Кәлен... самауыр құйып отырған жас келіншектің (А л д а б е р
г е н н і ң б ы л т ы р үйленген ү ш і н ш і ә й е л і н і ң) жанына, тері тулаққа тізе бүкті (Нұрпейісов). Байжан бұрынғы Ақмола облысының Қызылжар (Петропавл) уезіндегі бір аулында... туған (Мұқанов).
Одағай сөздер
Сөйлеуші айтылған ойға өзінің қатынасын тек қыстырма сөздер (және қыстырма тіркестер мен сөйлемдер) арқылы емес, одағайлар арқылы да білдіреді. Сонымен қатар одағайлардың бірсыпырасын сөйлеуші басқа адамға (немесе адамдарға және хайуанаттарға) қара-та әрқилы мақсатпен айтады. Сөйтіп, одағайлардың қай-қайсысы да сөйлем мүшелерімен белгілі синтаксистік тәсілдер арқылы қарым-қатынасқа түспейді, сөйлем мүшелерінің белгілі сұрақтарына жауап бермейді, демек, сөйлем ішінде оқшау тұрады (одағайлар туралы беттерді қара)
ҚАРАТПА СӨЗДЕР
Жалпы мәлімет
Сөйлеуші сөзін арнап отырған адамның назарын аудару үшін, сол адамға қарата оның аты-жөнін атайды. Кейде сөйлеушінің сөзін қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз нәрселер де болуы мүмкін, бұл, көбінесе, бейнелеп айтылатын жерлерде кездеседі.
Сөйтіп, белгілі бір ой қаратыла айтылған адамның (кейде жансыз заттың) назарын аудару үшін арналған сөзді немесе сөз тіркесін қ а- р а т п а дейміз.
Қаратпалар сөйлемнің басқа сөздерімен белгілі синтаксистік тә- сілдер (қиысу, қабысу, жанасу, матасу) арқылы байланыспайды, бес түрлі сөйлем мүшесінің ешбіреуіне де жатпайды, біраң сөйлем құрауға қатысып, белгілі бір эмоциялық-модальдық, өзіне тән арнаулы мағыналық қызмет атқарады. Қаратпалар сөйлемнен тысқары жеке келуі де мүмкін, сөйлем ішінде келуі де мүмкін. Сөйлемнен тысқары жеке келген қаратпалар леп белгісімен, кейде көп нүктемен ажыратылады. Сөйлем ішінде келген қаратпалар сөйлемдегі басқа сөздерден үтір арқылы бөлінеді. Каратпа бір сөз болып та (жалаң), бірнеше сөз болып та (жайылма) келеді.
Қаратпалар, көбінесе, көркем әдебиетте, диалогтарда, сондай-ақ ұран, үндеу, бұйрық, хабарландыру, хат сияқты жазу түрлерінде қолданылады.
Неге жүдеусің, Ә б і ш, денің сау ма? А б а й ағ а, дәл осы жайды мен жазамын (Әуезов). Сүйкімді б о л а т қ а н ж а р,\ тұрсың жайнап. С о р л ы О н е г и н, жолды өзің біл, қай тарапка қаңғырар (Абай). К е л і н, ә к е л і н, — деді ол (Мұқанов). Ж ү р е г і м, ойбай, соқпа енді! (Абай). Тыңда, д а л а, Жамбылды! Тыңда, Қ а с т е к, Қаскелең! (Жамбыл). Әдебиет пен и с к у с с т в о қайраткерлері! Шығармалардың жоғары идеялылығы және көркемдік шеберлік үшін күресіңдер (газеттен). Қалық е л і м, қ а з а ғ ы м, қайран ж ұ р т ы м, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың (Абай).
110
Қаратпа болатындар:
1) Тыңдауышының а т ы-ж ө н і, яғни жалқы есімдер және адамның кәсібіне, туыстың жайына, ж ы н ы с ы н а, жасына байланысты айтылатын сөздер мен тіркестер.
Ойларың мен сөздерің ашуы жеткен удай қатты тиді-ау, Б а з е-ке! Е, қайғылы шал қайда болса табылады, маған қажырыңды бер, Абайі (Әуезов). Ж е ң е ш е, қайтамыз ба? — деді Шұға. Ойбай, т е н т е к ж а н, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді (Майлин). Ата, жібере салсаңызшы! Балам, тәртіп дегенді білу керек (Иманжанов). А қ с а қ а л, төрге шығыңыз! Т а қ с ы р, балық аз (Нұрпейісов). Сіз ұялмай-ақ қойыңыз, к е л і н, ұяты болса өзіне келеді ғой, — деп Қайырбай сұрланайын деді. — Жоқ, қ а й н а ғ а, ол екі араға делдал болмай-ақ қойыңыз, — деді Раушан (Майлин).
2) Біреуді еркелетіп, жақсы көріп немесе ж е к к ө р і п айтатын сөздер де қаратпа бола алады.
Ж а н ы м, есен жеттің бе? С ә у л е м, ұзағынан сүйіндірсін!' Көп сағындырдың ғой, қ у ат ы м! Сапарың құтты болсын, қ а р а ғ ы м! (Әуезов). Қой, ш ы р а ғ ы м, қала сәнін ауылға әкеліп опа табам демей-ақ қой. Қ о ң ы р қ о з ы м, ботам, келші (Нұрпейісов). О, сиқыр, тағы келдің бе қасыма? (Мүсірепов). Не деген имансыз едің, к ә р і т ө б е т! Ей, қ ұ д а й ұ р ғ а н, тұра тұр, бәлем! Бұны кім үйретті, д о ң ы з? Қой, ж а р ы қ т ы ғ ы м, жетті енді (Әуезов). Б а р б о л ғ ы р, жай болушы ма еді (Мүсірепов).
3) Адамнан басқа тірі ж а н-жануарлардың аттары да (олардың атаулары немесе оларға қойылған аттар) қаратпа ретінде қолданыла алады:
Достарыңызбен бөлісу: |