Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет79/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Аспанды тұтас жапқан бұлт с и р е п, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады (Мұқанов). Оспан аулына тағы. да бата оқыршы көп келіп, алғашқы бір жұма, он күн ұдайы қонақ күтумен
152


өткен (Әуезов). Аттар т о қ т а п б о л м а й-а қ, Ушаков шанадан түсе қалды, (Мүсірепов). Айбарша тысқа ш ы ғ а, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті (Мұқанов).
Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдерді бір-бірімен байла-ныстыру функциясында көсемшелердің үш түрінің үшеуі де қолданылады, бірақ олардың қолданылу дәрежесі және мағыналық құбылыстары біркелкі болмайды.
Көсемшелер ішінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонен-тінің баяндауышы қызметінде жиі қолданылатын да және өзі баян-дауышы болып келген компонентті тиянақты компонентпен неше алуан мағыналық қатынаста құрмаластыратыны да -ып, -іп, -п жұрнақты түрі. Тағы бір ескеретін нәрсе, баяндауышы келер шақтық (-қалы, -ғалы, -келі, -гелі жүрнақты), ауыспалы шақтық (-а, -е, -и жұрнақты) көсемшелерден болған бағыныңқы компонент әрдайым кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да бағына, соның бір мүшесіне меңгеріле байланысады да, жай сөйлемдегі қалыпты пысықтауыш тәрізденіп тұрады. Ал, өткен шақтық көсемше (-ып, -іп, -п жұрнақты) олай емес: ол өзі баяндауышы болып келген компонентті кейінгі тиянақты компонентке мағыналық жағынан меңгерте де, меңгерілтпей, теңдік қатынаста да құрмаластырады. Мысалы:
Көк ала бұлт с ө г і л і п,
Күн шығады кей шақта.
Өне бойың е г і л і п,
Жас ағады аулақта (Абай).
Есік шалқасынан ашылып, бір топ адам сау етіп кіріп келді (Шашкин). Әбдірахман мен Шұғаның арасындағы сүйіспеншілік бір-ден-бірге жайылып, бүкіл ел хабарланды. (Майлин). Қолындағы өткір шапашоты шапшаң сермеліп, үлкен қайың қолағаштың сап жағын қырлап, мүсіндеп отыр (Әуезов).
Бұл шара жақсы нәтиже б е р і п, ол маңның адамы да, малы да маса-сонаның азабынан биыл құтылған (Мұқанов). Бірен-саран ғана жүлдыздар көрінген аспандағы ойдым-ойдым алаңдар енді бір-жола ж а б ы л ы п, қалың көрпенің астында қалғандай сезінесің (Мүсірепов). Түнгі салқын ауаның толқыны биік қарасындарға с о -ғ ы п, мылтық дауысын жаңғырық көтеріп кетті (Есенжанов).
Келтірген мысалдың бірінші, екінші тобындағы бағыныңқы ком-поненттер басыңқы компоненттегі іс-әрекеттердің болу амалын білдірсе, соңғы үшінші топтағы бағыныңқылар басыңқыдағы іс-әрекетпен себептік қатынаста тұр. Сөйтіп, мысалдың алдыңғы топтарында болсын, кейінгі тобында болсын — барлығында да бағыныңқы компонент басыңқы компонентке әрі мағыналық жағынан, әрі тұлғалық жағынан меңгеріліп, екі жағынан бірдей тәуелді болып тұр.
Өткен шақтық көсемшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын сабақ-тас құрмалас сөйлемдердің бірсыпыраларында тиянақсыз компонент тиянақты компонентке тек тұлғалық жағынан ғана тәуелді болғаны болмаса, мағыналық жағынан өз дербестігін сақтап, басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңғерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады. Мыс.:
Ояң жерлер тіпті төмендеп, қыраң жерлер тіпті биіктеп кеткендей. Көп бастар ш ұ л ғ ы с ы п, көп сақалдар шошаңдасып қалды (Мүсірепов). Қара көздер мөлдір нұр т ө г і п, жүзіне жұқа ғана бояу шапты (Мұстафин). Мінеки, залда шам с ө н і п, шымыл-дық ашылды. Уәлі бір күні мұны қалаға е р т і п ш ығ ы п, екеуі бірге институт мұғалімдері арасында қонақта болды (Ақтанов).
153

Мысалдағы тиянақсыз компоненттердің ешқайсысы да басыңқы сөйлемнің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, оған меңгеріліп тұрған жоқ. Мағыналық жағынан олардың барлығы да тиянақты компонентпен тең. Қара көздер мөлдір нұр төгіп, жүзіне жұқа ғана бояу шапты, — деген сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналық қатынастары, өз ара теңдестіктері жағынан салалас құрмаластар тобына жатқызылып жүрген — Қара көздер мөлдір нұр төкті де, жүзіне жұқа\ гана бояу шапты, — деген тәріздес сөйлемдермен бірдей.


Көсемшенің жай сөйлемдерді құрмаластырудағы осындай құбы-лыстарынан да болу керек, синтаксиске арналған бір еңбектерде өткен шақтық көсемшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын құрмалас сөйлем салалас сөйлемге жатқызылса, екінші біреулерінде ол мағынасына қарай бірде салалас құрмаласқа, бірде сабақтас құрмаласқа жатқызып журді.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру қызметінде ауыспалы шақтық деп аталатын -а, -е, -й жұрнақты көсемше де қолданылады. Көсемшенің бұл түрі жоғарыда сөз болған -ыл, -іп, -п жұрнақты кө- семшеден гөрі де әлдеқайда тиянақсыз. Сондықтан да баяндауышы ауыспалы шақтық көсемшеден болған бағыныңқы компонент, негі- зінде, тек тұлғалық жағынан ғана емес, сонымен бірге мағыналық жағынан да тиянақсыз болады. Ол басыңқы сөйлемдегі белгілі бір мүшеге меңгеріліп, соны түрлі жағынан сипаттап, пысықтауышқа қойылатын бір сұрауға жауап болып, онымен қалыпты тұрлаусыз мүше тәрізді қатынаста тұрады. Мыс.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет