алынған оқу нәтижелерінің алдын ала жоспарланған күтілетін нәтижелерге 

сәйкестігін анықтау болып табылады. Бағалау:

- оқушының назарын оқыту мақсаттары мен табысқа қол жеткізу өлшемдеріне аудару;

- мұғалімнің әрекетін әрбір оқушының жеке дамуының технологияларын жетілдіруге бағыттау, оның 

ішінде:


- оқушыға ары қарай оқуға арналған шешім қабылдау үшін қажетті (өз күш-жігерін қайда бағыттау, 

неге көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзету, т.б.) ақпаратты ұсыну;  

- оқушының өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;


145

- оқушылармен кері байланысты тұрақты орнату; 

- оқушыларды ары қарайғы мақсатты оқуға мотивациялау; 

-  оқушыларға  олардың  жұмыстарының  сапасы,  мұғалімдерге  оқушылардың  жетістіктері  ата-аналар 

мен қауымдастыққа оқыту нәтижелеріне қол жеткізу дәрежесі туралы ақпарат беру; 

- мектеп бойынша есептілік саясатын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады [4, 28-б.].

4  сабақтан  тұратын  сабақтар  тізбегінде  мен  оқыту  үшін  бағалауда  мынадай  әдістерді  жоспарлап, 

қолдандым:  



Жинақтау  немесе  сұрақтарға  арналған  карточкалар – оқушыларға  үлгерімі  мен  қабілетіне  қарай 

деңгейлі сұрақтар берілген карточкалар үлестірілді. Мысалы: Гүлжайнаға үй тапсырмасында, сыныптағы 

жұмыста да жеке күрделендірілген тапсырма берген болсам, Жайғали, Жанболат, Айжандар жеңілдетілген 

сұрақтармен жұмыс жасады.

  Бағдаршам – әр  оқушыға  бағдаршамның  үш  түсіне  сәйкес  карточкалар  үлестірілді.  Оқушылардан 

сұрақтың дұрыс-бұрыс-тығын сол түсті карточкаларды көтеру арқылы бағалауын сұрадым. Дұрыс жауап 

– жасыл, бұрыс жауап- қызыл, қалыс қалса – сары. Алынған жауаптардың қорытындысымен кімнің жаңа 

сабақты  қаншалықты  меңгергенін  анықтап,  жауаптардағы  қателерді  оқушылардың  өзін  тарта  отырып, 

түзету жұмыстарын жүргіздім.  

Бірминуттық  эссе – оқушыларға  тақырып  бойынша  не  білгенін  түсіну  үшін  кері  байланыс  жасау 

мақсатында қолдандым. Мұнда оқушылар 1 минуттың ішінде конспектілеріне: бүгінгі сабақта ең басты 

нені білдім және  нені түсінбей қалдым - деген сұрақтарға жауап жазды. 

Тіл жәрдем – мұнда мен оқушыларға аракідік сабақтың негізгі түйінді идеясын естеріне салып  немесе 

жауапты дұрыс бере білу үшін көмек көрсетіп отырдым.



Бағалау парақтары – өзін-өзі бағалау парақтарын мен зерттеу кезінде оқушылардың сабақ барысында 

алған  білім,  білік,  дағдыларын,  құзыреттіліктерін  бағалату  мақсатында  қолдандым.  Бағалау  парақтары 

маған оқушылардың даярлық деңгейі, оқушының даму динамикасы, оқыту үдерісін ары қарай жетілдіруге 

қажетті қадамдар жасауға мүмкіндік берді. 



  Формативті  сұрау – бұл  әдетте  белгілі  бір  материал  таныстырылымынан  кейін  болатын  тексеру 

формасы.  Мысалы,  «ХІХ  ғас.  Қазақстанның  экономикалық  жағдайы.  Қазақ  ауылдары.  Мәдениеті» 

тақырыбындағы  сабақ  барысында  «Заман  құрдас»  әдісі  арқылы  «Қазақ  ауылының  жағдайы»  туралы 

таныстырылым  ұсынылғаннан  кейін,  келесі  қадам  сыныппен  жұмыста    «Ой  атысы»  ойыны  арқылы 

«Мәдениет  деген  не?»  деген  сұрақ  бойынша  (топтарға    А1  форматты  флипчарт  таратылып,  оқушылар 

«Сегізқол » әдісімен мәдениет туралы ойларын жазып, қорғады). Қорғау аяқталғаннан кейін мен топтарға :

- «Мәдениет өзгереді ме әлде тұрақты ма?»; 

- «ХІХ ғ. және ХХІ ғ. мәдениеттері несімен ерекшеленеді?»;

- «Біз қандай түйінді ұғымды алу үшін әрекет еттік? – деген қосымша, нақтылаушы сұрақтар қойдым.

 Формативті тест – оқушыларды шағын 4 топқа  ерікті түрде бөліп,  тест сұрақтары мен жауаптары 

бар парақ үлес-тірдім. Оқушыларға тест сұрақтарын топтарда талқылауға уақыт берілді және талқылау 

біткеннен соң әрқайсысы жауап парағын жеке толтыратындығын ескерттім. Әр оқушының ұпайы бөлек 

есептелді. Сондай-ақ оқушыларға олардың топтың шешімімен келісу-келіспеу еркі бар екенін, әркім өзінің 

дұрыс деп тапқан жауабын белгілеуі тиіс екенін де ескерттім, өйткені топтық талқылауда ортақ келісімге 

келу міндетті емес. Нәтижесінде оқушылардың барлығы дерлік тек өз жауаптарын белгілгені анықталды, 

өйткені  топтық  саралау  барысында  бір  сұраққа  топ  мүшелері  әртүрлі  жауап  берген,  бұл  әр  оқушының 

өзіндік байламы бар дегенді білдірді. 

«Мен саған, сен маған» - бұл әдісті мен жеке жұмыс аяқтал-ған соң екі оқушы жауаптарымен алмаса 

отырып, бірін-бірі ба-ғалауда жиі қолдандым. Мақсатым – бірін-бірі бағалауға машықтандыра түсу.



Жаңа  материалдың  игерілуін  тексеруге  арналған  жаттығу – мұнда  «1867-68  жж  Уақытша  ереже. 

ХІХ  ғас.  ортасындағы    ұлт-азаттық  көтерілістер.  Патша  өкіметінің  отарлау  саясатының  тереңдеуі» 

тақырыбындағы сабақта «Меню» әдісімен оқушыларға: «Болжау», «Түсіндіру», «Жинақтау», «Бағалау» 

деген  жазуы  бар  төрт  түрлі  шаршы  таратылды.  Әрбір  окушы  өзіне  түскен  шаршыға  сәйкес  жаңа 



146

материал бойынша тапсыр-маны орындады. Соның ішінде: егер оқушы «Болжау» шаршысына ие болса 

-  «Реформаның дайындалуы және бекітілуі?»;

«Түсіндіру» - «Көтерілістің себептері?»;

«Жинақтау» шаршысының иесі – «Көтерілістің басталуы мен көтеріліс ошақтары туралы»;

«Бағалауда» - «Көтерілістің  негізгі  ерекшелігі»  деген  сұрақтарға  жауап  берді.  Бұл  тапсырманы 

орындауда мен оқушыларды деңгейге бөлгенім жоқ. Өйткені бұл сабақтар тізім-демесіндегі реті бойынша 

3-сабақ болатын, оқушылар өз ойларын ортаға салуға төселіп қалғандығын есепке алдым. 

Үш  сөйлем – бұл  әдіс  бойынша  оқушылар  қолдарына  үлестірілген  материалды  үш  сөйлеммен 

тұжырымдауы тиіс болды. Яғни бұл әдіс арқылы мен оқушыларды негізгі ойды тауып, қысқаша баяндауға 

дағдыландырғым келді. Нәтижесі жақсы.

Бір  сөзбен  қорыту – «ХІХ  ғас.  Қазақстанның  экономикалық  жағдайы.  Қазақ  ауылдары.Мәдениеті» 

деген сабақта  «Алқа билер сотының шешімі» атты рөлдік ойында  әр топ «1867-68 жж Уақытша ережелерді  

енгізудің  салдары»  атты  сызбаны  талдау,  бағалауда  интерактивті  тақтада  көрсетілген  түйіндермен 

танысып, дауысқа салып, дұрыс деп тапса «Келісемін», қатесі болса «Келіспеймін» деген 1 ғана сөзбен 

жауап беру тапсырылды, нәтижесінде үш топта нақты 1 ғана жауап берді және оқушылар өз жауаптарының 

дұрыстығына көз жеткізген кезде өте қуанышты сезімде болды. 

Зерттеулерге сүйенсек, жәй ғана баға қойғаннан гөрі түсіндірме жасаған жақсырақ (Вlack et al,1998)

Өйткені  баға  қоймай,  түсіндірме  жазылса,  оқушылар  оны  міндетті  түрде  оқиды.  Сондай-ақ,  оқушылар 

өздерін бағаласа болады, кейбір зерттеулерде (мысалы, Крэйн мен Уинтербод, 2001) оқушылардың бірін-

бірі бағалауы үшін кітапшалар, буклеттерді де пайдаланған. 



Вербальды емес бағалау - бағалаудың кең тараған түрі. Оқушыға тапсырманы қаншалықты табысты 

орындап  жатқандығын  білдіру  өзінің  оң  нәтижесін  берді.  Мен  жұмысы  үшін  баға  қоймағанмен,  оның 

жүзінен өзінің жұмысына деген қанағаттанушылық сезімін байқадым. Нәтижесінде оқушы онан да жоғары 

табысқа жетуі үшін не істеу керектігін түсінеді. 

Өзін-өзі  бағалау  оқушылар  өзінің  оқуы  туралы  ақпарат  жинайтын,  оны  талдап,  өзінің  өскендігін 

талдайтын үдеріс. Менің тәжірибе барысында түйген негізгі ойым - өзін-өзі бағалаудағы басты талап, бұл 

жұмысты бағалау өлшемдерінің нақтылығы және оқушылар ол өлшемдерді тақырыпты зерделемес және 

тапсырманы орындамас бұрын міндетті түрде білуі керек. 

Менің бұл зерттеуді жасаған   себебім – оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалауда қиындықтарға тап 

болды.


Менің  қорытынды ұсыныстарым:

оқушылардың бірін-бірі бағалауы, олардың білім алуына көп септігін тигізеді;

–  алдағы  зерттеу  циклында  өзін-өзі  бағалауды  мұғалімдердің  біліктілік  арттыру  курстарына  енгізу. 

Сондай-ақ, кері байланысты орнату мақсатында мұғалімдер арасында «Мен саған, сен маған», «Ішкі жағы-

сыртқы жағы» әдістерімен мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

– аталған әдістерді өзге әріптестерімнің де қолдануына көмек көрсету; тарих пәні мұғалімдерінің пәнді 

оқыту әдістемесінде қолдануына жағдай жасау;

- зерттеу тақырыбы аясында әдістемелік нұсқаулық дайындау.

Осылайша, мен формативті бағалаудың сыныптағы микроклиматты өзгертуге әсер ететін факторлардың 

бірі екендігіне көз жеткіздім. Өйткені жасалған тәжірибе негізінде менімен оқушылар арасындағы өзара 

қарым-қатынас  өзгерді,  оқушының  оқу  мен  танудағы  дербес  табыстарға  деген  құлшынысы  оянды, 

оқушылардың оқу көрсеткіштері жақсарды, білім алуға деген жауаптылығы артты, жалпы алғанда білім 

беру жүйесіндегі сапалық деңгей артты. 

Қолданылған әдебиет:

1. Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Культура и педагогика.] Wiley-Blackwell 2. Assessment 

Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным.] University 

of Cambridge Faculty of Education.

2. Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру және білім 

беру.] University of Cambridge Faculty of Education.



147

3. Шакиров Р.Х., Буркитова А.А., Дудкина О.И. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау// «Оценивание 

учебных достижений учащихся. Методическое руководство.Б.: «Билим», 2012.

4. Низовская И.А.Словарь программы «Развитие критического мышления через чтение и письмо». – 

Бишкек:ОФЦИР, 2003.  

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей,2012, 28 б.



ПОСЛОВИЦА В ЯЗЫКОВОМ СОЗНАНИИ ШКОЛЬНИКА

Мезенцева Е. С. 

кандидат филологических наук

Южно-Казахстанский государственный педагогический институт, г. Шымкент

Республика Казахстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет