Балтабек оған іштей қайғырады, бірақ, амалы қанша, істер шара жоқ (Мұқанов). Масқаралап мені тағдыр қылды мазақ, не шара... Досың-ақпын тағдыр араз Толғанамын, қайтемін...; Қазақ~орыс қатыны бір сүлуды Әкеліп ем, қайтейін, оны тағи ал...Әзелде тағдыр иеден қожам сенсің, не к е р е к (Абай). Б ә с е, жігер шығар жұртымнан, осындай ақыл да шығушы еді ғой (Әуезов).
II. Сөйлеуші айтылған хабарға өзінің к ү м ә н д ы-к ү м ә н с ы з-дығын, оны қостайтын-қостамайтындығын қоса білдіреді. Мұны білдіретін қыстырмалар мыналар: сірә, тегі, асылы, зады, әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, шынында, шынын айтқанда (айтса? айтсақ), кім біледі, бәлкім, ұмытпасам, жаңылмасам, мүмкін.
Даусы сенімді шықпады, әрине (Мүсірепов). Рас, Кәлен, кісі мойнында кегін жібермейтін жау (Нұрпейісов). Биені жақында байлаған-ау, з а д ы? — деп ойлады ол. Т е г і, бір үлкен орынга келін боп түскен адаж-ау деймін (Мұқанов). К і м б і л е д і, бүдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Майлин). Мен сені қайтіп, с і -р ә, ұмытармын (Аманжолов). Келмесең егер сен бізге Сау болмас па ем, ә л б е т т е? (Абай).
III. Қыстырмалар айтылған хабардың кімнің тарапынак (айтуы, ойлауы бойынша) екенін көрсетуі мүмкін. Оларға жататындар: меніңше, сеніңше, біздіңше, оларша, оның айтуынша (ойлауынша), пәлен адамның айтуынша (хабарлауынша), әлі есімде.
Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салысқан сияқтысыз (Әуезов). Кенжетайдың айтуынша, ол мұрнын көкке көтерген тәкаппар (Мұқанов). Ай, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің бі- луіңш е, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты (Абай). Бұлар, елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Майлин). Рас, [Нүрдәулеттің] атын біле бермес, ал түсін тани-тындар, б і з д і ң ш е, көп табылуға тиіс (Иманжанов).
IV. Бірқатар қыстырмалар тыңдаушының назарын аудару ү ш і н қолданылады. Олардың негізгілері мыналар: айтпақшы айтқандай, әне, міне (мінеки), кәне, мұның үстіне, ол — ол ма, бұл — бұл ма, өздеріңізге мәлім, көріп отырсыз, білем, білесің бе, байқайсың ба, байқаймын т. б.
О л — о л ма, каналдың басы боларлық иін Сырдарияның бұл
104
аралап өткен тұсынан табыла ма, жоқ па? (Мұқанов). О л — о л б о л с ы н, жә, мынау көргеніміз қай мазағымыз! (Әуезов). Азырқан-дың, білемін, ақсақал шал (Абай). Б а й қ а й с ы ң д а р ма, күн бұзылып барады. Байқаймын, менен жасыратын бір сырларың бар секілді (Нұрпейісов). Е, айтпақшы, мынау әлгі конезоводтың бригадирі Оспанқұл ғой! (Әуезов). Айтшы, к ә н е, өз тобыңның алдында (Мүсірепов). Тыңдаңдар, м і н е, қаладан хабар естіп отырмын. Шынында, осы кезде Бөкенші асуының жотасынан бері қарай шапшаң құлдилап келе жатқан қалың шоғыр көрінді (Әуезов). Бенде өлмейді арманнан, мінеки, мен де өлмедім (Абай).
Ә н е, қос қанатты инеліктер ұшып жүр. Оған, міне, екі жыл (Мұқанов).
V. Сөйлеуші айтқалы отырған ойының ретін, желісін қыстырма-лар арқылы көрсете алады, мұндайда сөйлем ішіндегі кейбір ойлар айқындала түседі, немесе ойдың түйінделетіндігі ескертіледі. Қыстырмалардың бұл тобына жататындар: мысалы, қысқасы, негізінен, жалпы алғанда, керісінше, біріншіден, ең алдымен,әуелі, екіншіден, үшіншіден,... демек, сөйтіп, айталық, қайта, бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, бір жағынан,... қорыта келгенде, ақыры, ақырында, жоғарыда айтқандай, жоғарыда көрсетілген-дей, әйтеуір, ендеше, көбінесе т. б.
Абай, бір жағынан, Әбіштей баласының орысша кең, мол тәрбие алғанына қызыға қарайды. Екіншіден, Россияның бар жаңа хабарына ынтығады. Әбішке ана боп отырып, оның ой-ниетін білуінде ешбір өрескелдік жоқ. Қайта, аса орынды, (Әуезов). Өйт-кені, Сағит, бір жағы, ертегішіл, екінші жақтан, бір кеңесті бастап берсе, толық ұғып алуға тырысып, содан көп сұраулар тудырады. (Мұқанов). Былайша айтқанда, Дәмелінің көркемдігі қуаныштың көркемдігі екен (Ерубаев). А қ ы р ы, Раушанды қайда көріп, қалай танысқаным есіме түсті (Иманжанов). Әйтеуір, әді-лет қой іздегенің (Мүсірепов). Айнала айтқанда, құдай сана берсін десейші (Майлин). Жалпы алғанда, қазақ эпостарының көпшілі-гінде-ақ бас қаһарманы — тәңірден тілеп алған жалғыз ұл (Жұмалиев). Сөйтіп, қонақтан Қаражан үйі сейілгенде, өздері оңаша сөйлеспек боп, екі абысын ғана қалды. Соры ма, ырысы ма, ә й т е у і р, тағы бір өзгешелгктері бойынша намысқор кісілер (Әуезов).
Сөйлемнің с ұ р а у л ы қ немесе әр түрлі экспрессивтік мәнін күшейте түсу үшін де қыстырма сөздер қолданылады. Олар көбінесе, не, немене, осы, мына тәрізді есімдіктерден де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |