Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет81/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Дәулет армияға аттанғалы, Марфуға Кеңтогайға келмеген еді (Мұқанов). Бұл екеуі Ділданың аулына б а р ы п қ а й т қ а л ы, Дәрмен өзінше бір есеп ойлауда болатын (Әуезов). Махаббат мәселесінде өзін Самарханнан бұрын да сараң ұстайтын Айбарша, Дәулет майданға аттанғалы, ол жөнде тіпті сырғақсып алды. (Мұқанов).
Е к і н ш і, бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әре-кет, жай-күйдің мақсатын білдіреді, мыс.: Қорен қалмақ а л ғ а л ы Қамап жатыр қалың топ (Қорен қалмақ Қыз Жібекті алмақшы бо-лып, оныц қалың қолы ауылды қамап жатыр, — деген мағынада айтылған).

Жай сөйлемдердің есімше арқылы құрмаласуы


Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру үшін есімшелер де көсемшелер сияқты құрмалас сөйлемнің бағыныңқы жай сөйлемінің, баяндауышы функциясында қолданылады. Бірақ есімшелер мен кө-семшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру жолы бірдей емес. Егер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрған көсемшелер басқа бір қосымша тәсілдердің, формалардың көмегінсіз-ақ жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясын да тікелей өзі атқаратын болса, есімшелерде бұл қасиет жоқ. Олар атау тұлғада, бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышы да бола алмайды, жай сөйлемдерді құрмаластыра да алмайды. Есімшелер жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында қолданылғанда, әр алуан тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формаларда айтылады. Сөйтіп, жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру міндетін есімше формаларының өздері атқармайды, оларға жалғанатын түрлі қосымшалар, тіркесе айтылатын түрлі шылаулық сөздер атқарады.


Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында есім-шелердің барлық түрлері де қолданылады, бірақ құрмалас сөйлем жасауда есімше түрлерінің атқаратын қызмет дәрежесі де, форма-лык; құбылыстары да біркелкі емес. "Есімшелер ішінде жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында жиі қолданылатыны да және формалық, мағыналық құбылыстарға байы да — -қан, -ған, -кен, -ген жұрнақты түрі. Енді соған талдау жасайық.
Есімшенің -қан, -ған, -кен, -ген жұрнақты түрі шақтық мағына- сына қарай тюркологиялық әдебиеттердің кейбіреулерінде осы шақтық деп аталса, екінші біреулерінде өткен шақтық есімше деп аталады. Ал қазақ тілі білімінде осының соңғы атауы, өткен шақтық есімше деғен атауы, қалыптасты.
Өткен шақтық есімше көне түркі жазулары ескерткіштерінде дәл қазіргі формадағыдай болмағанымен кездеседі, бірақ жай сөйлем-дерді сабақтастыра құрмаластыру функциясында жатыс жалғаулы түрі болмаса, басқалары кездеспейді деуге болады.
Қазақтың ауыз әдебиетіне жататын шығармалар мен XVIII— XIX ғасырлардағы ақындар жырларында өткен шақтық есімше қосым-шалы түрде де, шылау сөздерге тіркестіріп айтылып та бағыңқы сөйлем баяндауышы функциясында қолданылған. Оны мына. мысал-дардан да көруге болады:
156


Төстік ауылдан ұзап шыққан с о ң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді («Ер Төстік»). Кешке ханның екі баласы биені күзетуге барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады. Көз ұшындағы құс қанатын жазып жерден көтерілгенше, Керқұла ат үстінен аттап өтіп кетеді («Керқұла атты Кендебай»).
Жау қамалап жеткен соң,
Атынан қару к е т к е н с о ң,
Базарбайдың Төлеген
Тәңірге қылды наланы («Қыз Жібек»).

Қазіргі әдеби тілімізге өткен шақтық есімшенің жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы — бұрынғыдан әлдеқайда күрделі. Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру үшін өткен шақтық есімше алуан түрлі тұлғалық құбылыстарда қолданылады да, соған қарай оның мағынасы да түрленіп отырады.


Өткен шақтық есімше бағыныңқы компонент баяндауышы функ-циясында мынадай формаларда және мынадай мағыналық қатынас-тарда қолданылады:
1. Өткен шақтық есімше жатыс жалғаулы формада тұрады. Баяндауышы мұндай формадағы есімшеден болған бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен екі түрлі мағыналық қатынаста айтылады:
а) Басыңқы сөйлемдегі іс-әрекетті мезгілдік жағынан айқындайды. Мыс.:
Оң бүйірден шыбар ала жыландай шұбатылып Игіліктің кілем жапқан түйелі көші қ ұ л а й бергенде, батыс жақ бетті түтас торлап келе жатқан Жұман байдың он жеті мың жықысы да көрінді (Мүсірепов). Абай қайта-қайта айға қарап таңданып отырғанда, осы ауылдың шетінен ән естілді (Әуезов). Біздің әңгімеміз аяқтала бергенде, екі ауылдың ортасындағы ағытқан қалың жылқының арасынан жіңішке жолмен шаңдатып бір пар атты шыға келді (Майлин). Қанат, құйрық суылдап ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда (Абай).
Бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған есімше, кейде, жатыс септіктің тәуелді формасында да келе береді. Жуынып болып шай ішіп о т ы р ғ а н ы м д а, жатқан үйімнің бір кішкене баласы жүгіріп кіріп келді. Жылқыға таянып, бір белге ш ы ғ а к е л г е н і- м і з д е, алдымызда төрт бес ауыл көрінді (Сейфуллин).
Мысалдан байқалып тұрғанындай, бағыныңқы мен басыңқы сөй-лемдер арасындағы мезгілдік қатынас біркелкі емес: мысалдың бі-рінші сөйлемінде екі компоненттегі әрекет бір мезгілдің ішінде қатар басталып, қатар болып жатқаны, яғни мезгілдестігі байқалса, кейінгі сөйлемдерден басыңқыдағы іс-әрекет, жай-күй бағыныңқы-дағы іс-әрекет жай-күйлер болын жатқан уақытта басталғандығы, яғни мезгілдік жағынан алдыңғысындағы әрекет бұрын, кейінгісіндегі әрекет соң басталғандық байқалады. Сөйтіп, баян-дауышы жатыс жалғаулы есімшеден болған бағыныңқы компоненттің басыңқы сөйлеммен мезгілдік қатынасы екі түрлі: б і- р і н ш і, екеуіндегі әрекет бір мезгілде басталып, қатар болып жатады, яғни мезгілдес болады, е к і н ш і, бағыныңқыдағы әрекет болып жатқанда, басыңқыдағы әрекет басталады, яғни бірі — бұрын, екіншісі — кейін болады.
ә) Басыңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің болу-болмауы-ның шартын білдіреді, яғни шарттық қатынаста тұрады. Бірақ бұл мағына баяндауышы өткен шақтық есімшенің жатыс жалғаулы түрі-нен болатын бағыныңқы жай сөйлемнің негізгі мағынасы емес, кон-
157

текске қарай ие болатын көмекші мағынасы. Сондықтан мұндай ма- ғыналық қатынаста ол өте сирек кездеседі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет