Қалай, құлағың ашылды ма? (Әуезов). Қалай, ешкім қашқан жоқ па? (Нұрпейісов). Мен, н е м е н е, ана емес дейсіңдер ме? (Иманжанов). О с ы, үріп ауызға салғандай. Біз, о с ы, қайтеміз? (Майлин). Әй, сен, о с ы, не деп отырсың? (Әуезов). Қалай, дұрыс айттым ба, бала? — деді Нәзір (Мұқанов). Н е м е н е, сорлыны енді мында да тыныш жатқызбайын дедің бе? (Майлин).
Морфологиялық тұлғасы жағынан қыстырма сөздер біркелкі бол~ майды, олар әр түрлі сөз таптарынан жасалып әр алуан тұлғада тұ-рады. Қыстырма сөздердің бірсыпырасы қазіргі әдеби нормада қыс-тырма сөз ретінде қалыптасқан тұлғалар (әрине, сірә, тегі, мысалыг қысқасы т. б.) болса, басым көпшілігі белгілі бір контексте ғана қыс-тырма ретінде келіп, басқа бір контексте сөйлем мүшесі болатын сөздер болады.
Рас, (Нұрдәулеттің) атын жұрт біле бірмес. Мүмкін, ол да шу дегенде байқай алмай, таныстығы қазір ғана есіне түсіп қараған шығар (Иманжанов), Еламан аға, білем, бізге өкпелісің (Ңұрпе-
105
йісов). Бұл сөйлемдерде рас, мүмкін, білем деген сөздер қыстырма ретінде қолданылып тұрса, мына төмендегі сөйлемдерде олар сөйлем мүшесі ретінде қолданылған:
Біздің хал солай екені рас (Әуезов). Ол түгіл, өзіңді де жақсы б і- л е м і н (Мүсірепов). Кешке қарай жаңбыр жаууы мү м к ін.
Қыстырма сөздер морфологиялық құрылымы, тұлғасы жағынан мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Модальдық мәндегі есім тектес сөздер: әрине, рас, мүмкін, бәлкім (бәлки), сірә, әлбетте. Тегі, асылы, мысалы, қыс-қасы, ақыры, шамасы, тәрізі, зады (заты) дегендер III жақтық тәуелдік жалғаулы есім түбірлес қыстырма сөздер. Бұлар жатыс сеп-тігінде де тұрып, қыстырма сөздің қызметін атқарады: расында, те-гінде, ақырында, задында; осы модельде жасалған шынында, шын-дығында, дұрысында сияқты сөздер де есім тұлгалы қыстырмаларға жатады. Әуел баста есім түбірлі болганымен, қазіргі тілімізде бірқа-тар қыстырма сөздер осы қызметте жұмсала келе өзінің белгілі бір затты, құбылысты білдіретін лексикалық мәнінен айрылып, таза мо-дальдық сөздер тобына ауысқан. Оларға сірә, әрине, бәлкім, әлбетте, тегі, асылы, қысқасы, ақыры, зады, сөйтіп, демек, мысалы, біріншіден, екіншіден, үшіншіден... деген сөздер жатады.
2. Модальдық мәндегі етістік түбірлі сөздер: қайтейін, ұмытпасам, жаңылмасам, білем, білесің бе, айтпақшы, айтқандай, байқаймын, байқайсыз ба, демек, сөйтіп, айталық.
а) Мүның ішінде ашық райдан жасалғандары: білем, білесің бе, байқаймын, байқайсың ба. Бұлар үш жақта бірдей, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қыстырма сөз болып қолданылуы мүмкін, бірақ қазіргі әдеби нормада қыстырма сөз ретінде, көбінесе, осы берілген тұлғалары пайдаланылады. Ашық рай тұлғасындағы етіс-тіктердің қыстырма сөз ретінде қолданылуы орыс тілінің әсерінен туып, таза калька жолымен жасалып, қалыптасып келе жатыр.
ә) Шартты рай тұлғасындағы ұмытпасам, жаңылмасам тәрізді сөздер де қыстырма қызметін атқарғанда үш жақта, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қолданыла береді: ұмытпасаң, ұмытпасаңыз, ұмытпасақ т. б. Бұлар да калька жолымен жасалған норма.
б) Бұйрық, қалау райындағы қайтейін, айталық (айтайық) сияқты етістіктер қыстырма сөздің қызметін, көбінесе, осы тұлғалар-да тұрып атқарады.
в) Етістік түбірлі қыстырмалардың ішінде демек, айтпақшы, айт-қандай, сөйтіп дегендері қазіргі күнде таза қыстырма сөздерге айна -лып бара жатқандар.
3. Үстеу тұлғалы қыстырма сөздер: біріншіден, екіншіден,... меніңше, сеніңше... керісінше, алдымен, әуелі, қайта, әйтеуір, ендеше, көбінесе.
4. Есімдік тұлғалы қыстырма сөздер: әне, міне, кәне, не, немене, осы, мына, ана.
Алдыңғы үш сөз әнеки, мінеки, кәнеки түрінде де қыстырма сөз болып келе береді.
Қыстырма сөз тіркестерінің грамматикалық құрылысы
Қыстырма сөз тіркестері де морфологиялық сипаты жағынан есім түбірлі және етістік түбірлі болып келеді.
Есім түбірлілеріне зат есім мен есімдіктің (не шара, амал қанша, амал не, амал нешік, бір жағы, бір жағынан), есім мен шылаудың (бақытымызға қарай, сорыма қарай, өкінішіне орай), есім мен үстеудің (әлі есімде), есім мен бейтарап сөздердің (сөз жоқ, не ке-
106
Достарыңызбен бөлісу: |