1. Қатыннан келген жалғыз алашаны қысты күні ашыққанда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім, енді мынау бәрі налогқа кетейін деп отыр (Майлин). Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын әдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле-қараған жоқ, Әбдірахманның тұла бойын, жүзін шарлап қарады (Есенжанов).
2. Қарын ашады, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап қасқырлар жүрген сияқты (Мұқанов). Ақырын ғана есікті ішке қарай итеріп еді, болмашы саңылау көрінді, бірақ кілтті ме, әлде іштен сұқпа салған ба байқап болар емес (Есенжанов).
190
3. Қоян бастапқыдай жүгіре алмады, өйткені ол шаршап қалып-ты, бірақ әдіс алған неме енді жалтармамен жан сақтап қалың ағашқа жақындап келеді (Мұқанов). Аманғали молданың насыбай атуы мүмкін, өйткені насыбайды иіскемейтін адам аз, ал, ана ишандардың балаларының шылым тартуы сөкет екен (Есенжанов).
Келтірген мысалдың бірінші тобындағы сөйлемдер компонент-тері бір-бірімен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласқан. Екінші топтағы сөйлемдердің алдыңғысында бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулық арқылы, екіншісі үшінші компонентпен жалғаулықсыз құрмаласса, соңғы сөйлемінде, оның керісінше, бірінші мен екінші жалғаулықсыз, екінші мен үшінші жалғаулық арқылы құрмаласқан. Сөйтіп, бұл сөйлемдер компоненттерінің бір-бірімен байланысы әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз түрде араласып келген. Ал, мысалдың, соңғы үшінші тобындағы сөилемдер компоненттерінің барлығы да бір-бірімен жалғаулықтар арқылы құрмаласып бірыңғай болып келген.
Сонымен, көп тармақты салалас сөйлем, компоненттерінің бір-бірімен байланысу тәсілі жағынан, жалғаулықсыз болып та, жалғау-лықты болып та, әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз аралас болып та айтыла береді.
Көп тармақты салалас сейлем компоненттері жоғарыда келтірген мысалдардағыдай әрдайым әрқайсы әр түрлі мағыналық қатынаста келе бермейді, мағыналық қатынастары жағынан олар бір тектес, бірыңғай болып та тұрады:
Көш бетімен жайылған мал, біресе ұйыса, біресе бытырай қон-ған киіз үйлер, көмір қораларының ескі төмпешіктері (Мұстафин). Оның кескіні күндегіден күреңденіп кеткен, үстіндегі киімдері де өзгелерден өзгеше көркем, кеудесіне жалтыраған әлденемелерді қа-дап алған (Мұқанов). Кілем, көрпе төсеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектінің бәрі бар, артық еш нәрсе жоқ (Мүсі-репов).
Мұндағы компоненттердің өз ара байланысты, бір уақыттың, бір мезгілдің ішіндегі көріністі, жай-күйді суреттегені болмаса, оларды мағыналары жағынан пәлендей қарым-қатынаста тұр деуге бол-майды:
Төбесінде аспанға шығып алып шырқаған боз торғайдың үні бойды балқытқан сұлу әндей, артына бөктерген қасқыры мерт болған мықты жауындай, екі тазыға кезек төнген көк құладын белдесуге жоқ, сырттан кіжінген күншілдердей, астындағы жүйрік боз әзір кіршік шалмаған ұшқыр ақ көңілдей еді (Мұстафин).
Компоненттерінің мағыналық қатынасы жағынан алғанда, бұл да осының алдында келтірген мысалдағы сөйлемдердей. Бірақ мұнда-ғы компоненттер бірлігі жоғарыда айтылғанның үстіне қосымша сөйлемдегі төрт компонентке ортақ бір сөздің (мүшенің), төрт компонентті бірдей арқандап, өз төңірегіне иіріп тұрған ілік септікті сөздің (Асанның) болуы болса (Асанның төбесінде, Асанның артына бөктерген, Асанның астындағы, т. б.). Екіншіден, ең соңғы компо-нент соңындағы еді көмекшісінің сөйлемдегі барлық компонент баяндауыштарына да бірдей қатынасы бар, ортақ көмекші болуы.
Көп тармақты салалас сөйлемдер бірінші компоненті жалпылық мағынада айтылып, кейінгілері соның мәнін саралап ашып тұратын түсіндірмелі сөйлем түрінде де көп кездеседі:
Лашын әр түрлі болады: біреулері ілген үйрегін ала жерге түседі екен де, енді біреулері бір жолдың өзінде бірнеше үйректі түсіріп қалады екен (Мұқанов). Елдің іші сапырылысып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді (Майлин).
191
САБАҚТАС Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ
(Жалпы мәлімет)
Сабақтас сөйлем — құрмаластың ең бір күрделі де көлемді түрі. Мұның кейбір заңдылықтары мен ерекшеліктері оның өзіндік табиғатынан шығады. Бұл — сабақтаса құрмаласқан сөйлемнің бағыныңқы және басыңқы компонент негізінде құралуымен айқындалынады. Мұндай қасиет сабақтас сөйлем құрамының салаластағыдай өз ара тең, бір дәрежеде еместігін көрсетеді. Олай болса, сабақтас құрмалас деп құрамындағы бір сөйлемнің екіншісіне тәуелді, бағына байланысуын айтамыз. Ал, бағыныңқы компонентті жетектеуші, өзіне бағындырушы бөлшек басыңқы сөйлем (компонент) деп аталады. Сөйтіп, сабақтастың құрамы бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер деп өз ара ажыратылып отырылады.
Сабақтас құрмалас сөйлем, негізінен алғанда, бағыныңқылардың өз басыңқыларымен грамматикалық жағынан байланысын, соған орай, бағыныңқы сөйлем түрлерін қарастырады. Сабақтастың мұндай функциясын сөз етпестен бұрын, оның грамматикалық табиғатын айқындап алу қажет. Ал бұл салада, ең алдымен, бағыныңқы, басыңқы компоненттердің бір-бірімен жақындығы, өз ара айырмашылықтары еске алынады.
Сабақтас құрмаластың қарамағына түскен жай сөйлемдердің бір-бірімен өз ара байланысы, ара қатынасы олардың тек жай ұласу, жалғасуы ғана емес (бұлай болған күнде олар бір бутін күрделі ой мазмұнының көрінісін бере алмаған да болар еді), мағыналық және тұлғалық жақтарынан өз ара тығыз, берік байланысқа түсіп, бір-бі-рімен ұласа айтылған күрделі ойдың бірлігі.
Сабақтас сөйлемнің грамматикалық табиғатын айқындауда, ең алдымен, мұндағы бір бүтін синтаксистік қатынасқа түскен әрбір жеке сөйлемдер әдеттегі сөйлемдік қасиетін сақтай ма, не болмаса бағыныңқы компонент басыңқыға сіңісіп, соның бір мүшесіне айналып кете ме, не соған қатысты бола ма — деген сұраудың мазмұнын ашып алу керек. Бұл мәселе жайында тіл білімінде екі түрлі көзқарас бар. Біреулері құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді бұрынғы сөйлемдік қасиетінен айрылған, деформацияланған элемент ретінде ғана түсінсе, енді біреулері бұларды толық мағынасындағы сөйлем есебінде қарайды. Соңғы пікірді қуаттауға болады. Өйткені сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер — деформацияланған (біріншісі екіншісіне сіңіп кеткен) сөйлемдер емес, жеке сөйлемдік қасиетін жоймаған сөйлемдер. Рас, синтаксистік байланыс жағына келгенде, бағыныңқы сөйлем тиянақсыз, басыңқыға иек ар- тып тұрады. Алайда бұл оның сіңіп кетуі емес, қайта сөйлемдік қасиетін сақтай отыра, тұлғалық, мағыналық жақтарынан тиянақталмай, келесі сөйлеммен байланысын көрсетеді. Мұның өзі бағыныңқы сөйлемнің ерекшелігін айқындайды, оның синтаксистік единицалық бір бүтіннің құрамына кіруін дәлелдейді. Мұндайда бағыныңқы сөйлем екінші бір сөйлемнің (басыңқының) қажетін өтеу үшін жұмсалады. Ол қажеттілік басыңқы компоненттегі оқиға әрекетінің мазмұны ашылу барысында айқын байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |