Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет47/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

97


оқиды. Мына мектепте Асан оқиды. Мына мектепте Үсен оқиды. Осш үш жай сөйлемді «Мына мектепте Асқар, Асан, Үсен оқиды» деп қысқартуға да болады. Сөйлем мазмұнында ешбір өзгеріс болған жоқ. Тек бастауыштары бірыңғайластырып санамалау арқылы берілген,
Бірыңғай мүшелер, көбінесе, тұлғалас болғандықтан, оларды ық-шамды етіп айту мақсатымен грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздерді ең соңғысына жалғаймыз: Әркім күрек, сүймен зембілдерін ала барады (Сланов). Бай балалары... қызыл кілем барқыт к ө р п е- л е р д і ң үстіне жатады (Сейфуллин).
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері басқа бір сөзбен өз ара бірдей се-мантика-синтаксистік қатынаста болады. Олардың тағы бір ерекшелігі — бір-бірімен тең байланысады. Бірыңғай мүшелер арасына салаластық мағыналы жалғаулықты қоюға болады. Ондай жалғаулықты: қоя алмайтын жағдайда бұлар бірыңғай мүше болып танылмайды.
Бірыңғай мүшелер арасы интонация арқылы да байланысады, Бірыңғай мүшелер арасындағы интонация тарихи жағынан алғанда жалғаулықты шылаулардан анағұрлым көне және оның қолданылу, жұмсалу өрісі жалғаулықтардан анағұрлым кең. Мұндай интонация екі топқа бөлінеді: а) санамалы үнмен айтылатын интонация; ә) қа-рама-қарсы қою интонациясы.
Интонацияның күші сөйлем ішінде антонимдер мен болымсыз етістіктер болған жағдайда едәуір арта түседі. Бірінен кейін бірі не қатар жарыса болған іс-әрекетті білдіретін бірыңғай баяндауыштың алдыңғылары -п, -ып, -іп көсемшесіне бітеді: Оқушылар орындары-нан тұрып, к и і н і п, қора ішінде өз ара сөйлесіп, к ү л і с і п, қаннен-қаперсіз жүруші еді («Соц. Қаз.»).
Бірыңғай баяндауыштан кейін көмекші етістіктердің қайтала-нып айтылып отыруы мүмкін, біраң міндетті түрде емес: Адам тәр-. тіпті де, кішіпейілді де, қабілетті де болуға тиіс.
Кейде бірыңғай мүше болмайтын, бірақ оған қатты ұқсайтын,, соның дәл өзіндей көрінетін тіркестер де болады. Анықталатын зат-тың әр қилы, жан-жақты сапасын білдіретін кейбір анықтауыштар бірыңғай мүше бола алмайды. Анықтауыштардың сын есім, есімдік, есімше т. б. сөз таптарынан болып нәрсенің әр алуан сапасын, белгі-сін, қасиетін, ерекшелігін көрсететін түрлері бірыңғай мүше болмай-ды, мыс.: ¥зын қоңыр сақалына араласқан күміс реңді ақ талдар ғана айқын көрінеді (Әуезов). Айналасына әжім жиналған мұңды көзін кейде қысыңқырап қарайды (Мұқанов).
Бірыңғай мүшелерді ажыратуда интонацияны да есепке алу ке-рек. Бірыңғай мүшелер арасында кідіріс елеулірек, молырақ болады, нәтижеде бірыңғай мүшелер сөйлемдегі басқа сөздерден оқшаула-нып, ерекшеленіп тұрады. Ал, бірыңғай мүше болмайтын жағдайда кідіріс байқалмайды. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен екі түрлі жолмен, яғни не жалаң интонациямен, не жалғаулықтар арқылы салаласа, бір-бірімен тең байланысады. Мыс.: Ол б і р д е ақын, б і р д е п р о з а и к, б і р д е с ы н ш ы, б і р д е ж у р н а л и с т, бірде драматург. Артқы топ А қ ы л б а й, М а ғ ы ш, К ә к і - т а й, Д ә р м е н (Әуезов). Көк жүзінің шарбы бұлты әлде қайда тарап, с і ң і п, ж о қ б о л ы п жатыр (Майлин). Қ а л а, д а л а, о й м е н қ ы р... Төгілген көктен алтын нұр (Жамбыл).

Бірыңғай мүшелердің байланысу жолдары


Бірыңғай мүшелер бір-бірімен өз ара жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді, мыс.: Мақсат орыс тілінде қатесіз с ө й л е у, қ а т е с і з ж а з у (Мұқанов). Бұлардың ар-


98


тында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді (Әуезов). Айтар қо- рытындым д а, қ о я р т і л е г і м д е біреу-ақ (Әбішев). Махаббат, мейрім, ән мен күй, Ойын-күлкі наз келді (Жамбыл). Бірыңғай мүшелер өз ара бірі екіншісімен салаласа, басқа мүшелермен сабақтаса байланысады. Оларды бір-бірімен сала-ластыра байланыстыратын амал-тәсілдер интонация меи жалғаулық-тар. Жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелер арасын-да кейде екпін кідірісі, пауза болмайды. Олардың арасын кей жалғаулық тығыз байланыстырып, жымдастырьш жібереді, Бірыңғай мүшелер кейде екі-екіден жалғаулық арқылы байланысып, жұптасып айтылады. Бұлай ету бірыңғай мүшелерге екпін түсіре, күшейте айтудың бір жолы болып табылады: Олардың бұтақтары-нап алма мен ал-мұрттың, өрік пен інжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің (Мұқанов). Мұндай жағдайда бірың-ғай мүшелерді санамалап айту тұйықталмайды, оңы әрі қарай соза беруге болады. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы бәрінің бір тұлғада тұруынан көрінеді, яғни тұлғалық, жағынаң біркелкіліктен ғана байқалады.
Бірыңғай бастауыштар бірінші, екінші жақтағы есімдіктерден болғанда, баяндауыш олардың ең жақын тұрғанымен жақтаса байла-нысады: не ,мен, не сен барарсың. Не сен, не мен барармын. Не сен; не ол барар. Не ол, не сен барарсың. Яки мен, яки сен айтарсың. Яки сен, яки мен айтармын. Яки сен, яки ол айтар. Яки ол, яки сен айтарсың. Бұл бастауыштар талғаулық мәнде қолданылып тұр.

Бірыңғай мүшелердің арасында келетін жалғаулықтар


Қазақ тілінде бірыңғай мүшелердің арасында қолданылатын жалғаулықтар біраз бар. Олар: да, де, та, те және; мен (бен, пен), бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да, я, не, немесе, әлде, алайда т. б. Бұл жалғаулықтардың беретін мағынасы әр түрлі болатындығы сияқты; шығу тарихы да әр түрлі. Олардың бірі өте ертеде пайда болса, кейбірі соңғы кезде, басқа толық мағыналы сөздер негізінде туып өрбіген;


Бұл жалғаулықтардың біразы тек бірыңғай мүшелерді ғана емес, дербес сөйлемдерді де бір-бірімен байланыстыру үшін қолданыла-ды. Олар сөйлемдік құрамның мағыналық мазмұнын неше саққа жүгірте құлпыртып, оны мәнерлеп, тігісін жатқызатын тұлғалар. Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстыруда беретін мағынасына қарай мына төмендегідей үш топқа бөлінеді: ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет