II. Зерттеу бөлімі: 4.1. Шыңғыс хан өмірінің беймәлім беттері; Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.
Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған.
Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.
Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған. Оның бойынан қатыгездікпен басқа елдерді жаулап алудың неше түрлі әдістерімен қатар, еркімен берілген халықтарға зорлық-зомбылық көрсетпеу туралы өзінің нояндарына берген бұйрығы туралы аңыздар да айтылады. Шынында да, ол қатыгез, жауыз, жабайы, надан болса, неге оны бүкіл әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы ретінде» мойындап отыр. Оның ұлылығы ерте ме кеш пе тарихта өз атының қалатынына сенген. Сол кезде біреу мақтап-жақтар, ал екінші керісінше пікірде болуы мүмкін ғой. Мұндайда достарыңнан гөрі қастарыңның көп болатындығы тарихтан белгілі. Сондықтан Шыңғыс хан досқа да, жауға да өз өмірінің кейбір сәттерін құпия ұстаған.
Ұлы қаған о дүниелік болғанымен, киелі рух адамзаттың ойына орала береді. Ол туралы мыңдаған кітаптар мен ғылыми мақалалар, бірнеше кинофильмдер мен пьеса қойылымдар шығарылды. Шамамен осыдан екі жүз жыл бұрын қағанның мүрдесін іздеу басталғаннан бері жүзге жуық экспедиция ұйымдастырылып, қыруар жұмыстар жасалғанымен, сол баяғы ашылмаған құпия ашылмай келеді. Бұл мәселеге кейін оралармыз. Алдымен Шыңғыс ханның өмірі, шыққан тегі жөнінде соңғы кезде кәсіби тарихшыларымызбен қатар әуесқой тарихшыларымыздың да (М.Мағауин, Қ.Данияров, М.Қарғабаев, М.Қожырбайұлы, т.б.) үлкен ықыласпен қалам тартқанын атап кеткен жөн. Осы авторлардың еңбектері ықылым заманнан айтылып, тарихи қалыптасқан пікірлер мен тұжырымдарға жаңаша көзқараспен қарауға итермелейді. Қазақ тарихшылары кейінгі кезде Шыңғыс ханды әрісі түрік, берісі қазақ ету, тіпті керей, адай, найман, қоңырат, меркіт, т.б. рулардың біріне жатқызу ойларын ашық айтып та, жазып та келеді. Дегенмен, оның дүниеге моңғол болып келіп, моңғол болып озғанын ұмытпауымыз керек.
Шыңғыс ханның шығу тегіне байланысты соңғы кезде әлем ерекше қызығушылық танытуда. Моңғол зерттеушілері Шыңғыс ханды моңғол десе, қытайлық тарихшылар оның тегін қытай халқынан іздестіреді. Украин зерттеушілері де қағанның тегінен дәмелі. Мәскеулік генетиктер Моңғолиямен шекаралас болған Тува, Бурятия және Қалмақстан тұрғындарының 1,7 пайызында, тіпті, Алтай қазақтарында қағанның ДНК-сы 8,3 пайыз деп әлемге жар салып отыр. Шыңғыс ханның жоғарыдағы аты аталған халықтардың тегіне жататындығы туралы ешқандай тарихи дерек жоқ. Айтатындары - олардың халқының кейбіреуінде Шыңғыс ханның ДНК-сы (V хромасома) бар дейді.
«Ал енді осыны айтып отырған ғалымдардың қолында Шыңғыс ханның өзіне тән ДНК бар ма? Әрине, жоқ. Моласы, сүйегі табылмаған соң ДНК қайдан болсын?» деп тұжырымдайды ғалым Төреғали Тәшенов. ДНК оның қай жақындарынан алынғаны да белгісіз.
Осы сияқты бір топ батыс ғалымдары Еуразияның әр бөлігінен 18 халық өкілдері ер-азаматтарының ДНК-сына зерттеу жүргізгенде, көпшілігінің қан құрамдары бір-біріне өте жақын, тіпті ұқсас, бір «отбасының» жандарындай болып шыққаны АҚШ-тың «Адам генетикасы» журналында басылды. Олар Каспий теңізі мен Тынық мұхиты аралығындағы бүгінгі 16 миллионға жетіп жығылатын адамға ұрық қалдырған феномен Шыңғыс қаған деген қорытынды жасаған. Демек, бұл да ғылыми негізге сүйенбеген ақпар. Бірақ соңғы шыққан ғылыми жұмыстарға сүйеніп талдау жасауға, ойлануға, жаңа көзқарастар туғызуға, жеке пікір айтуға әркім де ерікті, тек тарихи принциптер мен заңдылықтар және деректер негізінде болуы керек. Сонда оны негізсіз ешкім меншіктенбес еді.