2. Жылап отырған болу керек, екі иіні жоғары көтеріліп селк-селк етеді, айнадан ап-анық көрініп тұр (Есенжанов). Мен ондай хан баласына таңсық емеспін, өзім де хан баласымын; сұлтанға таңсық емеспін, өзім де сұлтанмын («Ер Тарғын»). Оқуға ұмтылған ниетің — өте жақсы ниет, бірақ қазір, тап осы биыл, мумкін, келесі жылы да, қалаған оқуыңа қолың жетері неғайбыл, өйткені оқу үшін оқитын орынды өз қолыңмен жасау керек (Есенжанов).
Келтірілген екі топ мысалдың алдыңғысы — дербес бес жай сөй-лемнен құралған бір абзац. Мұндағы жай сөйлемдер арасында бір-бірімен не мағыналық, не грамматикалық байланыс, салаластық қатынас жоқ. Сондықтан олардың әрқайсысы басқаға тәуелсіз, өз ал-дына жеке бір-бір сөйлем болып тұр. Ал, мысалдың екінші тобында он жай сөйлем болғанымен олардың бір де бірі өз алдарына дербес сөйлемдер емес, олар бір-бірімен мағыналық, грамматикалық байла-ныста айтылып, құрмалас сөйлемнің жеке компоненттері ғана болып тұр. Олардың байланысына келетін болсақ, бірінші құрмаластағы ал-дыңғы екі компонент өз ара себептестік қатынаста айтылып мағына бірліктеріне қарай құрмаласса, соңғы үшінші компонент алдыңғы екеуімен эллипис тәсілі арқылы құрмаласқан. Мысалдағы екінші құрмалас құрамындағы компоненттердің бір-бірімен байланысы да алдыңғыға ұқсас, тек бір өзгешелік — компоненттердің жай сөйлем түрінде ғана емес, сонымен бірге, құрмалас сөйлем түрінде де келуі.
170
Мұндағы екі құрмаласты біріктіріп, күрделі единица етіп тұрған синтаксистік тәсіл, бірінші жағынан, өз ара тығыз байланысты оқиғаның санамалап берілуі болса, екіншіден, бұл екеуіндегі жеке компоненттер ортақ бір ғана бастауышқа жетектеліп тұр. Ал, соңғы үшінші кұрмалас сөйлемдегі компоненттердің бір-бірмен байланысу жолы алдыңғы екеуіндегіден өзгеше: мұнда олар бірақ, өйткені де-ген жалғаулықтар арқылы грамматикалық жолмен байланысқан.
Компоненттер байланысының айтылған тәсілдер арқылы құрма-ласуымен қатар, солардың негізінде туған интонация тұтастығы да салаласа байланысудың бір тәсілі болып табылады. Мысалдың бірін-ші тобындағы жай сөйлемдер арасыңда бұлардың бір де бірі жоқ, сондықтан да олардың әрқайсысы басқаға тәуелсіз, өз алдарына же-ке-жеке сөйлемдер. Бұдан шығатын қорытынды салалас сөйлем болу үшін оның құрамына енетін жай сөйлемдер мағыналық жағынан бір-бірімен байланысты, интонациялық жағынан бір бүтін болып келуі, яғни өз ара салаластық байланыста айтылуы шарт.
Қазақ тілі білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша салалас құр-малас сөйлем, компоненттерінің бір-бірімен құрмаласу жолдарына қарай, күрделі екі топқа бөлініп жүр. Олардың бірі — жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем деп аталады да, екіншісі — жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Енді осылардың әрқайсысына жеке тоқталайық.
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем
Жалғаулыкты салалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бі-рімен жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлем-дер жатады.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында қол-
данылатын жалғаулықтар негізгі мағыналық ерекшеліктеріне қарай
мезгілдес мәнді жалғаулықтар, с е б е п мәнді жалғаулықтар,
қарсылық мәнді жалғаулықтар, т а л ғ а у мәнді жалғаулықтар,
кезектес мәнді жалғаулықтар болып бес түрге бөлінеді де,
осы жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрға-
нына қарай сөйлем де сол жалғаулық атымен мезгілдес мәнді сала-
лас сөйлем, қарсылық мәнді салалас сөйлем дегендер тәріздес аттар-
мен аталып топталады. Бірақ аталған топтардағы жалғаулықтардың
мағыналық жағынан белгілі бір төркіндестіктері болғандарымен, қолданылу орнына, контекстіге қарай олардың әрқайсысының басқалар ауыстыра алмайтын өзіндік дербестіктері де мол кездесіп отырады.
Әр жалғаулықтың өзіндік ондай сіпаттарын айқындау үшін олардың әрқайсысын жеке-жеке талдаған жөн.
Мезгілдес салалас сөйлем
д а жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда өте жиі қолданы-латын да, де, та, те жалғаулықтары. Үндестік заңының әсерімен түрленіл айтылатыны болмаса, бүл — да деген бір ғана жалғаулық.
Бұл жалғаулық салалас құрмалас сөйлем жасауда әр компонент ішінде қайталанып та, қайталанбай екі жай сөйлем арасында да қол-данылады. Мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |