Осы елдің өзінен шыққан жігіт болғандықтан, ұлықтың қасына ерген болса да, мынау айтылғанды т е з аңғарды (Әуезов)... Сергей тырс-тырс етіп тұрған тістерін қанша қатты басқанмен, тыр -сылдағын қойдыра алар емес (Мүсірепов).
Осы мәнде сан есім мен мезгіл мәнді зат есімдердің тіркесі де қолданылады. Мұндай тіркестер атау, барыс, жатыс септік тұлғалы болады. Базаралы тағы екі күн болыпты ...Жатақтың мынау қазір жалаңаш қалған, баспанасыз қалған үйлерінің бәрін де бірақ сәтте көтеріп көшіріп әкетіпті (Әуезов). А л т ы а й л ы қ қысқа алатын ақым — елу сом (Мұқанов).
Сонымен қатар, бойы көмекші есімімен және дейін, шейін, бері демеулерімен келген тіркестер де мерзімдік созылуды білдіруге икем. Он шақты күннен б е р і Абай Семейде каталашкада отыр (Әуезов). Менің творчестволық жолым бірталайдан б е р і окоп, айқастар арқылы өтті ғой (Мүсірепов). Өмір бойы болса қайтеді, — дейді Қайырке. — Сиыр бағып өткен кісі бізден кем емес. Сиырлар түске ш е й і н жайылғаннан кейін, мерзімді уақытында көлдің жағасына жусаттық (Мұқанов).
Сан есімдер мен мезгіл зат есімдердің тіркесі, бері, дейін (шейін) демеулерімен және бойы көмекші есімімен келген тіркестердің мөл-шерлік мәні мезгілмен ұштасып жататыны айқын. Бірсыпыра оқу-лықтарда бұндай синтаксистік топтарды мезгіл пысықтауыш деп талдауға да сол себеп болса керек. Бірақ бұлар айқын мерзім-уақытты білдірмей, солардың сандық мөлшерін ғана білдіре алады.
Мөлшер пысықтауыш қызметінде бір бие сауым, сүт пісірім, көз-ді ашып-жұмғанша, қас қаққанша, қас пен көздің арасында тәріздес мөлшерлік мәнде айтылатын тұрақты тіркестер де жұмсалады.
Іс-қимылдың көлемдіқ таралу, жайылу дәрежесін білдіретін мөл-шер пысықтауыш қызметінде сан есімдер мен мөлшер, көлем мәнді зат есімдердің тіркесі жұмсалады: Машина а л п ы с к и л о м е т р жүрді. Бала б і р ш ақыры м жүгірді.
Көлем мәнді зат есімдер мен дейін (шейін) демеулерінің тіркесі де осындай мағына береді. Шыңғыс сыртындағы Бақанас, Байқош-қарға дейін көшіп барыспақ (Әуезов).
96
Мөлшер пысықтауыштардың ушінші бір тобы, жоғарыда айтыл-ғандай, баяндауыштың мағынасын сан-мөлшер жағынан пысықтай-ды. Мұндай пысықтауыштар бірде істің қайталану дәрежесін білдіреді: Сол арыз көршілес Жетісу мен Семейдің екі жандаралы-ның да кеңсесін көп аралаған екен. Найман өзінің малын б ір қуса, крестьян начальнигінің кегін және қуыпты (Әуезов).
Қимылдың мөлшерлік шегін білдіреді. 1960 жылы электр энер-гиясын жылына ү ш т р и л ли о н ғ а д е й і н өндіруге болады (газеттен). Іс-қимылға объектілердің қатысу дәрежесін білдіреді: Ба-ғанағы Абаймен келген жатақтар да т е г і с осында жүр. Бұл шырайдың артынан мынау үйде көп отырмай, Байкөкше, Шөке, Баймағанбеттер біртіндей сусып, Абайды іздесіп шығып кетті (Әуезов). Іс-қиылдың сапалық мөлшерін білдіреді: Әйеліммен кездесудің бұл түрі онша ұнамайды да, ішімнен «отставить» деп, басқа бір түрін ойлап қараймын (Мүсірепов). Сондай-ақ, шана-шана, қора-қора, уыс-уыс, тай-тай тәрізді мөлшер мәнді қос сөздер көмекші етістіктермен бір тіркесте келіп сөйлем құрамында мөлшер пысықтауыш болады: Су сіңіп борсыған балшықты... далаға шана-шана қылып төктірді (Мүсірепов).
СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ МЕН ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗДЕР
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бірыңғай мүшелер мәселесі — синтаксис саласындағы күрделі, өзекті тақырыптың бірі. Грамматикалық ережелердің біразы осы мә-селеге тікелей және тығыз байланыста қаралады.
Сөйлемде бірыңғай бір-ақ мүшенің қызметін атқарып, бір-ақ сұ-рауға жауап беретін және бір-ақ сөзбен ғана байланысатын біркелкі тұлғалар болады. Олардың логикалық мағына жағынан да біркелкі-лігі байқалады. Бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. Басқаша айтқанда, олар қайталанып, қайталақтап айтылған сөйлем-нің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Бірыңғай мүшелер бірыңғай тұлғада және көбінесе бір сөз табынан жасалады. Мұндай сөздер са-намалы үнмен бөлініп-бөлініп айтылады. Басқаша айтқанда, олар сөйлемдегі басқа мүшелер сияқты бірсыдырғы, бір-біріне ұласа ай-тылмайды. Бірыңғай мүшелер өз ара салаласа, бір-бірімен тең байла-нысады. Олар бірін-бірі іліп-шалып, бағындырып, бағынып жат-пайды. Бірыңғай мүшелердің синтаксистік қызметі де біркелкі, бірдей болады. Сол себепті де олар бірыңғай мүшелер деген терминмен аталады. Бірыңғай мүше, басқаша айтқанда, біркелкі мүше деген сөз болыл шығады.
Бірыңғай мүшелер жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Оның бір сөзден құралғанын жалаң, бірнеше сөздер тобынан құрал-ғанын жайылма дейміз. Олар үлкен-үлкен теңдерді шешіп, қ ы м -- б а т к і л е м, ә с е м т ү с к и і з, а л а ш а, көрпелерді алды (Әуезов).
Бірыңғай мүшелерді сөйлем аясында шұбалаңқы етпей, ықшам-дап, ыңғайлы, оңтайлы етіп айту үшін жалғаулықтар мен көмекші элементтер олардың бәріне ортаң етіліп бір-ақ рет жұмсалады, мыс.: Медеубек, Балтабек сияқты жұмысшылар керемет күш көрсетіп, үлкен серік болды. Бір тілек, берік ынтымақ, қажырл ы, а д а л еңбектің алмайтын қамалы жоқ екенін көз көрді (Мүсірепов). Айшаның... мұңайған кер көзі оның қалың о й д а, ауыр қайғыда екенін білдіретін (Сейфуллин).
Бірыңғай мүшелер бірнеше жай сөйлемнің қысқарып сыйысуынан пайда болған деген пікір бар. Мысалы: Мына мектепте, Асқар
Достарыңызбен бөлісу: |