Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда! (Сейфуллин). Айтақ, айтақ, жеңдер! Ж о л д ы а я қ, Бөрібасар, Бөрібасар! (Әуезов). Ә у е д е ұшқан алты қ а з, етің шекер, сорпаң баз («Қыз Жібек»). Айналайын Шұбар ат, Қолтығыңда бар қанат («Алпамыс»); Құр-р, жануар, құр-р! (Мүсірепов).
4) Жансыз, дерексіз заттардың атауы да қаратпа бола алады:
Т і л і м, саған айтайын, Осы сөздің келісін тап. Қ о л ы м, сені қайтейін, Қаламды тұрсың қатты ұстап. Жүрегім, нені сезесің, Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, к ө ң і л і м, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта (Абай); Домбыра, мұнша шешен болдың неге? (Аманжолов); Қош, т у ғ ан жер! (Мұқанов). 3 е ң г і р т а у, сен боласың да мұңдасым! А й с ы з т ү н, сен боласың да сырласым! (Мүсірепов).
5) Нақтылы біреуге немесе бір нәрсеге қарата айтылмай, ж а л- п ы л ы қ-б е л г і с і з д і к мағынадағы бірдеңелерге (құдайға, жасағанға, тәңірге т. т.) қарата айтылған сөздер де қаратпалардың бір түрін құрайды.
Бер, т ә ң і р, берекеңді! Менің сиынғаным бір әруақ, бір құдай! Өзіңсің, бабам! Азған мен бұзғанды өзің тап, ә р у а қ т ы, к и е л і
а т а! — деді Оразбай (Әуезов). Құда й-а у, қай жерде, қашан ғана қыз бер деп сұрап ем сенен (Мүсірепов).
6) Сөйлеушінің өзіне қарата айтылып, оның эмоциялық қатына-сын (өкінгенін, қайғырғанын т. б.) білдіретін сөздер мен тіркестер.
Солай ма еді, аңқау басым! (Мүсірепов). Бұл не пәле? Қайда кеп түстім, с о р л ы б а с ы м-а у! (Әуезов).
Ескерту. Құдай-ау, жасаган, алла-ай т. б. сияқты сөздердің одагай ретін-де әр түрлі эмоциялық сезімді білдіретінін олардың қаратпа больш келетін жағдайларымен шатастырмау керек. Одағай туралы тақырыпты қараңыз.
111
Қаратпаның эмоциялық реңкін күшейте түсу үшін, ол екі (кейде үш) рет қайталап та келеді, мұндайда араларына одағай қосып алуы да мүмкін. Кейде бір қаратпаның өзі бірнеше түрлі сөзбен қайталап та айтылады.
— К е л і н, ә к е л і н, — деді ол (Мұқанов). Қош, қалқам, қалқам!— деді Шұға (Майлин). — Телғара! Айналайын Т е л ғ а р а! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! О й, О с п а н! А й н а л а й -ы н ! Қалқатайым, қой! Қоя қой (Әуезов). Қ алың е л і м, қ а -з а ғ ы м, қайран ж ұ р т ы м, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың (Абай).
Бірнеше адамға арналған әр түрлі қаратпалар қатар келе береді. Ондайда араларына үтір, кейде леп белгісі қойылады.
— К ә к і т а й, Д ә р м е н, М а ғ а ш! Мұнда келіңдер. Т ә к е- ж а н, Қ а р а ж а н, сендер де тыңдаңдар! (Әуезов). Қ а р а ғ ы м ¥ л п а, құлыным Бақыт! Не күйде екенсіңдер! (Майлин).
Қаратпа сөздер құрылымы жағынан жалаң (бір сөзден тұрған) және жайылма (бірнеше сөзден құралған) болып келеді. Жалаң қа-ратпа сөздер жалқы есімдерден басқа мынадай тұлғалардан жаса-лады.
1. Атау тұлғадағы жекеше, көпше түрдегі, тәуелдік жалғаулы және тәуелдік жалғаусыз зат есімдер немесе зат есім орнына қолданылған есімше, сын есім, сирек болса да реттік сан есімдер.
Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат. Сергі, к өң л і м, сергі енді. Өрбі, с ө з і м, өрбі енді (Абай). Б а л а, сен не білдің (Мұқанов). Немесе, ж а з ғ а н, айтсайшы (Майлин). Айыңа да, күніңе де ортақ болмадым демейін, ж а с ағ ан, осы күнімді батыра көрме!
Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті.
— Аллаға неден жаздың, с о р л ы? — депті (Абай).
2. Жасы кіші адамға, балаға, жақсы көрген адамға айтылатын қарағым, жаным, сәулем, шырағым, қалқам, күнім, айнам, құлыным, ботам, қозым сияқты сөздер I жақ жекеше тәуелдік жалғауда тұрып, қаратпа сөздер ретінде қалыптасқан. Бұлар жеке тұрып та, басқа жалқы, жалпы есімдермен қатар келіп те қаратпа болады.
Зорлық жоқ, жаным! Қ а р а ғ ы м Ә б і ш, әкең екеуіңнің сөзің бір жерден шықты-ау! Әй, шы.рағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... сәлем бер! (Әуезов). Қарағым, жылыт, та-мақ бер, Жаз шыққанша асыра. Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп (Абай). Жоқ, қалқам, сендер араласпаңдар. Рай шырағым, бүгін кешке біздікінде боларсың (Нүрпейісов). К елін шырағым, сені коммунист дейді (Майлин). — Апа! — деді Кенжетай есіктен кіре, — Әу, құлыным! Тоңдың ба? (Мұқанов). Тоқталдым дедің бе, күнім? Қайда кеттің, Ақтоқты? Жүрші, сәулешім! (Мүсірепов). Бақытты бол, қ ұ л ы н ы м, бара ғой (Мұқанов).
3. Әй, ау, ей, өй, уа, уай тәрізді одағайлар да қаратпа сөз ретінде жұмсалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |