Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет84/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Игілік үйіне кіріп келе жатқан жаңалықтардың бәрі де Ушаков пен осы Бушуев арқылъи өтіп ж ү р г е н д і к т ен, бұл екеуі Омар-дың көптен бері істес болып келе жатқан адамдары еді (Мүсірепов). Жайлаудың бәрі жазықта болғандықтан, өрт алыстағы жайлаудан да, жақындағы жайлаудан да ауылдың қасында ғана жанып жатқандай көрінеді (Мұқанов). Белгілі өлшеуі, мөлшері жоқ бұл шығын анық қараңғы жолмен алатын жем болғандықтан, оның атын жұрт, «қара шығын» дейтін (Әуезов).
Есімшенің қалған екі түрі жатыс септігінде және кейбір шылау мен шылау мәнді сөздерге тіркесіп, бағыныңқы жай сөйлем баяндау-ышы қызметінде қолданылатыны болады, бірақ өл тіл тәжрибесінде өте сирек кездеседі.
160

Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы


Шартты рай етістік райлары ішінде синтаксистік функциясы тұ-рақтылардың бірінен саналады. Ол әрдайым дерлік сөйлемнің баян-дауышы қызметін атқарады. Онда да кез келген сөйлемнің емес, негізінде, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы болады. Бұл функцияда ол жіктеліп те, жіктелмей де қолданыла береді. Бұл арада ескеруді керек ететін бір нәрсе — шартты райға жалғанатын жіктік жалғаудың қалыпты баяндауыш жалғауынан өзгешелігі. Қазақ тіліндегі жіктік жалғаудың өзі жалғанған сөзіне тиянақтылық мән беріп, оны сөйлемнің тиянақты баяндауышы етіп, бастауышпен жақтастырып тұратыны, сондықтан оның баяндауыш жалғауы деп те аталатыны белгілі. Ал шартты райға жалғанатын жіктік жалғау да баяндауыш жалғауы, ол да баяндауыш болып тұрған шартты райды бастауышпен жақтастырады. Бірақ шартты райға жалғанған жіктік жалғауда баяндауыш жалғауында болатын, ең негізгі қасиет, тиянақтылық қасиет болмайды. Сондықтан да шартты рай белгілі бір жақта жіктеле айтыла тұрып та бағыныңқы жай сөйлемді басыңңы жай сөйлеммен құрмаластыру функциясын атқара береді. Мұндай орындағы жіктік жалғау тек бір ғана функцияны, баяндауыш болып тұрған шартты райды бастауышпен қиыстыру функциясын ғана, атқарады. Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра кұрмаластыру қызметінде қолданылатын етістіктің басқа түрлерінен шартты райдың негізгі бір ерекшелігі — оның осы жақтық формада айтыльш, өз бастауышымен қиысып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда шартты райлы бағыныңқы компоненттердің баяндауышы қызметінде қолданылатын етістіктер ішіндегі шын мағынасындағы предикаттық мәні бар бірден-бір сөз деуге болады. Өйткені предикаттық мағынаның негізгі көрсеткішінің бірі баяндауыш қызметіндегі сөздің белгілі бір жақта айтылып, өз бастауышымен қиысатындығы болса, ол — бағыныңқы жай сөйлемдердің баяндауышы қызметінде қолданылатын сөздердің шартты райдан басқаларының ешқайсысында да жоқ.


Жай сөйлемдерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіріп, құрмалас сөйлем жасауда шартты райдың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Оны байқау үшін шартты райды бағыныңқы сөйлем баяндауышы функциясында қолданылатын етістіктің басқа түрлерімен салысты-райық.
Жай сөйлемді бір-бірімен құрмаластыру қызметін есімшелердің де атқаратыны белгілі. Бірақ екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-қа-тынасқа келтіретін есімше формасының өзі емес, есімшеге жалғана-тын әр түрлі септік жалғаулары мен оған тіркесе айтылатын шылау-лар. Бұларсыз есімше қүрмалас сөйлем жасай алмайды. Ал, шартты рай олай емес, ол басқа бір қосымша формалардың, дәнекерлердің жәрдемінсіз-ақ екі жай сөйлемді құрмаластыра алады. Сөйтіп, ол екі түрлі функцияны бірден атқарады: Әрі сөйлемнің баяндауышы бола-ды, әрі екі жай сөйлемді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіруші син-таксистік дәнекер болады.
Бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болып келген шартты рай-дың, кейде, шылау сөздерге тіркесіп тұратыны да болады, бірақ ондай шылаулар екі жай сөйлемді байланыстыру үшін қолданылмайды, жай сөйлемдердің мағыналық қатынастарын түрлендіру үшін қолданылады.
Бұрын-соңды шыққан лингвистикалық әдебиеттерде шартты рай арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер не шартты бағы-ныңқылы сабақтас сөйлемге, немесе мезгіл бағыныңқылы сабақтас
161

сөйлемге ғана жатқызылады. Бірақ әдеби тіліміздің фактілері шарт- ты рай арқылы жасалатын құрмалас сөйлем компоненттерінің мағы- налық қатынастары алуан түрлі екендігін, шарттылық қатынас пен мезгілдік қатынас олардың ұшан-теңіз мағыналарының бір түрі ғана екендігін байқатады. Әрине, шартты райдың дәнекерлігі арқылы құрмаласатын компоненттердің мағыналық құбылыстары бір ғана шартты райға байланысты деп қарау дұрыс болмайды. Ол құбы-лыстар бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып тұрған шартты райдың қандай ортада, қандай сөздермен тіркесе, күрделене айтылуына да байланысты. Оны мына мысалдардан да көруге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет