Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет87/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Оңайға қызығып кете ме деп хауіптеніп едім, б і р а қ олар бар- лаушылар әдетін бұзған жоқ (Мүсірепов). Сүйегі пысық жылқы еді, сондықтан қамшы салдырған жоқ (Мұқанов) деген сөйлемдердің жалғаулықтарын қоспай-ақ, Оңайға қызығып кете ме деп хауіптеніп едім, олар барлаушылар әдетін бұзған жоқ. Сүйегі пысық жылқы еді, қамшы салдырған жоқ,— деп айтса да, олардың құрмаластық қасиіеттері де, бастапқы мағыналық қатынастары да өзгермейді. Сондықтан салалас құрмаластарда стилистикалық ыңғайға қарай жалғаулық бірде қосыльш, бірде қосылмай айтыла береді.
Ал демеулер арқылы құрмаласатын сөйлемдер мұндай құбылысқа көнбейді. Өйткені демеу араласқан сөйлемдерде жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыру, сол арқылы құрмалас сөйлем жасау мін- деті түгелімен демеулердің үлесіне тиеді. Сондықтан ондай сөйлем- дерден демеуді түсіріп айтсақ, құрмаластық бірлік бүтіндей жойылады. Мыс.: Осы қылығы есіне түскен с а й ы н, ол өзінен өзі қатты ұялатын. Сенгені жыл құсындай көріне бастаған соң, Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп орнады (Мұстафин).
Осы сөйлемдердегі демеулерді алып тастап: Осы қылығы есіне түскен ол қатты ұялатын. Сенгені жыл құсындай көріне бастаған Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп орнады — деп айтсақ, екеуі де құрмаластық қасиеттерінен айрылып үйірлі мүшелі жай сөйлемдер ғана болып қалады.
Бұл жағдайлар жалғаулықтардан гөрі демеулердің дәнекерлік ролінің күшті екендігін, олардың жалғаулыңқа қарағанда тілдік эле-менттерді бір-бірімен әлдеқайда тығыз және берік байланыстыра-тындығын байқатады. Оның себебі демеулердің өз жетегіндегі сөзін өзі, меңгеріп, өзіне бүтіндей бағындырып тұратындығында болу керек.
Жай сөйлемдерді құрмаластыруда интонацияның ролі

Сөйлеу тілінде интонацияның атқаратын қызметі көп-ақ. Біз бул арада интонацияның сөйлемнің мағыналық құбылыстарына, сөйлем| мүшелерінің бір-бірімен байланыс ерекшеліктеріне, сөз тіркестері-нің түрлеріне қарай болатын құбылыстарын сөз етпей-ақ оның тек құрмалас сөйлемдегі функциясына ғана тоқталмақпыз.


Құрмалас сөйлем интонациясын екі турге бөліп қарауға болады: 1) тиянақты интонация; 2) тиянақсыз интонация.
166

Тиянақты интонация сөйлемнің ең соңында болады да, оның аяқ-талғандығын білдіреді. Сондықтан ол тек құрмалас сөйлемге ғана тән емес, аяқталған ойды білдіретін, өз алдына дербес бір бүтін бо-лып тұратын сөйлем атаулының бәріне де тән. Интонацияның бұл түрінің құрмаластағы функциясы сол, ол құрмалас сөйлем құра-мындағы компоненттердің басын біріктіріп оларды бір бүтін етіп тұрады.


Интонацияның тиянақсыз түрі құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттер арасында келеді де, әр құрмаластың қандай компоненттерге бөлінетіндігін білдіреді. Интонацияның бұл түрі өзінің тиянақсыздығы арқылы сөйлемнің аяқталмағандығын, ой жалғасы барлығын байқатады да, сол арқылы жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластырады. Мыс.:
Қураидың ащы, сазына үн қосып едім, көзден жастың мөлт ет-кені (Ерубаев), Байжан суырдың ілін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен (Мүсірепов). Абай әлпеншектен түсті де, жекелене шеткері шықты (Әуезов). Байжан есіктен кіре бергенде, телефон шылдыр ете қалды. Дәулет майданға аттанғалы, Айбарша бұл жөнінде тіпті сырғақсып алды (Мұқанов).
Бұл мысалдағы құрмалас сөйлемдердің барлықтарының да бірінші комлоненттерінен кейін интонациялық кідіріс бар. Бірақ олардың тыныстық дәрежелері біркелкі емес: бірінде аз, бірінде көп деген сияқты түрлі-түрлі шамада байқалады. Мысалдың бірінші, сөй-лемінің компоненттері арасындағы интонациялық кідіріс пен кейінгі сөйлемдер компоненттері арасындағы интонациялық кідіріс бір емес: бірінші сөйлемде ол анағұрлым айқын байқалады да, кейінгілерінде, әсіресе, Байжан есіктен кіре бергенде, телефон шылдыр ете қалды — деген сөйлемде ол көмескі түрде ғана білінеді.
Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонацияның тыныстық дәрежесінің әр түрлі болуы тек жоғарыда келтірген мысалдарға ғана тән емес, жалпы құрмалас сөйлемдерге тән құбылыс. Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонацияның шамасы сол интонацияға ие болып тұрған комлоненттің баяндауыш формасына да байланысты болады. Ком-лоненттің баяндауышы неғүрлым тиянақсыз формада айтылса, оның интоиациялық үзілісі де соғұрльш шағын, көмескі болады. Міне, сондықтан баяндауышы тиянақты формада тұратын салалас құрмалас сөйлем компоненті мен баяндауышы тиянаңсыз формада тұратын сабақтас құрмалас сөйлем компоненті арасындағы интонациялық кідіріс бір болмайды. Алдыңгысында айқынырақ, елеулірек болады да, соңғысында олай болмайды. Ол былай тұрсын, тіпті баяндауыштары әр турлі тиянақсыз формада айтылатын сабақтас сөйлем комлоненттерінің өздері де интонациялық жағынан біркелкі болмайды. Мысалы: Олжабек қоса күлсе де, оның қай күлкі екенін өзі де аңдамады. Өзі қораш болғанмен, осы төбенің аты зор (Мұстафин) деген сөйлемдердің екеуі де сабақтас құрмалас сөйлем болғандарымен, олардың бірінші комлоненттерінен кейінгі интонациялық кідіріс бір емес. Алдыңғы сөйлемнің «Олжабек қоса күлсе де» деген бөлшегінен кейін азды-көпті болса да интонациялық кідірістің барлығы байқалса, соңғы сөйлемнің — өзі қораш болғанмен деген бөлшегінен кейін оның бар-жоқтығы мейлінше көмескіленеді. Осы тәріздес, салалас құрмалас сөйлем компонент-тері арасында болатын интонациялық құбылыстар да біркелкі болмайды. Оның жалғаулықсыз түріндегі компоненттердің интонациялық құбылыстары бір түрлі болса, жалғаулықты түріндегі компоненттердің интонациялық құбылысы екінші түрлі болады. Оны байқау үшін мына мысалдарды оқып қарайык:
167

1.Үлкен қара көздері кейде көңілді ұшқынмен жарқ ете қалады, кейде ол мөлдіреп терең қарайды.


2. Бір-екі рет ол әйел алуға, үй болуға ниет етіп көріп еді, оның сәті түспеді (Ақтанов).
3. Шұбар да оны сезбей қалган жоқ, бірақ ішінен Базаралымен бұл арада ырғасуды өзіне қажет деп білмеді.
4. Мағаш пен Кәкітай осы тұста бөгеліп қалды да, Әбіш ілғері басты (Әуезов).
5. Қорқыныш бойын билеп алған Шалтай тырып ете алар емес, жаны бар, есі жоқ (Әбішев).
Мысалдың 1—2—3 сөйлемдерінің бірінші компоненттерінен кей-інгі интонация 4—5 сөйлемнің бірінші компонентінің интонация-сына қарағанда, әлдеқайда тиянақты, тіпті аяқталған, дербес сөйлемнің интонациясы сияқты.
Сөйтіп, құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тия-нақсыз интонацияның тиянақсыздың шамасы біркелкі болмайды. Оның әр түрлі болуы компонент баяндауышының формасына және шылау сөздерге тіркесіп я тіркеспей айтылуларына байланысты болады. Компоненттің баяндауышы неғұрлым тиянақты формада айтылса оның интонациясы да соғұрлым тиянақтырақ болады. Өйткені интонация сөйлем үшін қандай қажетті элемент болғанымен ол түгелдей сөйлем мағынасына, сөйлем құрылысына тәуелді болады. Сөйлемнің мағынасы мен құрылысындағы өзгерістерге лайықты өзгеріп, құбылады. Сондықтан интонацияны құрмалас сөйлемнің мағынасына, оның компоненттерінің баяндауыш формаларына қарай құбылып отыратын, соларға тәуелді, көмекші категория деп түсінген жөн.
Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонация тиянақсыздың дәрежесінің қандай болуына қарамастан жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштастырады және құрмалас сөйлем компоненттерінің ара жігін көрсетеді.

Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ


ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ

Сөйлем мүшесілік қызмет атқаратын әрбір сөздің сөйлемде қалай болса солай тұра салмай, белгілі тәртіппен орналасатыны сияқты, құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында да белгілі қалып-тасқан тұрақты заңдылық болады. Құрмалас сөйлем компоненттері-нің қалыптасқан белгілі тәртіппен орналасуы жай сөйлемдердің құр-маласуында шешуші роль атқарады. Егер комлоненттердің тілімізде қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылып қана қоймай-ды, солармен бірге, сөйлемнің үғымы ауырлап, тіпті, ол кейде сөйлем болудан да қалады. Сондықтан сөйлем мүшелерінің орын тәртібі сөздердің синтаксистік қатынастарының басты бір көрсеткі-ші болатыны сияқты, құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі де жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір тәсілі болып есептеледі.


Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында мынадай заң-дылықтар болады:
а) Салалас құрмаластың болсын, сабақтас құрмаластың болсын тиянақсыз компоненттері әрдайым бұрын айтылады да, тиянақты компоненттері кейін айтылып сөйлемді аяқтап тұрады. Мыс.:
Сәуле түсінбегендей түр көрсетіп көз қиығын тастап еді, ол кеу-десін көтере түсті. Бірақ бұрынғыдай емес, кеудесін қанша көтерсе де, еңсесі көтерілген жоқ. Бұрынғы ойлы жүзін қазір ауыр мұң басып, бұрын үнемі шаттық ойнап тұратын көзінен
168




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет