Әйтеуір қызық жандар. Сыпыңдаған жүріс-тұрыстары, сөйлеген сөздері, әрбір қылықтары өзгеше (Тілегенов). Кенеттен артиллерия бұрқыратып берді (Момышұлы).
5 П. А. Б е р н ш т е й н, А. Н. Ш р а м м. О логической форме вопроса и грамматических средствах его выражения. Ученыө записки Калининградского пединститута, 1959, вып. 6, 192-бет.
6 И. В. Ч е с н о к о в. Понятие о суждении, вопросе, побуж-дении н логической фразе. Уч. записки Ростовского пединститута, 1955, вып. 4(4), 13-бет.
115
Хабарлы сөйлем бірыңғай баяу интонациямен айтылады. Дауыс ырғағы сөйлемнің басында да, аяғында да бір қалыпта келіп, тек ек-пін тусетін сөз ғана сәл көтеріңкі айтылады.
СҰРАУЛЫ СӨИЛЕМ
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер дейміз.
Сұраулы сөйлемдер ерекше форма беретін амалдар — сұраулық есімдіктер, сұрау мағынасындағы сөздер (қашан, қалай т. б.), сұрау-лық шылаулар (ма, ме, па, пе, ше), интонация. Бұлардың бірі лекси-калық амал болса, екіншісі (шылау, интонация) синтаксис саласына жататын амалдар.
Сұраулы сөйлемдер лексикалык; амалдарды, синтаксистік амал-дарды қатыстырумен қатар, әр уақытта ерекше интонациямен айты- лады. Сұраулы сөйлем бас жағында баяу интонациямен айтылады да, екпін түсетін сөзде дауыс көтеріліп, соңы қайта төмендейді.
Кейбір жағдайда сұраулы сөйлемдер лексикалық амалды, шы-лауларды қатыстырмай-ақ тек интонацияның көмегімен құрылады.
Сұраулы сөйлемдердің өзіне тән амалдарды талғаудьг білдіретін мағынасына, диалогтік ситуация үстінде жұмсалу ерекшеліктеріне байланысты.
Сұраулы сөйлемнің қызметі жағынан бөлінуі
Сұраулы сөйлемдер диалог, сөйлесу ситуациясының әр кезеңіне сай түрліше құрылып жұмсалады. Сұраулы сөйлемдерді бұл жөнін ескергенде үш топқа бөлуге болады: негізгі сұрақты б і л д і р е т і н сөйлемдер, жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер, анықтағыш сұрақты білдіретін сөйлемдер.
1. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлем диалогке желі болып отырған таңырыпты әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады. Негізгі сұраққа мысал ретінде мына сөйлемдерді келтіруге болады: Ей, сен бала директордың шопыры емессің бе? (Нұрманов). Қай ауылдың баласысың, шырағым?
Негізгі сұрақ сұраулы сөздердің (не істеді, қашан, қанша, кім, не, кімде, қайда, неге т. б.), ма, ме, па, пе шылаулардың қатысуымен жасалады. Бұл негізгі амалдарға көмекші ретінде интонация қаты-сады.
Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, құбылыстың белгісін білу үшін қойылған бастапңы, әрі негізгі сұрақты білдіреді. Оның ерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда толық көрінеді.
2. Жетек сұрақ негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты білдіреді. Бұл сұрақтың функ-циялық ерекшелігін мына мысалдан көруге болады.
— Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен?
— Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де сай.
— С е н ө з і ң ш е?
Бұл мысалдағы негізгі сұрақ «Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайыпдасақ екен?» Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала отырып, тыңдаушыға іліктес тағы сұрақ қойып отыр. Сен өзің ше? Соңғы — жетек сүрақ.
Жетек сұрақтар әр уақытта негізгі сұраққа арка сүйеп жұмсалады. Бұл оның құрамына әсер етеді. Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады.
116
— Естіп пе ең, келді ғой?
— Кім?
— Әбіл.
— Қайда?
— Осында! (Майлин).
Жетек сұрақ тек сұраулы сөзден құралғанмен, оған қатысты сөз-дер негізгі сұрақтан көрініп тұрады.
Ашық сұрақ мағынасындағы сөйлемдер жетекші қызметінде кел-генде ілгергідей ңұралады. Ол тек сұрак, мағыналы сөздерден құра-лады.
Жетек сұрақ альтернативтік мағынада келгенде ше шылауының қатысуымен құралады. Бұл жетек сұрақ та толымсыз болып келеді. Альтернативті білдіретін мүше ше-ні қосып сөйлем құрайды. Қаты-сатын сөйлем мүшелері бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Жетек сұрақ баяндауыш мүшені қатыстырып құралмайды. Өйткені бұл сөйлем негізгі сұраққа, негізгі сұрақты білдіретін сөйлемге сүйеніп жұмсалады. Соңғы жағдай — жетек сұрақ білдіретін сөйлемдердің еш уақытта баяндауыш мүшеден құралмауына себеп, мыс.:
— Әлде Донбастың күші жетпеді ме? — Донбастың күші жете-тін еді, соғыс басталып кетті де, біз үлгіре алмадық.
— А л соғыстан бұрын ше? (Әбішев).
Жетек сұрақ кейде шартты бағыныңқы сөйлем + шылау ше фор-масында келеді.
— Су шықпайтын жер екен.
— Жауын көп қой.
— Ж ауын б о л м а й қ а л с а ш е?
Мұнда да жетек сұрақ білдіретін сөйлем тиянақты форма алмай тұр. Өйткені бұл формада да жетек сұрақ негізгі сұрақтың жетегінде жұмсалады.
Бұл формадары жетек сұрақ негізгі сұрақты екінші жақ сөйлесу-шінің жауабына қарай коррективтеп қайта қояды. Бірақ ол негізгі сұрақты қайталамай, тек сұрақтың толықтырылган, жаңарған бөлі-гін — жаңа ситуацияны ғана — білдіреді.
Жетек сұрақты білдіретін сөйлем — сөйлесу процесін ықшамды, жинақы ету мақсатынан пайда болған форма.
— Канал «Қараойға» жетті ме?
— Жоқ.
— Жалтырға ше?
Соңгы сұрақты «Ал жалтырға жетті ме?» деп те айтуға болар еді. Бірақ тілімізде, көбіне, қосымша сұрақты ықшам білдіру үшін арнап жасалған форма басым жұмсалады.
Сонымен, ше шылау сөзі арқылы құралған сөйлем — стильдік мақсаттан туып, белгілі ситуацияға бейімделген синтаксистік форма, сұраулы сөйлемдердің бір түрі. ше шылауын қатыстырып ерекше тұлға алуы — жетек сұрақтың тілде орын алған ерекше синтаксистік категория екенін дәлелдейді.
3. Анықтауыш сұрақты білдіретін с ө й л е м д е р. Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді.
— Бұл кісілер қай елдікі?
— Сабынкөлдікі.
— Сабынкөлдікі?
— Иә, Сабынкөлдікі (Майлин).
Достарыңызбен бөлісу: |