Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет48/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Ыңғайластық жалғаулықтарға: және, мен, бен, пен, менен, тағы, да, де, та, те, әрі жатады, мыс.: Бұл әрі құдыққа мал түсіп кетпеуді, әрі судың таза болуын ойлаған ұқыпты адамдардың ісі екенін көрсетіп тұр. Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет (Әбішев). Жақсылық та, Баршагүл де, Қайырбек те, Мұхит та қуаң қағып, шапшаң бұрылып төңірекке көздерін жіті жүгіртеді (Сланов). Бұл жалғаулықтардың бірыңғай мүшелер арасында қойылуында өзіндік ерекшелік бар. Олар жалпы алғанда, бір топқа жатқанымен (ыңғай-ластық жалғаулықтар болып) әрқайсысының қолданылуында өзгешеліктер болады. Және, мен жалғаулықтары сөйлем шеңберінде қайталамайды. Сөйлемде бірыңғай мүше көп болса, және жалғаулы-ғы оның ең соңғысының алдында ғана келеді, мыс.: Біздің бүгін сатып әкелген заттарымыз мыналар: кітап, қаламсап, қарандаш және қаламұш (Оқу кітабынан).
Тағы(да) жалғаулығы қайталақтанып айтылатын бірыңғай басгау-ыштардың, не баяндауыштардың арасына қойылады.
Да, де, та, те жалғаулығы келгенде, ол әрбір бірыңғай мүшеден
99

кейін қайталанып отырады, мыс.: Ол әлгі әнді де, бұлбұл үнін де, қараңғы түнде қалқыған қалың орманның баяу сыбдырын да түн-шықтыра алмайды (Полевой).


Мен жалғаулығы зат есімдер мен соның орнына жұмсалған есім сөздерден болған бірыңғай мүшелерді байланыстырады. Ал, және жалғаулығы бірыңғай мүше атаулының барлығын дерлік жалғасты-ра береді. Басқаша айтқанда, оның қолданылу өрісі кең. Әрі, да, де, та, те, және, менен жалғаулықтары бірыңғай мүшелер арасында қолданылады да, олардың өз ара тең екендігін білдіреді: Айдос п е-нен Сатыбалды үйге кірді. Мен кітапты стол үстінен алдым д а, жолдасыма бердім.
Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да, алайда./Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелер мен сөйлемдердің соңғысы алдыңғысына қарсы қойыла айтылғанда қолданылады. мыс.: Ол Асқарға қайта-қайта қарады, бірақ тани алмады (Мұқанов). Ол алғыр бала, б і р а қ еріншек. Жақып сол қырды таң атқанша іздеді, бірақ таппады (Мұстафин). Дала аласа, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Ән арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып барады (Әуезов).
Қарсылықты жалғаулықтар құрмалас сөйлем аясында да кең түрде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет