Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82

Жалпы талаптар:

- теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін-өзі ұстауына қойылатын талаптар;

- шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар;

- жатақханадағы жүріс-тұрысына қойылатын талаптар.

Аталмыш  талаптарды  орындау  оқушыларға  оның  мән-мағынасын,  мазмұнын,  жүйелік  дайындығы 

мен  бақылауын  түсінуге  көмектеседі.  Түсіндіру  немесе  анықтау  талаппен  жүргізіліп  отыру  тиіс,  оны 

алмастырудың  қажеттігі  жоқ.  Талаптың  міндеті  орындалуын  талап  ете  алатын  және  сол  талаптарды 

категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай біріккен, ортақ талаптардың 

орындалуына қол жеткізе алады.

Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен педагогтың қатаң талабын түсіну өте қажет. 

Жүріс-тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс.

Қойылар  талаптардың  орындалуына  оқушылардың  еркін  араласуы,  яғни  оқу  орнындағы  кезекшілік 

арқылы  тәртіп  сақтаулары  да  үлкен  орынды  иеленді.  Бұзылған  тәртіп  ережелері  өз  уақытында  көңіл 

бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс-тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы 

тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі болмақ.

Барлық  талаптарды  орындау  жұмыстары  тек  оларды  жүйелі  бақылауға  алғанда  ғана  жүзеге  асады. 

Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды 

біліп отыруы тиіс. [4, 171-б].

Қазіргі сабақ

Сабақты талдау түрлері

1. Жалпы психологиялық-педагогикалық талдау.

2. Сабақты әдістемелік талдау.

3. Авторлық сабақты талдау.

4. Сабақты салыстырмалы талдау.

5. Сабақты мақсатты талдау.

6. Оқытудың авторлық әдістемесі сабағын талдау.

7. Педагогикалық қарым-қатынас негізінде сабақты талдау.

8. Физиологиялық-гигиеналық негізде сабақты талдау.



Сабақты кестелік талдау:

Мұғалімнің аты-жөні________________________пәні_______________сынып_________

Тақырыбы__________________________________________________________________

Мақсат_____________________________________________________________________

Құрал-жабдықтары _________________________________________________________

Оқушы саны ________________________________________________________________



116

Бағыттары

4

3

2



1

0

Сабақ мақ-



сатын дұрыс 

таңдау


1

Мақсаттардың кешенді сипаты

2

Мақсаттардың жүзеге асу мүмкіндігі



3

Өткен сабақтармен байланысы

Сабақ типін 

таңдау


5

Құрылымның мақсатқа сәйкестігі

6

Сабақ типтерінің жаңалығы



Сабақ 

құрылымы


7

Сабақ құрылымының типке сәйкестігі

8

Сабақ кезеңдері арасындағыбайланыс



Оқыту 

мазмұнының, 

әдісі мен 

формасының 

таңдалуы

9

Оқу ақпараты ғылымилығы, қиындығы



10

Мазмұн тереңдігі, оны беру толықтығы

11

Өзектілігі мен өмірмен байланысы



12

Әдіс-форманың мазмұнға сәйкестігі

13

Көрнекілік, ОТҚ пайдалану тиімділігі



14

Уақытты пайдаланудың тиімділігі

15

Оқытудың интерактивті әдістері



Қазіргі талапқа 

сай сабақ 

басқару

16

Мұғалімнің ой-өрісі мен пәнді білуі



17

Ұстаздың әдістемелік шеберлік деңгейі

18

Ұстаздың сөз мәдениеті, жалпы сауаты



Сабақ 

нәтижелілігі, 

жалпы 

қорытынды



19

Оқушылардың танымдық белсенділігі

20

Оқушылардың жалпы оқу икемділіктері



21

Оқушылардың тәртібі, ұйымшылдығы

22

Сабақтың жалпы мақсатқа жетуі



23

Сабақ нәтижесін бағалаудың әділдігі

24

Оқушылар білімін бағалаудың әділдігі



25

Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау

Сабаққа талдау жасаушы:___________________________________Күні_____________

Жеке пікірлер:

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту

Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей 

етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.

Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, 

атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. 

Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тыңдау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын 

өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі. Бірақ өз білімімен таң қалдыруға тырыспайды. Мұғалім 

мәселе  қояды,  ойлаудың  жолдарын  ашады,  әрекеттің  барысына  бағдар  береді,  жетектейді.  Осылайша 

оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.


117

Оқу  әрекетімен  айналысады.  Үлгі  бойынша  білім  алуға  үйренген  баланың  шығармашылық  қабілеті 

шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы 

тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту 

технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады. [5, 242-б].

Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес 

миллиондаған  жылдар  жасап  келеді.  Жақсылыққа  бастайтын  жарық  жұлдыз – оқу. «Надан  жұрттың 

күні – қараң, келешегі тұман», -деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, 

құрғақ,  таса  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні  сияқты,  жас  ұрпақтарымызды  тәрбиелемесек  өспейді, 

өнбейді.  Қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  басты  міндет – оқушылардың  шығармашылық 

білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып 

өсуі  үшін  сабақта  жаңа  технология  элементтерін  қолданудың  мақсаты  шығармашылықпен  оқу-тәрбие 

үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың 

шығармашылық  қабілетін  дамыту  тұрғысынан  тиімділігін  арттыру  бүгін  жоғары  және  орта  мектепте 

информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.

Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта 

оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. [6,12-17-б].



Әдебиеттер тімізі

1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924.

2. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесі. Қызылорда, 1929.

3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1980.

4. Бабанский Ю.К. Педагогика. Москва, «Просвещение», 1988.

5. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика. – Усть-

Каменогорск, 1997-242с.

6. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш 

мектеп, №8-9, 1999.

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН 

АРТТЫРУ

Маусымбаев С. С. 

 п.ғ.д., профессор, физика кафедрасының меңгерушісі, 



Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Желдыбаева Б. С. 

п.ғ.к., физика кафедрасының аға оқытушысы, 

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Республика Казахстан

Аңдатпа 

Бұл  мақалада  мұғалімдердің  білім  сапасын  арттыруды  халық  педагогикасы  арқылы  жүзеге  асыру 

көзделген. 

Аннотация 

В статье рассматриваются пути повышения качества образования через народную педагогику.

118

Abstract 

The paper discusses ways to improve the quality of education through folk pedagogy.

ХХІ  ғасыр  басындағы  инновациялық  құбылыстар  қатарына  білім  беру  парадигмасының  түбегейлі 

өзгеруін  жатқызуға  болады.  Бұл  істе  білім  беру  жүйесінің  негізгі  өзегін  өзгертуді  көздейтін  жаңа  білім 

кеңістігіне өту қажеттілігі жатыр.

Бүгінгі  Қазақстан  мектептерінде  жаңа  ғасырдың  білім  кеңістігіндегі  жаңашылдық  жағдайға  сәйкес 

өзгерістер легі іске асырылып жатқаны белгілі. 

Қазақстан  Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында: «Білім 

берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды-машыққа  қол  жеткізу  ғана  емес,  кәсіби 

біліктілікке-ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп  жатқан  бүгінгі 

дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады», – делінген. «Ағымдағы жағдай және білім 

беруді дамытуды тежейтін факторлар» бөлімінде: «Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік 

білім беру кеңістігіне кезең-кезеңмен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының 

құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың 

мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық 

тұрғыдан ескірген» [1]- деп сараптамалық талдау жасалған. 

Қазақтың этнопедагогикалық бай материалдары жаңа ғасырдағы инновациялық Қазақстан мектебінде 

ұлттық мәдениетті сақтаудың және оны дамытудың басты факторы екендігін логикалық тұрғыдан негіздей 

отырып,  білім  мазмұнының  ұлттық  негізде  берілуін  жаңа  өркениеттік  бағдар  тұрғысынан  жетілдіру 

мәселесін  қарастыру  қажет.  Өйткені  унитарлық  ұлттық  мемлекет  мектебі  ертеңгі  қазақ  елінің  туы  мен 

тұтқасын  берік  ұстай  алар  тума  тұлғаларды  өсіретін,  ұлттық  ұстанымды  қуаттайтын  орта  болуы  тиіс. 

Мұндай абыройлы мәрелік мәртебеге тез әрі баянды түрде жету үшін халқымыздың этнопедагогикалық 

және  этномәдениеттік  мол  мұрасын  жалпы  білім  беретін  мектептерде  әрбір  пәнді  оқытуда,  әсіресе 

жаратылыстану  пәндерін  оқытуда  пәрменді  түрде  ең  тиімді  жолмен  пайдалана  білу  басты  талаптардың 

бірі болып табылады.

Қазіргі  мектептің  құрылымы  мен  білім  беру  мазмұнында  болып  жатқан  өзгерістер  педагогикалық 

үдерісті  ұйымдастыруға  жаңаша  талаптар  қойып,  әсіресе  жаратылыстану  пәндері  негізінде  танымдық 

белсенділіктің артуы нәтижесінде оқу әрекетінің іргетасы қаланатынын алға тартып отыр. Жаратылыстану 

ғылымдарын  оқытуда  шәкірттердің  танымдық  қабілетін  белсендіруге  бағытталған  жұмыс  түрлерін 

ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады.

Жалпы білімнің жүйесі қоғамдық дамумен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Қоғамдық 

үдеріс сараланған сайын жалпы білімнің міндеттері де өсе түспекші. Елдегі әлеуметтік-саяси жаңғырулар 

мектептегі  білім  беру  мазмұнына  да  үлкен  өзгерістер  әкелуде.  Демократиялық  бағыттағы  ақпараттық 

сауатты,  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілетіне  ие  бүгінгі  оқушының  білім  алудың  дәстүрлі  үдерістері 

деңгейінен әлдеқайда алға шығып бара жатқаны сөзсіз. Осындай оқушылардың білімін ары қарай дамыту 

үшін бүгінгі ұстазға ең қажетті үдеріс – технологиялық бетбұрыс. Жаңа педагогикалық технологияларды 

пәрменді қолдану – заман талабы.  Мұғалімдер көбіне оқулықты, бағдарлама мен небір әдістемелерді дайын 

нұсқау  ретінде  қабылдайды  да,  тәжірибеде  кездесетін  жаңа  жағдайлардан  шығуға  ізденістік-танымдық 

өресі жетпей қалады. Мұғалімнің кәсіби өсуі, негізгі мамандығы бойынша жаңа әдістерді меңгеруі ғана 

емес, сонымен қатар жаңа білімін іс-әрекетіне байланысты қолдана білуі, өз талдауы, рефлексиясы арқылы 

өзін-өзі жетілдіріп отыруға негіз қалыптастыруы. Білім саласына оқушылардың мазмұн арқылы белгілі бір 

нәтижеге жетуіне бағытталған әдіснамалық негіз қажет.

Мазмұнның әдіснамалық негізінде білім беруді ізгілендіру жатыр. Қоғамды ізгілендіру – ХХІ ғасырдағы 

өркениетті дамудың талабы. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін, дағдысын 

емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамытуды қойып отыр.

Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  жүргізілетін  білім  мен  тәрбие  жұмыстарында  әлі  де  болса 

халықтық педагогиканың мол мұрасын қолданысқа алуға жеткілікті мән берілмей келетінін байқаймыз. 



119

Осының  орнын  толтыруда  халық  қазынасын  жан-жақты,  әсіресе  жаратылыстану  пәндерін  оқытуда 

пайдалану қажет екендігін қазіргі күннің өзі талап етуде. Өйткені адам баласы жаратылыстың өркендеуін, 

табиғаттың  әдемілігін  халық  педагогикасының  асыл  мұралары  болып  саналатын  салиқалы  сөздерден, 

өнегелі  өсиеттерден,  ақиқаты  мол  аңыздардан,  әңгімелерден,  даналық  нақылдардан,  ұлы  ақын, 

жыраулардың жыр жолдарынан алып сусындайды. Жаратылыстану ғылымдарының салаларына физика, 

химия, биология және т.б. алатын болсақ осы пәндерде қарастырылатын мәселелер халқымыздың асыл 

қазыналарында мақсат-мүддесі ретінде, тұрмыс-тіршілігі ретінде, салт-дәстүрі ретінде бейнеленеді. Қазақ 

атамыз «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаны қайсы?!» - деп бекер айтпаған. Осындай 

халықтық  сипаттағы  құнды  еңбектерді  мақтан  тұта  отырып,  келешек  жеткіншектерге  жаратылыстану 

пәндерін  оқыту  үдерісіне  енгізіп,  оқушылардың  ғылыми  жетістіктерге  жетуіне  септігімізді  тигізіп, 

танымдық  іс-әрекеттерін  белсендіру  мақсатында  жұмыстар  жүргізіп  келеміз.  Орта  мектептерде 

жаратылыстану пәндерін ғылыми негізге сүйеніп оқушылардың дүниеге көзқарасы мен теориялық және 

практикалық  білімін  дамыта  оқыту  үшін  қазақтың  ақын – жазушыларының  мұраларын  үнемі  және  де 

қазіргі заман талабы мен техникасына сай етіп оқыту қажет екендігіне көзіміз жетті.

Ұлт мектебінің негізгі ерекшелігі – өз халқының ғасырлар бойғы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға 

тәрбиелеу, түп-тамырынан үзіле жаздаған ұрпақты ата-баба салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен қайта табыстыру. 

Ұлт  мектебі  болудың  басты  белгісі – онда  халықтың  ұлттық  рухы  болуы  шарт.  Ол – мектептің  бүкіл 

тіршілігінен,  сыныптан  тыс  жұмыстардың  барлық  мазмұны  мен  түрінен  көрінсе  керек [2, 7-б] - деген 

ғалым-педагог К.Қожахметова: «Әрбір мектеп адам тәрбиелеуді жалпы міндет тұтса, алдымен оны белгілі 

елдің азаматы қылып, сол қоғамның талабына сәйкес тәрбиелеуге міндетті. Мектептің бағыты сол ұлттың 

мінезі мен жалпы бағытына тәуелді болуға тиіс» [2, 9-б],- дейді.

Ғалымдардың  ойын  зерделесек,  халық  педагогикасы  әлемдегі  барлық  халықта  бар.  Олардың 

әрқайсысында жалпы адамның және ұлттың ерекшелігі толық сақталған. Ендеше тәлім-тәрбиенің бүгінгі 

көрінісі өз халқының өткені мен бүгінгісіне дұрыс байланыс арқылы іске асады.

Осындай жаратылыстағы болып жатқан өзгерістерді, құбылыстарды қазақтың зиялы ақын-жазушылары 

өз еңбектеріне енгізіп, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде қалдырып отырған. Міне, бізге жеткен осы 

халықтық  педагогикадағы  асыл  мұраларды,  материалдарды  жаратылыстану  пәндерімен  сабақтастыру 

қажеттілігі туындайды. Себебі, қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен, жаратылыспен тікелей етене 

байланыста  өтіп  келеді. «Балаңа  басқұр  қалдырғанша  тозбас  дәстүр  қалдыр»  деп  қазақ  халқы  болашақ 

қамын ертеден ойластырған.

Жаратылыстану  пәндерін  оқыту  үдерісінде  ұлттық  туындылардың  әсерімен  оқушы  қиялын 

шарықтатып,  шығармашылық  қабілетін  ояту  табиғатқа  тән  қасиеттің  бірі  деп  есептейміз.  Қазақ 

этнопедагогикасы  материалдары,  халық  шығармалары  оқушының  білімі  мен  тәрбиесіне  ықпал  етіп, 

сезімін оятып, сонымен бірге осы туындыларды талдау, салыстыру, зерделеу, қорытындылау сияқты оның 

дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Оқушылар өз ойларын зерделеп, тәжірибе жасауға үйренеді, 

дағдыланады. Осыдан орта мектепте қазақ халқының шынайы, табиғи, дәстүрлі үдерісінде қоршаған орта, 

әлем  туралы  ғылыми  білімдерінің  тереңдігінен,  жүйелілігінен,  диалектикалық  ойлауынан  ұлттық  тұлға 

қалыптасқандығын байқауға болады.

Осы айтылғандарды қорытындылай отырып мынадай тұжырымға келеміз: Жаратылыстану пәндерін 

халық педагогикасымен байланыстыру: 

а)  оқулық  және  халық  педагогикасы  материалдарын  бейнелейтін  кескіндеме,  суреттерді  бір-бірімен 

салыстырудағы көрнекілік;

ә) білім мазмұнын игерудегі ұғынықтылық;

б) проблемалық ситуациядан шығу барысындағы өміршеңдік; 

в) өздік іс-әрекет ұйымдастырудағы еркіндік;

г) оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірудегі ғылымилық;

д) білім мазмұнындағы деректерді тиімді үйлестірудегі жүйелілік;

е) сабақ және сыныптан тыс жұмыстардың бекіту кезеңін іске асырудағы сабақтастық; 


120

ж) білімін (нақтылығын және тереңдігін) тексерудегі үздіксіздік;

з) практикалық білік пен дағдыларды қалыптастырудағы табиғат пен үйлесімділік сияқты, яғни мектеп 

оқушыларына  халық  педагогикасын  қазіргі  білім  беру  үдерісімен  оңтайлы  сабақтастыруда  оқытудың 

негізгі принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін анықтадық.

Үйрету, бағыт-бағдар беру неден басталады? - деген сұраққа келер болсақ, Абай Құнанбаев осыдан бір 

ғасыр бұрын «Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында... үйір қылу керек, үйрене 

келе өзі іздейтіндей болғанша», [3, 80-б] – деп этнопедагогикалық тәлім мен тәрбиенің негізгі әдістеріне 

жол сілтейді.    

Әрбір  бала  айналасындағы  адамдармен,  құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауды,  өз  бетімен 

жұмыс істеуді мектептен бастайды, өмір заңдылықтарын да осы «алтын орда – білім ұясынан» үйренеді. 

Халықтың әдет-ғұрыптарын тәрбие үшін пайдалану үдерісі бұрыннан бері жүзеге асуда, ал оларды оқыту 

үшін қолданудың әдіс-тәсілдерінің тиімді болуы ұстаздың шеберлігіне байланысты. Осыдан біз ойымызды 

былай білдіргіміз келді.

Жүрегін шырай етіп жандырған кім?

Дәріспен жан сусынын қандырған кім?

Бойындағы білімін, ұлағатын,

Мұра қып шәкіртіне қалдырған кім?

Ол – ұстаз. Ұстаз ұлағаты, болмысы, парасаты егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде, оның 

дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық мәдени қатынастарды қалыптастыруына, 

әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты, жоғары динамикалы жаһандандыру дәуірінде оңтайлы өмір сүруге 

бейімделуіне сай болуы тиіс.

Озық педагогикалық технологиялардың тиімді түрлерін қолданысқа ала отырып ұйымдастырылатын 

оқу  процесінде  дидактиканың  басқа  да  принциптерін  (ғылымилық,  жүйелілік,  сабақтастық,  үздіксіздік, 

өміршеңдік  т.б.)  оңтайлы  жүзеге  асыру  ұстаз  шеберлігіне  байланысты.  Қазақ  халқының  педагогикалық 

мұрасы біздің елімізге талай тамаша салт-дәстүрлерімізді жеткізді. Соңғы уақытта еліміздегі орта білім 

жүйесінің 12 жылдыққа көшуі туралы жоспары негізінде физика және астрономия пәнін орта мектепте 

оқытуда өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз. Қазіргі кезде мысалы, Семей өңіріндегі мектептерде 10-

11  сыныптарда  осы  пәнді  жаратылыстану-математика  бағыты  бойынша  және  қоғамдық-гуманитарлық 

бағыт бойынша оқыту жүзеге асуда. Осы екі бағытта да физиканы оқыту үдерісінде халықтық педагогика 

элементтерін қолдану өз нәтижесін береді. Әсіресе қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытуда ақын, жазушы 

шығармаларынан физикалық құбылыстардың мағынасын дұрыс түсінуіне, сонымен қоса оқушылардың 

өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты ұстаз ұсынған мәтіндер өз үлесін қосады, 

арнайы  таңдау  курстарын,  оқу  жоспарларын  меңгеруге  септігін  тигізеді,  сонымен  бірге  мұғалімдердің 

білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мұғалім  үздіксіз  ізденістің  нәтижесінде  өзінің  алдына  қойған  мақсаттарына  жету  үшін  оқушының 

тұрақты  қызығушылығын  туындатуы  керек,  сонда  ғана  шәкіртте  пәнге  деген  ұмтылыс,  пәнге  тән  әдіс-

тәсілдерді меңгеру, өздігінен проблеманы шешу, қиын мәселелерді, есептерді оңтайлы шешіп, қанағаттану 

сезімі пайда болады.

Жаратылыстану  пәндерінде  жаңа  материалды  оқып-үйренуде  мұғалім  әрқашан  тақырыпқа  сай 

этнопедагогикалық  материалдарды  кіріктіре  отырып,  айқын  да  қызықты  мысалдарды  көбірек  келтіріп 

немесе  проблема  тудыруы  сыныптың  зейінін  арттырады.  Мұғалім  жаңа  материалды  түсіндіру  кезінде 

тек  оқулықтағы  материалды  ғана  қайталап  қоймай,  оқушыларды  ойлануға,  оны  талдай  білуге, 

мағынасын  аша  білуге  мәжбүр  еткенде  халық  шығармаларының  атқаратын  рөлі  аз  болмайды.  Оқыту 

мазмұнының өзі дамытушы құрал болуы тиіс. Мәтіннің мән-мағынасын халықтық педагогика негіздері 

арқылы  толықтыру  пән  мазмұнын  арттырады.  Медиабілім,  компьютерлік  техника,  интерактивті  тақта, 

мультимедиялық  мүмкіншіліктерді  жан-жақты  пайдалана  отырып,  оқушылардың  өзара  белсенді 

әрекеттерін  ұйымдастырудағы  әдіс-тәсілдерді  (жұптық,  топтық,  ұжымдық  т.б.)  оңтайлы  қолдануға 

мүмкіндік береді. Мазмұн – мемлекеттік стандарт, мақсаты – мемлекеттік сұраныс, яғни қоғамға пайдасын 

тигізетін  бәсекеге  бейім  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру.  Яғни  әр  оқушының  болашақта  жан-жақты 



121

дамыған тұлға ретінде қалыптасуы, ең бірінші, ұлттық білім беру негізінде жүзеге асады. Жаратылыстану 

пәндерін оқыту нәтижесінде оқушыларда арнайы білім, білік, дағдылары түзіледі. ББД (білім, білік, дағды) 

негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру барысында алға қойылған проблемаларды шешу қажеттілігі 

туындайды. Жағдайлардан шығу, проблеманы шешу барысында іс-әрекет ұйымдастырылады. 

Ғылым  көзін  халық  шығармаларынан  іздеу  оқушыларға  айтылмай  қалады.  Оқушылардың  түп 

деректермен  танысуы  жаратылыстану  пәндерін  оқыту  үдерісінде  этнопедагогикалық  материалдарды 

саналы  түрде  игеруіне  көмектеседі.  Мұғалім  жаратылыстану  пәндерінде  халық  шығармаларының 

үзінділерін ұсынған соң, олар оқушылардың жаңа біліктері мен өздері үшін сол біліктерді ізденудің жаңа 

тәсілдерін,  мағынасын  өз  бетімен  табуын  көздейді.  Халық  шығармаларын  танымдылық  күйі  түрінде 

ұсыну, іс-тәжірибеміз көрсеткендей, анағұрлым тиімді болады. 

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Информатика 

негіздері. Ғылыми-әдістемелік журнал. №1. 2004.,3-10-б.

2. Қожахметова К. Басты назарда – ұлттық мектеп // Қазақстан мектебі. №11. 1991.,3-7-б.

3. Құнанбаев А. Қара сөз. –Алматы.: Ел. 38-сөз.1993., 90-б.

4.  Маусымбаев  С.С.,  Желдыбаева  Б.С.  Оқытуды  технологизацияландыру  талабының  инновациялық 

аспектілері // Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. №3(51).  2008., 

105-109-б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет