ҒАЛАМТОР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҰСТАЗДЫҢ АҚТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ДАМУ ОРТАСЫ
Маулиева С. С.
С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі
Степногорск қаласы, Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Осы баяндамада ғаламтордағы ұстаздар қауымдастығының мақсаты мен міндеттері, тәрбиеде
және тәжірибеде қауымдастықтың рөлі, оның артықшылығы мен кемшіліктері зерттелген. Ғаламторда
ұстаздар өздері жасаған еңбектері мен жаналықтармен өзара алмаса алуы және бір-бірлерінен үйренуі,
білім беру жүйесінде «ғаламтордағы ұстаздар қауымдастығы» глобалдық, сұранысқа ие жобалардың
бірі екенін дәлейдейді. 10 мықты білім сайттардың рейтингісі кесте ретінде және ұстаздар арасында
«Қандай мақсатпен ғаламтордағы қауымдастықты қолданасыз?» атты өткізілген сауалнаманың
қорытындысы жасалған.
Аннотация
В данной статье рассмотренны и исследованы цели, задачи сетевого сообщества учителей, применения
их на практике и в воспитательных целях. Также выявлены недостатки и приемущества сетевых
сообществ. Обмен находками и наработками между коллегами доказывает, что «сетевое сообщество
учителей»- один из глобальных и востребованных проектов в сфере образования. Дан рейтинг в виде
таблицы образовательных сайтов, которые вошли в топ 10-ку и анализ анкетирования среди учителей «
C какой целью они используют сетевые сообщества?».
Аbstract
In this report the author considered and studied the goal and objectives of online community of teachers
and how online communities are using in practice and for educational purposes. Also the author identifi ed
shortcomings and advantages of network communities. Sharing with fi ndings and best practices among colleagues
122
proves that “an online community of teachers,” one of the global and demanded educational projects. Given a
rating of educational sites in the form of tables, which entered the top 10 of the survey and analysis of teachers’
questionnaire answers to the issue «For what purpose do they use online communities?».
1. Ғаламтордағы ұстаздар қауымдастығы. Қазіргі уақытта әдістемелік қызметті модернизациялау
барысында, білім беру мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шаралары инновациялық мінез
алуда. Глобалдық жобалардың бірі, табысқа жетелейтін, жаңа, әрі жаңа аумақтарды қамтып жатқан
«ғаламтордағы ұстаздар қауымдастығы» ұйымысыз заманауи шығармашылықтарды және білімдік
қызметтерді елестеу қиын.
Ғаламтордағы ұстаздардың кәсіби қауымдастығы дегеніміз не? Бұл тордағы жаңа кәсіби белсенділіктің
бір түрі. Кәсіби ғаламтор қауымдастығы – бұл ресми немесе ресми емес кәсіби ұжым,олар пәндер
немесе өзекті мәселелер бойынша жұмыстар атқарады. Бұндай қауымдастықтар әдейі жоспарланып,
ұйымдастырылып немесе бұйрық жүзінде құрылмайды. Қауымдастықтың мақсаты - ғаламтор арқылы
әр жастағы адамдарды ойлауға және іс-әрекет жасауға үйрету. Ғаламтор қауымдастықтың формуласы =
қатысушылардың қарапайым іс-әрекеттері + хаттармен алмасу + әлеуметтік қызмет атқару. Ғаламтордағы
білім қауымдастықтың міндеті- білім үрдісіндегі ұстаздарды, мектеп әкімшіліктерді, оқушыларды, т.б. ара
қашықтық қарым-қатынасқа жұмылдырып, ұйымдастыру. Ғаламтордағы кәсіби қауымдастығы еліміздің
түкпір-түкпір жақтағы ұстаздардармен, шет елдер әріптестерімен кәсіби мәселелерді шешуге шақырады.
Осындай нәтижелі жұмыстар ұстазға өзін-өзі жетілдіріп дамуына және өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауына
мүмкіндік береді. [1, 171-б]
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың негізгі шартың бірі- мектептерді жаппай
информатизацилау үрдісі болып табылады. Осы мәселені шешуде ауқымды көлемде ғаламторды үнемі
қолдануымыз керек. Тор жүйесін қолдану арқылы әлемде көптеген жаңашыл белсенділіктер өмірге келуде.
Біздің ел де ғаламтор алаңына өз сайттарын енгізуде. Осы көптеген сайттар Қазақстанның білім ғаламтор
қауымдастығы сияқты әлі тым жас , сондықтан оларды дамытуды және қоғам жағынан қолдауды қажет
етеді. Ал дамыту үшін қандай концепция мен желілік бағдарлама қажет?
Ғаламтордың жаңа даму концепциясын Веб 2.0 деп атайды. Бұл концепция өз танымалдығын алғанына
себеп бар. Веб 2.0 дәстүрлі тор жүйесінен артықшылығы кез келген ғаламтор тұтынушысы өз үлесін қосу
арқылы торға өзгерістер енгізе алады. Веб 2.0. - торлық қызмет,заманауи жаңалықты, бағдарламалық
торды қамтамассыз етеді және ұжымдық қарым-қатынасты орнатады. Ұжымдық қарым-қатынастың іс-
әрекеттері:
• тұлғалық: өз ойын жазу, жазбалар және мультимедиялы файлдарды жариялау;
• коммуникациялық (мессенджерлер, почта, чат, форумдар)
2. Педагогикалық тәжірибеде ғаламторды қалай қолдануға болады? Әлеуметтік қызмет пен
ғаламтор ішіндегі қауымдастықтар педагогикалық тәжірибеде мынандай мүмкіндіктер ашады:
1. Ашық, бос және тегін электрондық ресурстар. Тордағы әлеуметтік қызметтің кең ауқымды
таралуыдың артықшылығы: көптеген қажет материалдарды ала отырып, сабақ барысында қолдана аламыз.
Тордағы ұстаздар қауымдастығы өздері жасаған сандық ақпарат ресурстар мен бағдармалық агентермен
өзара алмасып, бір бірлерінен үйренеді.
2. Өздігімен оқу мазмұнын құра алады. Баспаларды жариялау мүмкіндігі жеңіл жолға қойылған. Енді
әр азамат сандық коллекцияға өз баспасын жариялай алады. Өз әуенің, әнің,жаңа мәтіндер,фото суреттер,
жай суреттерін қоса алады.
3. Ақпараттық білім мен біліктілік. Ақпараттық орта адамдардың қызығушылығын оятып, тұтынушының
назарын өзіне жылдам, әрі жеңіл тартып алады, өйткені бұл ортада информатикалық білім қажет емес.
Олар бұл жүйеге кірсе болғаны, тұтынушылар бір-бірлерінен форум арқылы сұрақ қою арқылы көп нәрсе
үйренеді.
4. Қауымдастықтың тәжірибесін қадағалау. Оқушылар жоғары кәсіби дәрежелі ғылыми қауымдастыққа
кіре алады. Сандық есте сақтау, агент және тор біздің ғана ойлау дәрежесін өсірмей, сонымен қатар өзге
адамдармен бірігіп, жұмыс жасауына мүмкіндік береді. [2]
123
Бұл қауымдастықтың тәрбиелік мәні неде? Ғаламтордағы жұмыс ортасы бізді жаңаша, ашық ойлау
арқылы өзімізде шыдамдылық, сыни тұрғыдан, экологиялық ойлауға тәрбиелейді. Ғаламтор қауымдастығы
педагогикалық тәжірибеде келесі тәрбиелік мәні бар.
Бірге ойлау. Біздің танымдық, шығармашылық және оқу үрдісіміз ұжымдықты білдіреді және оны
қалыптастырады. Эгоорталықтан шығып, өзге адамдардын бар екеніне көңіл аудартады. Шыңдықты
құрастыра алатын, психикалылық жағынан тұрақты тұлғаны дамытады.
Шыдамдылық. Ең маңыздысы оқиғаға немесе жағдайға басқа көзқараспен қарай алатын, құр
адамдарды ғана түсінетін емес, сонымен қатар өзге нәрселерді түсіне алатын болу керек. Ақпарат
технологиясы арқылы біздің қарым-қатынас аумағымыздың өсуі, бұрын білмеген немесе кездестірмеген
салт-дәстүрлерді, бізден ерекше қоғамдарды жие кездестіретін болдық. Біз оларды түсініп және олармен
тіл табысу керекпіз.
Экологиялық стратегия. Қатысушылар бір уақытта, бір жерде кездесудің қажеті жоқ, әр ұйым мүшесі
қарапайым операциялар жасай алады. Бұл модельді оқу үрдісінде оқушылар мен мұғалімдер өз мақсатында
қолдана алады.
Сыни тұрғыдан ойлау. Қауымдастықтар кез келген болжамдарды сынап және оларды өзгерте алады.
Бұл болжау мен теориядағы қателерді табуға көмектеседі. Біздерді сыни тұрғыдан қалай ойлау керек
екеніне үйрету арқылы талқылауға үйретеді.
Әр қауымдастағы қатысушы өз тұлғалық кәсіби біліктілін қажет дәрежесіне дейін көтере алады. Өзін-
өзі жетілдіру үшін ұстаздар өзара жұмыс жасау керек. Кез келген уақытта ұстаздар ғаламторға шығып
әріптестермен, бір істі қолдайтын адамдармен ашық диалогқа шыға алады. Бұндай жұмыла жасаған
жұмыстар ұстаздың кәсіби мәдениетін дамытуға көмектеседі. Білім жүйесіндегі заманауи маманға өз
кәсіби деңгейін арттыру үшін келесі құзыреттіліктер оның бойында табылу керек.
• Әлеуметтік-саяси. Өз мойнына жауапкершілік алуға, басқалармен шешімдер қабылдауға, мәселерді
шешуге дайын болу.
• Әлеуметтік-мәдениеттік. Басқа халықтың мәдениетін, тілін, дінін сыйлау және құрметтеу.
• Коммуникативті. Ауызша және жазбаша қарым-қатынастар жасай алу.
• Ақпараттық. Жаңа технологияларға, ақпаратқа сыни көзбен қарау.
• Өмір бойы білімге және өзін жетілдіруге дайын болу. [3]
Ғаламтор қауымдастық арқасында мұғалімнің басым стериотип рөлі жойылып, мұғалім мен оқушы
арасында түсінушілік, жақсы қарым-қатынас құрылып, мұғалімдер оқушыларды жеке тұлғалық,
білімдік қассиетерін ары қарай дамыту үшін ғаламтордағы білім қауымдастықтарына енгізеді. Ұстаз
оқушыларының пәнге деген қызығушылығын оятуға, олардың ой-өрісінін дамытуға, шығармашылық пен
ұжымдыққа бағыттайтын басты тұлғалардың бірі болып табылады. Сондықтан мұғалім өз оқушыларын
телекоммуникациялық жобаларға, қашықтық олимпиадаларға, викториналарға, әр түрлі сайыстарға
қатыстырады. [4, 638-б] Мысалы: КИО қашықтық олимпиада, интернет-марафон және т.б. Мұғалімдердің
өзі де неше түрлі сайыстарға қатысу керек. Егер мұғалім ғаламтор-сайысты жеңетін болса, өз портфолиосын
дипломмен немесе серитификатпен толтырып, моралдік жағынан қанағат алып қоймай, соныме қатар
оны ары қарай табыстарға рухтандырады. Бұл байыпты ынтамен ол өз кәсіби қызметін көтере алады.
Қадағалау жұмыстары негізінде, мектеп мұғалімдерінің көпшілігі ғаламтордағы тьютерлік тарапынан
ғана емес, сонымен білім мекеме әкімшілігі тарапынан қолдау қажет деп айтады. Педагогтардың желілік
қауымдастығында кездесетін кедергілерді жеңу үшін оқытудың жаңа моделі құру қажет, сондықтан білім
жүйесінде ұстаздардың желіде сапалы жұмыс атқару үшін әкімшілік тарапынан біліктілікті көтеретін
іс-шаралар өткіздіру керек. Мысалы, Ғаламтордағы мұғалімдер қауымдастығына арналған әдістемелік
күндер, мастер-класстар, ашық іс-шараларды өткізетін болсақ, біз еліміздің білім мен тіл мәселесін алға
жылжыта аламыз, егер қазақ сайттарын көп қолдансақ.
Біздің өзіміздің жеке мектепiшілік сайтымыз бар- shkola5.s@mail.ru, ал қалалық білім бөлімнің сайты-
stepnogorsk.akmoedu.kz Оны әдістемелік кабинет немесе танымал мектептің ақпараттық орталығы деп
атау әлі ерте, «документтер мұражайы» деуге болады. Әлі біраз өсу үшін, болашақта жүйелі жұмыс
124
функцияларын енгізу қажет. Менің ойымша, оны жетілдіру үшін «тірі» сайттарды,яғни форумдар мен
чаттары бар сайттарды дамыту керек. Осындай форумдар мен чаттарда өзекті мәселелерді талқылап және
түрлі пікірлер, ұсыныстар арқылы сайтты көркейтіп, дамытуға болады.
Педагогтардың форумдағы пікірлерін, жұмыстарын - «Ашық сынып», «Шығармашылық ұстаздардың
қауымдастығы», «Ұстаз», «Мұғалім» www.45minut.kz және т.б. сайттарда кездестіруге болады.
Ұстаздардың белсендік таңытатын 80% жоғары, 1-ші категориялы ұстаздар, әдіскерлер, сайыскерлердің
жеңімпаздары. Бұл сайттарда көптеген мастер-класстар, тұсаукесерлер, консультациялар, портфолиолар,
авторлық курстар, сынып сағаттары, әдістемелік сабақ жоспарлары,таңдау курстар, ұйірмелер жоспарлары,
семинардағы баяндамалары, ашық сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралар. Бағдарламаларды торға
орналыстыру арқылы,бір-бірлерімен озық тәжірибе алмасып, өз деңгейлерін өсіреді.
Біз сабақтың жоспарларын, баяндамаларды т.б, жұмыстарды торға лақтыра аламыз және бұл жұмыс
түрімен оңай жұмыс істей аламыз. Басында, әрине қиыншылыққа кезіккен болатынмыз, өткені бұл жаналық
біз үшін белгісіз, түсініксіз болатын. Ақпараттық инновация бір орында қатып қалмай , заман талабына
сай, көптеген түрлі жобаларды өмірге әкелуде. Соның бірі «интернет-портфолио». «Интернет-портфолио»
деген ұғымды біз онша біле,түсіне қоймаймыз. «Педагогтың интернет-портфолиосы» деген ұғым, білім
беру жүйесінде бертінде пайда болды, сондықтан оны қалай дұрыс жасау критериясы нақты белгіленбеген.
Біз оны Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бойынша біліктілігін
арттыру курсында үйрендік. Біз өзіміздің жұмыс бойынша рефлексияларымызды, екі жұмыс бойынша
ұтымды модуль бойынша есептер, жалпы бір ай ішіндегі сабақтың, жұмысымыздың тұсаукесерлерін
электрондық портфолиоға салдық. Бірақ ол әлі бастама ғой, сондықтан толық интернет-портфолионы
игердік деуге қиын. Менінше, педагогтың интернет-портфолиосы жан-жақты педагогтың жұмысын, ол
жұмыс жасап жатқан мектептің деңгейін мазмұндау керек сияқты. Кейбір кезде интернет-портфолио
мұғалімнің жұмысының шағын бөлігін ғана ашатын, қарапайым тұсаукесер. Осындай тұсаукесерден
мұғалімнің жұмысы мен жасап жатқан еңбегін толық қамтый алмайды. Сол себептен интернет-портфолио
мұғалімның жалпы толық жұмысын қамту керек деп санаймын. Олар: мектептік, аудандық, аймақтық
және республикалық деңгейдегі жұмыстар. Портфолио сен істеген жұмыстарыңды, зерттеуіңді және
тәжірибеңді ашу керек.
Өз жұмыстарымда келесі сайттарды қолданып , өз жұмыстарымды жариялаймын.
1. Педагогикалық шебер орталығы (www.cpm.kz)
2. cpi.nis.edu.kz
3. stepnogorsk.akmoedu.kz
Тордағы кәсіби қауымдастықтардың жұмысы бойынша кездесетін кемшіліктер. Ғаламтор
қауымдастығы, алдыңда айтып кеткендей, ұжымдық қарым-қатынас жүзінде ғана тіршілік жасай алады.
Бүгінгі таңда ғаламтор жүйесінде біраз шешілмеген мәселелер бар, олар:
►
қоғамның аз белсенділік танытуы;
►
ғаламторды өзіне қажет материалды оқуға, ақпарат алуға және оны «жүктеу көзі» деп санауы ;
►
өз баспаларын жарияламау;
көп адамдар өз ойларын айтқысы келеді, бірақ қорқады;
►
немесе олар мәселелерге немқұраймен қарап, талқылағысы келмейді, осыған қарап «ештеңені
өзгертуге болмайды» деген теріс ой қалыптасады;
►
ұстаздардың қағаз жұмыстардан бас көтермеуі мен АҚТ білімнің жеткіліксіздігі.
►
Ақылы сайттар мен қызметтер;
►
Тіркелу мен ереже қиындықтары.
Тордағы кәсіби қауымдастықтардың жұмысы бойынша сәтті нәтижелер беретін факторлар:
►
Ыңғайлы, әрі әртүрлі тұлға арналған аумақтың пайда болуы;
►
Жаңарту жұмыстары арқылы тордағы белсенділік;
►
Таңымал, қызметті ыңғайлы сайттардың болуы;
►
Сынаудан қорықпау;
►
Психологиялық, жас ерекшеліктеріне сай әлеуметтік қажеттіліктер қарастырылса;
125
►
Өзекті мәселерді жариялау және шешу;
►
Ең белсенді қатысушыларды марапаттау, ыңталандыру;
►
Шыдамдылық, шығармашылық, жылдам модельдау және қауымдастықпен бірге басқару болған
сәтте қауымдастығымыздың жұмысы;
►
Бәсекелестіктің болуы және рейтингтің жасалуы сайттың жұмысын алға өрбетеді.
4 қарашада 2012 жылығы статистика бойынша, 241 Қазақстандық білім сайттардың рейтингісі
ішіндегі 10 ең мықты, әрі танымал сайттар тізімі сәтті нәтижелерімен мақтана алады.(1 кестеге қара)
Рейтинг
Сайт
Қолданушылар
саны
Қарағандар
саны
1
Информатик ұстаздар сайты http://www.infust.kz /
Бүкіл Қазақстан
13974
34778
2
Ашық сабақтар - Открытые уроки http://www.ustaz.
kz /Бүкіл Қазахстан
13349
127672
3
Сабаққа дайындалу үшін әдістемелік жинақ http://
tak-to-ent.net / Қостанай
9966
40532
4
Рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар
http://www.topreferat.kz | Бүкіл Казақстан
8371
18186
5
Білімділер порталы http://bilimdiler.kz Бүкіл
Казақстан
7637
30023
6
Казахстан Рефераттар Банкі http://bankreferatov.kz
| Бүкіл Казақстан
6370
10171
7
СК ИПК и ППК http://www.petropavl.kz/skoipkppk
Петропавловск
6255
9655
8
«Мен - студент порталы "http://ya-student.kz |
Бүкіл Казақстан
5075
14150
9
Казақстанның білімдік порталы
http://semestr.kz | Бүкіл Казақстан
4347
6605
10
Азбука.kz—ақпараттық портал http://www.azbyka.
kz / Бүкіл Казақстан
3971
6955
(1 кесте)Whois.1in.kz рейтингінің білім сайттар бойынша мәлімет (4.11.2012) [5]
Өз мектебімде ұстаздардың арасында әлеуметтік сауалнама өткіздім. Сауалнамаға 20 мұғалім қатысты.
Оларға 7 сұрақтан берілді. Сауалнаманың жүргізу мақсаты- ұстаздардың «ғаламтордағы педагогтар
қауымдастығы» дегенді қалай түсінетінін және онымен жұмыс жасау жайлы анықтау.
Ұстаздар арасында әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы.
1 сұрақ. Сіз ғаламтор ұстаздар қауымдастығы жайлы білесіз бе?
Иә-15 Жоқ-5
2 сұрақ. Сіздер сайтқа тіркелдіңіздер ме?
Иә-9 Жоқ-11
3 сұрақ . Сіздер өз еңбектеріңізді сайтқа жарияладыңыз ба?
Иә-9 Жоқ-11
4 сұрақ. Сіздер қандай жұмыстарды көбінесе іздейсіздер?
Тұсаукесер-12
Бейнематериал-6
Сабақтан тыс іс-шаралар, баяндамалар-18
126
5 сұрақ. Сіз өз жұмысыңызға қажет тұрақты, өзіңізге қанша сайтты қолданасыз?
1-5 сайт-13адам 6-10сайт-5 адам 10 нан көп сайт- 2адам
6-сұрақ.Сайтта дербес веб-парағыныз бар ма?
Иә-0 Жоқ-20
7-сұрақ. «Ғаламтордағы педагогтар қауымдастығына» кіргіңіз келеді ме?
Иә-20 Жоқ-0
Болашақта сайттар мен жеке веб-парақтар түр-түрімен пайда болады. Қазір де шамалы емес, сол
сайттардын бірінен үзінді. Менің көңілімді осы шақыру-жарнамасы аулап алды. Болашақта дербес сайт
жасайтын болсам, осындай шығармашылықпен құрастырамын деп ойдамын.
Шақыру
О, халайық, менің де енді сайтым бар,
Бұл дегенің әңгіме емес жай тыңдар.
Қонақ болып кіріп менің сайтыма
Өзің жайлы, өзге жайлы айтыңдар.
Пікір айтып, қателіктен айықтыр,
Егер жаман ниет болса тайып тұр.
Даналармен сұхбаттасып, сырласып
Қалайықшы екеуміз де бір байып.
Артта қалсын биік асу, белестер,
Күдік тарқап, ыдырасын елестер.
Шабыт тапсын шайыр көңіл шалқыған,
Сенім тапсын бағыты айқын еместер.
Барлық жұрттың кәдесіне жарасын
Осындағы айтқан ортақ кеңестер!
Сайт-сапар. Интернет дүниеге келіп, оған жұрт тереңдеп енген сайын «Атың барда жер таны желіп
жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» деген сөздің мәні мен мағынасы өзгеріп бара жатқан секілді. Менің
де берер асым ақылым болса, мінер атым қиялым сияқты. Егер сізде мен сияқты шынайы да шырғалағы
мол өнегелі өмірден гөрі ғажайып ғұмыр, дәлдүріш дүниеге жақын болсаңыз, менің сайтыма қонаққа
келіңіз. Ондағы тақырыптар тұрақты болғанымен, айшықты айдарменен берілген мазмұн айнымалы мәнге
ие болып, апта сайын ауысып отыратын болады.
Нарық заманында наны жүріп тұрған білікті бизнесмендердің айтуынша «сенде бір алма, менде бір
алма болып, өзара ауысар болсақ, бізде бәрібір бір-бір алмадан қалады, ал сенде бір ақыл, менде бір
ақыл болып, ауысар болсақ, екеумізде де екі ақылдан болады» екен. Тағылымға толы танымның жолы –
талайлы тағдырыңыздың құмсағаттай сырғыған аз ғана сәтін әзіл әлемі мен өнеге өлкесінде өткізгеніңізге
өкінбейтін боласыз деп ойлаймын. [6] – деп автор шығармашылықпен құрастырған. Сондықтан «жақсы
жарнама» деген істі болашақ сайттардың авторлары есінен шығармағаны жөн деп санаймын.
Әдебиеттер тізімі
1. Драхлер А.Б. Мұғалімдердің шығармашылық торы: Әдістемелік кітапша. – М.: БИНОМ. Білім
лабораториясы, 2008.,171-б.
2. Лаврентьева О.А. Ставропольск аумағында ұстаздардың ғаламтор қауымдастығын құру: XV
аудандық ғылыми конференциясындағы баяндама «RELARN-2008»// http://www.relarn.ru/conf/conf2008/
section6/6_25.html. (1.11.2012)
3. Патаракин Е.Д. Ғаламтор қауымдастығы мен білім // http://school-sector.relarn.ru/efi m/3please/2005/
pl_2005_20.htm.
4. Хуторской А.В. Заманауи дидактика: Оқулық кітапшасы.– М., 2007., 638- б.
Махачкалы қ. Тамыздағы білім жұмыскерлерінің жиналасы
5. Whois.1in.kz (4.11.2012)
6. ustaz-kz.ucoz.com/ - США (4.11.2011)
127
О СОВМЕСТНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧИТЕЛЯ ШКОЛЫ
И ПРЕПОДАВАТЕЛЯ ВУЗА В ПОДГОТОВКЕ
ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ ПРОЕКТОВ УЧАЩИМИСЯ
Маусымбаев С. С., д.п.н., профессор
Семипалатинский государственный педагогический институт
Павлов И. В.
Семипалатинский государственный педагогический институт
Сенина Н. И.
Назарбаев Интеллектуальные школы г.Семей
Республика Казахстан
Аңдатпа
Жұмыста мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу іскерлігін ұйымдастыру бойынша институт
оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің бірлескен қызметіне нұсқаулық берілген.
Бұл жұмыста оқушының жас ерекшелігіне байланысты үш кезеңі ажыратылған және нақты
жобалардың көмегімен осы кезеңдердің ерекшеліктері ашылған.
Аннотация
В работе даются рекомендации по совместной деятельности учителя школы и преподавателя
института по организации научно-исследовательской деятельности школьников.
Выделяются три этапа данной работы в зависимости от возраста учащихся и раскрываются
особенности этих этапов на примерах конкретных проектов.
Abstract
This paper provides guidance on the joint work of the teacher and the school teacher institute for organizing
research students.
There are three stages of this work, depending on the age of the students and disclosed the features of these
steps with examples of specifi c projects.
Прошедший XX век называют по-разному – атомным, космическим и т.п., но, очевидно, что, начиная с его
середины, мы стали жить в эпоху все нарастающего информационного потока. Наша деятельность сейчас
все в большей степени зависит от нашей информированности и способности эффективно использовать
имеющуюся информацию. Прежде чем предпринять какие-то действия, необходимо провести большую
работу по сбору и переработке информации, ее осмыслению и анализу, что требует от каждого из нас
владения навыками научной работы. Стало ясно, что «в качестве показателя национального богатства
выступают не запасы сырья или цифры производства, а количество способных к научному творчеству
людей» [1,с.22].
Поэтому сегодня, когда нас «захлестывает» поток информации очень важно еще в школе привить навыки
активной и осознанной работы учащихся по обработке этого потока – навыки научной работы. Школьников,
имеющих склонность к подобной работе, выделить сравнительно легко - они активно интересуются
окружающим нас миром, постоянно задают вопросы «как» и «почему», творчески подходят к решению
учебных задач. Они обладают самым важным побуждающим мотивом – любопытством, желанием узнать
как можно больше о том, как устроен окружающий нас мир. Именно с этими школьниками наиболее легко
работается, и достигаются высокие результаты.
Кроме любопытства встречаются и другие мотивы – желание самоутвердиться, практическая
полезность работы (в случае призового места на Республиканском конкурсе школьник получает грант),
но в этих случаях не всегда у ребят «хватает сил» успешно завершить свою, на самом деле достаточно
тяжелую, работу.
128
Качество знаний учащихся, уровень их умственного развития находятся в прямой зависимости от
характера обучения. Самыми глубокими и прочными являются те знания, которые добыты в процессе
активного умственного труда на основе создания проблемных ситуаций, организации решения проблем,
применения игровых методов и форм обучения. Принцип активного обучения заключается в том, что
учащийся должен самостоятельно «открыть» настолько большую часть изучаемого материала, насколько
это в данных обстоятельствах возможно.
В педагогике хорошо известно, что умственная активность способствует и лучшему запоминанию, и
более глубокому проникновению в суть явлений. Как сказал С.Л. Рубинштейн: «Мышление начинается с
проблемной ситуации».
В работе учителя необходимо применять методы проблемного обучения: проблемное изложение
материала, поисковая беседа, самостоятельная поисковая и исследовательская деятельность учащегося.
Проблемное изложение - наиболее уместно в тех случаях, когда учащиеся не обладают достаточным
объёмом знаний, впервые сталкиваются с тем или иным явлением. В этом случае поиск осуществляет сам
учитель. По существу, я демонстрирую учащимся путь исследования, поиска и открытия новых знаний,
готовя их тем самым к аналогичной самостоятельной деятельности в дальнейшем.
Поисковая беседа - применяется, если учащиеся уже обладают минимумом знаний, необходимых для
активного участия в решении учебной проблемы. В этом случае поисковую беседу проводят на основе
проблемной ситуации, специально созданной педагогом. Учащиеся же самостоятельно намечают этапы
поиска, высказывая различные предположения, выдвигая варианты решения проблемы. Беседа поискового
характера – необходимая подготовительная ступень к работе учащихся на уровне исследования.
Самостоятельная поисковая и исследовательская деятельность учащихся – это высшая форма
самостоятельной деятельности. Она возможна лишь тогда, когда учащиеся обладают достаточными
знаниями, необходимыми для построения научных положений, а также умением выдвигать гипотезы.
В 7 - 8 классах, когда начинают изучать физику и астрономию, у учащихся еще практически отсутствуют
навыки научной работы. Они почти не умеют работать самостоятельно с литературой, не могут подготовить
собственное сообщение, не умеют выполнять измерительные действия и, тем более, не умеют обобщить
результаты работы и соответственно оформить их в виде наглядных таблиц и графиков, что во многом
обусловлено также их еще недостаточной математической подготовкой. В то же время школьник, активно
занимающийся научной деятельностью уже в стенах школы, к 11 классу накапливает солидный багаж
знаний и навыков, нередко мало уступающий багажу студента.
Все это накладывает соответствующий отпечаток на формы индивидуальной работы с имеющими
склонность к научной деятельности учащимися, в которой, условно можно выделить, по меньшей мере,
три этапа, имеющих свои особенности и специфику.
Достарыңызбен бөлісу: |