Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет53/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Я (ие, нә) сөзі әрдайым қойылған сұрақты тікелей құптау бола. бермей, айтылған ойды нықтай, беркіте түсу үшін де жиі қолданлады.
— Я, халайық, бұл бір асыл мереке болды, шын қуаныш, қалт-қысы жоқ халық қуанышы (Әуезов).
Қалашыға, сірә, бер жағы, ғой қиыны.
И ә, бергі жол ауыр соқты (Нұрпейісов).
Жоқ, қой сөздері қойылған сұраққа тура қарсы жауап болады немесе келіспеушілікті білдіреді де, көбінесе, сөйлемнің басында қолданылады. Осы мағынада жо, жоға, жоға деймін, қойшы әрі (сөйлеу тілінде) сөздері де келуі мүмкін.
Шұғаның белгісі дегеніңіз не нәрсе, тау ма?
Ж о қ, әшейін бір обашық (Майлин).
Жарайды, Абай аға, қаршыға жайында ма?
Жоқ, қаршыға емес (Әуезов).
Ж о, мен нағылайын! Абай ағам өзі бірдеңе етер (Әуезов).
Қ о й, күдік айтудың не лайығы бар (Мүсірепов).
Жоқ сөзі де, я сияқты, айтылған ойды күшейте түсу үшін де қолданылады, онда да оқшау тұрады:
Кәдімгі тастан жасаған құман ба?
Ж оғ а т ә й і р і, деді Түрке, шойын құман (Мұқанов).
Амандасу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау т. б. үшін қолда-
нылатын сөздер түрліше болады. Олардың көпшілігі сөз тіркесі болып келеді: сәлем, сәлематсыз ба, есенсіз бе, амансыз ба, күйлісіз бе, қош болыңыз, сау бол, сау тұр, қайыр, қайыр қош, шүкір, кешіріңіз, кешір, ғафу етіңіз, айып етпеңіз, рахмет т. б.
Көркем әдебиетте амандасудың арма, армысың, армысыз, бар бол, жол болсын, жолай болсын, ассалаумағалайкүм, уағалайкүм уәсәлам сияқты түрлері де кездесуі мүмкін.
Амансың ба, Қарауылдың қыз-жігіті!
Есенсіз бе, Ақан аға!
Аманбысың , Ақтоқты! (Мүсірепов).
Хош к е л і п с і ң, Әбішжан! — деген сан тілеулес жүрек-терден шыққан ыстық сөздер (Әуезов).
Ғ а ф у ет, кетіппін. ғой қиялға еріп. Оқушым, р ұ қ с а т ет,. қиял құсым, шарықтап барып келсін, солай таман (Аманжолов).
Еліңді қыстан шығардың ба, бала?
Шүкір, шығардым (Майлин).
Асығыс ем, рахмет (Мұқанов).
Жантық: Армысыз, жеңеше!
Мақпал: Бар бол, қайным!
Қозы: Жол болсын, құрбым!
108

Баян: Жолдамақ с е н е н б о л с ы н, жас ноян! (Мүсірепов).


Ассалаумәликім, Абай аға! (Әуезов).
Е с к е р т у. Амандасқанда айтылатын сұраулы сөйлемдердің оқшау сөздерден айырмашылығы сол — олар белгілі бір жауап беруді тілейді. Сондықтан олар «оқшау сөз емес, кәдімгі сұраулы сөйлемдер болып табылады.
Әбіш аға, д е н і ң і з с а у ма? А м а н-с а у ж е т т і ң і з б е? Т ү с і ң і з н е г е ж ү д е у?
Д е н і м с а у, Кәкітай (Әуезов).
Аман-есен о р а л д ы ң б а?
Өз үй ішіңіз де есен бе түгел?
Т е г і с е с е н...
Өзіңіздің жүрген жерлеріңіз аманшылық п а ес к е н?
Ш ү к і р, Жұмеке, шүкір, К ө п е й бәйбішенің д е н і -қ а р н ы сау м а? (Мүсірепов).
Бірақ мұндай сөйлемдерден кейін іле-шала жауал берілмеуі де мүмкін. Сондықтан амандасқанда айтылатын сұраулы сөйлемдердің бірқатары тұрақталып, амандасу сөздеріне айналып бара жатыр. А.мансыз ба, есенсіз бе тәрізді оқшау сөздер осындай сұраулы сөйлемдерден ықшамдальш жасалған.
Ескертпе сөйлемдер

Қыстырма сөйлемдер сияқты, сөйлем мүшелерімен синтаксистік қарым-қатынасы жоқ, бірақ мағынасы жағынан негізгі сөйлемдегі айтылған ойға жол-жөнекей әр түрлі ескертпелер жасайтын қосымша (сынамалы) сөйлемдер (кейде жеке сөздер мен сөз тіркестері) болады. Олардың шын мәніндегі қыстырмалардан айырмасы — бұлар сөйлеушінің айтылған ойға қатынасын білдірмейді, сөйлемнің тұтас өзіне немесе оның ішіндегі кейбір сөздерге қосымша түсінік (мәлімет) береді немесе ондағы оқиғаның мекені мен мезгілін, себебін т. б, дәлдей, анықтай түседі. Сондықтан оларды қыстырма сөйлемдерден ажырату үшін ескертпе сөйлемдер деп бөліп қараған дұрыс.


Жә, біздің ауылдың кісілері! Ахкем үйінде қонақ болдың, ішер асыңды іштің (А х к е м д е п о л қайнағасы Т ә к е-жанды айтатын), енді қайтыңдар (Әуезов). Көп кешікпей Асқар Арысқа шейін (Ташкент п е н Т ү р к і с т а н қ а л а л а р ы н ы ң а р а- с ы н д а) абақты вагонында ртырып кеп... одан Шу өзеніне айдалды (Мұқанов). Мұрат енді аялдай алмады (о л е к і н ш і с м е н а д а оқитын), жалма-жан қалтасындагы 20 тиынды қолына алды. да, столға төнді (Иманжанов). Бұрынғы және сол кездегі елдің билері, батырлары ру ұранының астында күресіп келсе (б ұ л бір кездерде Исатайдың өз б а с ы н д а болуы д а мүмкін), Исатай оның орнына басқа күресті патша, хан, сұл-тандарға қарсы күресті үндейді (Жұмалиев).
Көркем әдебиетте біреудің сөзін (тұтас төл сөзді) бөліп жібермес үшін сол төл сөздің иесіне қатысы жоқ кейбір сөздері ескертпе ретінде қолданылады:
— Кел, Серғазы, мұнда! (С е р ғ а з ы т ү р е г е п к е л д і). Жер шарының құрғағы нешеге бөлінеді?
Бері кел, Сағит! (С ағ и т к е л д і). Россияның патшалығы тұратын қаланың аты не? (Мұқанов).
Ескертпелердің бірқатары жеке сөздер немесе сөз тіркестері бо-лып та келеді; олар сөйлем ішіндегі бір сөзді ғана айқындай, дәлел-дей түседі, кейде оның аудармасы, синонимі т. б. болып келеді. Олардың ескертпе сөйлемдерден және қыстырма сөздерден айырмасы сол — ескертпе сөздер қай сөзді айқындап тұрса,
109

сол сөзбен, көбінесе тұлғалас, қызметтес, сұрақтас келеді. Мұндай ескертпе сездер меж сөз тіркестері әсіресе ғылми, педагогикалық және публицистикалық стильдерде жиірек қолданылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет