Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет57/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Қ ұ л ы н ы м-а у, не деп кеттің? Ж ә к е-а й, жаңа ұқтым ғой ойыңды, (Мүсірепов). А п а-а й, енді бақсы-құшнаш боп, елтірі-сең-сең жинағанша, Тонтекеңе тартқаным көш ілгері емес пе? (Әуезов). Жұртым-а й, шалқақтамай сөзге түсін (Абай). Ш е ш е - а у, мына суреті несі?

Қаратпалардың сөйлемдегі орны


Сөйлем ішінде қаратпалардың тұрақты орны жоқ, ол сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да келе береді. Бірақ кейбір рет-терде қаратпаның қызметіне, жалпы сөйлемнің мағынасына қарай оның, көбінесе сөйлемнің басында немесе аяғында тұратын жағдайы да болады.


Диалогтарда тыңдаушының тікелей назарын аудару үшін қолда-нылған қаратпалар және ұрандарда, үндеулерде, бұйрықтарда, баян-дамаларда, жиналыста сөйленген сөздерде, хаттарда қолданылған қаратпалар, сондай-ақ жайылма қаратпалар, көбінесе, сөйлемнің ба-сында келеді.
Б а л а, сен не білдің? Ш ә к і ж а н, бар, балалармен ойна (Мұқанов). Б а р л ы қ елдердің пролетарлары, бірігің-дер! (ұран). Жолдастар! Жиналысты ашық деп жариялаймын. У а, алысқан а р ы с т а н, жұлысқан жолбарыс с и я қ т ы алыптарым Қ о -з ы, Қ о д а р, бері келіңдер! (Мүсірепов).
Сөйлем ішінде қаратпа сөзге қатысты басқа сөздер екі рет қай-талайтын болса, қаратпа, көбінесе, сөйлем ортасында тұрады:
Келе ғой, б а л а, келе ғой (Мұқанов). Не іздейсің, к ө ң л і м, не іздейсің? (Абай). Сүйінші, апа, сүйінші! Қуан, а н а қуан! Ақ ботаң үйге келе жатыр. Жылама, б ә й б і ш е, жылама! (Мүсірепов).
Қаратпа сөз амандасу, қоштасу, рұқсат сұрау, ризалық білдіру, алғыс айту сөздерімен қатар жұмсалғанда, көбінесе, олардан кейін қолдаңылады. Сондай-ақ қаратпалар жарайды, мақұл, кәне, я, жоқ сияқты сөздерден де кейін келеді.
К ә н е, С ә б и т, сен де киін! Қ о ш, т у ғ ан ж е р! (Мұқанов).
Б а ғ а р көбейсін, ш а л ы м! (Мүсірепов). К е ш е г ө р, а ғ а т а й! (Әуезов). Ау, Петрамысың? А м а н б ы с ы ң, д о с ы м! Ж оқ, П е- т я, келісім бола алмайды мұнымен (Мүсірепов).
Одағайлы сөйлемдерде де қаратпа одағайдан кейін (қатар, кейде араларына сөз салып) келеді.
А у, абайла, а н а! Е, ш а л ы м, енді шошқа бақтың ба? (Мүсірепов). У ә у, жігіттер! Сендердің өлең жазамын деп қыр-қысқан таласың тіпті жақсы! (Әуезов). У а, ж о қ, ж а н ы м, ке-шіре гөр, Қайтсем сенен безе алармын: О й б а й, ш ы р а ғ ы м, тоқтай тұр! (Мүсірепов). Ән үйренгің келе ме, әй, бала? (Мұқа-нов).
Өлеңдерде қыстырмалар сөйлемнің кез келген жерінде тұра береді.
Менің сырым, ж і г і т т е р, емес оңай. Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің (Абай); Тыңда, д а л а, Жамбылды. Бөгелме, Ж а м б ы л, сөйлеуден (Жамбыл); Кел, б а л а л а р, оқылық! Ыбырай).


III. СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

Сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, бүйрықты болып бөлінуі олар-дың ішкі мазмұнына, грамматикалық форма ерекшеліктеріне сүйе-неді.


Хабарлы сөйлем пікірді (суждение) білдіреді. Адамның ойлау жұмысы — табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды тануға бағыттал-ған процесс. Ол процесс бірнеше сатыдан құралады. Осы процестің қортындысы — пікір (суждение). Пікір белгілі құбылыс, не зат тура-лы тұжырымды ойдың формасы. Хабарлы сөйлем — ойдың осы формасына балама ретінде жұмсалатын тілдік бітім.
Бірақ пікірге жету үшін адам ойдың объектісіне тән предикатты, сапаны іздейді. Ол іздену, түрлі сұрақтар қою арқылы белгілі ізбен, жоспармен іске асады 5. Сұрақтар ой жұмысына бағыт беріп, ізге са-лады. Сұрақ, сонымен, — ойлау жұмысының іздену, бағыттау саты-сына лайық форма. Ойлаудың бұл формасына балама ретінде жұмса-латын тілдік бітім — сұраулы сөйлемдер.
Бұйрық мәнді сөйлемдер де пікірді білдірмейді, ойлау жұмысы-ның бастапқы формасын білдіреді. Ол форма сөйлеушінің ойды, зат, құбылысты тануға жұмылдыру кезеңін танытатын форма 6.
Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер мағынасына сай ерекше грамматикалық тұлға алып құралады. Олардың әр қайсына тән баяндауыштық формасы, интонациясы бар.

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ


Хабарлы сөйлем деп бір оқиға, бір зат туралы пікірді, хабарды баяндайтын сөйлемді айтамыз.


Хабарлы сөйлемдердің баяндауыштары ашық рай етістіктен, есім сөздерден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет