Ә й, тұрсайшы үйге барайық (Майлин).
У а, үйде кім бар? У а й, бұл не түге? (Әуезов). У а й, қайда әлгі Сердәлі (Мүсірепов). А у, қастарыңда тағы біреулер бар емесі пе еді. Ә й, тұр, тұр енді (Нұрпейісов). Ә й, егеуді қалдырма, егеуді (Мұстафин). У а, ер, кәне, еретінің (Мүсірепов).
Жайылма қаратпалар құрамы жағынан әр түрлі болады. Олардың жиірек ұшырайтын түрлері мыналар:
112
1. Жалқы есім мен туыстық қатынасқа, адамның жасына, кәсібі-не, әскери шеніне, қызмет дәрежесіне т. б. байланысты сөздердің тіркесі.
А б а й а ғ а, менің аузымдағы сөзімді Шұбар айтты (Әуезов). А у ы л н а й ж о л д а с, сыбырыңды тоқтатып, жиылысыңды аш-саң, қалай болар еді (Майлин). Қазір бітеді, ж о л д а с С е м е н о в (Қабдолов). Ж а л м ұ қ а н м ы р з а, ауыз басқанікі, айтақ сенікі екен ғой. Қазір, ж о л д а с с а р д а р. Ж о л д а с комиссар! Қала жаудан тазаланды (Мүсірепов).
2. Бір немесе бірнеше сөзден жасалған анықтауышы бар қарат-палар. Ол анықтауыштар сын есім, есімшеден жасалуы да, ілік сеп-тіктегі сөз болуы да мүмкін.
А с қ а қ т а ғ а н сұлу, сөз тыңда! Қ о р қ а қ жау, осы ма еді аңдыған жерің! Күңіренген қ ос а н а м, қос кеудені бір иіскетіңдерші. Қош болыңдар, құшағыңда ө с і р г е н е к і мұн- дық! Қош, алтын б е с і г і м — ө с к е н е л, т у ғ ан ж е р! (Мүсірепов). Сүйікті қайным-а у, осы сен не деп тұрсың? (Нұрпейісов). Мың сәлем саған, м ә ң г і ж о л д а с М а й ы м! (Мұқанов); Т о л ғ а у ы т о қ с а н қызыл т і л, сөйлеймін десең өзің біл (Абай); Жастықтың оты, қайдасың? (Абай). Амансың ба,
Қ а р а у ы л д ы ң қ ы з-ж і г і т і (Мүсірепов). Ақ-қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қ а р а б е т! Әй, ш а л ағ а й б а л а м-а й, көңлің түзу болғанмен жолдан тыс жайылып отырсың ғой. Қ а д і р л і М а ғ ы ш, мен сізден кешірім өтінгелі келдім (Әуезов). С о ры қ а й н а ғ а н с о р л ы л а р-а й, шын сорлы енді болдыңдар ғой (Мұқанов).
3. Адамның аты, әкесінің аты, кейде фамилиясы қатар айтылып, олар да жайылма қаратпа болады.
Г а в р и и л Г а в р и и л о в и ч, есіттіңіз бе? (Мұқанов). И б р а- г и м Кунанбаевич, көңілсіз жолға барасыз (Әуезов). С а р б а з Мұ- ң а й т п а с Көпжасаров, бүгіннен бастап сен жүзбасы боласың да, Кете батырға жәрдемші болып барасын (Мүсірепов).
4. Қаратпа ал сөзімен тіркесіп те келеді:
А л құрбым, мен даяр: енді үшінші шартыңды айт! (Мүсірепов). Сөз осы, а л жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! (Мұқанов). А л а ғ а й ы н, мін енді тегіс аттарыңа! (Әуезов). А л а р д а қ т ы
а ғ а, қ ұ р б ы-замандастар, көп қалады дегесін алдарыңа келдім (Мүсірепов).
5. Есім мен етістіктің тіркесінен жасалған қаратпалар тілек, қар-ғыс, ұрсу т. б. сәттерде айтылады. Мұндайда етістік -ңыр, -ғыр, -кір, -гір жұрнақтарын жалғаған тұлғада тұрады.
Қ ан ж а у ғ ы р, өңімде болса, не қалатын еді, түсімде тағы (Мүсірепов). Ой, е р н і ң, а с қ а т и м е г і р! (Нұрпейісов). К ө з і ң аққыр, көзің ақсын! — деп Бөжей айқай салды. Қ ұ д а й с і л е г і р, кетші былай! Тыныштық бермедің ғой (Әуезов). Әй, Бәтима, құ- рып қ а л ғ ы р, мұнда келші! (Майлин).
Қаратпалар, көбінесе, әй, уа, ау, уай, уәй, өй, е, о деген одағай-лармен тіркесе келеді. Мұндайда одағайлар қаратпа сөз немесе сөз тіркесіне әр қилы экспрессивтік реңк береді, сонымен қатар одағай-лар қаратпа сөзге баса назар аудартады. Одайғалар қаратпаның тура алдында тұруы да, қашықтап тұруы да мүмкін.
— Әй, Бүркітбай, — деді Итбай, — мынау Андрей итің аш жатқызбай ма екен бізді? Ә й, тоқташы, ж и е н (Мұқанов). Ө й, б а л а м-а у, мына жер жау жатағы! У а, қой деймін, б а л а! У а й, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді! Е й, Б а й с а л, сен бата бермегенмен, мынау болайын деп тұрған бала ғой
113
(Әуезов). Е, Р а у ш а н, ауылнайлық қалай екен. Ау, Қ у а н д ы қ - а у, қойсаңшы. У а, Т ұ т қ ы ш, жол болсын (Майлин). 0, қ ұ д а й, қыз бермедің, пәле берген екенсің ғой (Мусірепов).
Қаратпаларға -ай, -ау деген шылаулар тіркесе айтылып, оларға белгілі бір модальдық мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: |