Ол белгіленген уақытта келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық.
Аңсаған көңілім с е р і л е,
Бүгілген белім к е р і л е,
Сапар шегіп, жол тарттық
Сүйікті Кавказ еліне (Жамбыл).
Келтірген мысалдың бірінші сөйлемінде бағыныңқы компоненті басыңқы сөйлемдегі баяндауыштың жетегінде айтылып, неліктен, не себептен деген сұрауға жауап болып, кешігіп қалудың себебін білді- ріп тұр. Соңғы сөйлемдегі бірыңғай бағыныңқылар басыңқының баяндауыштарына меңгеріліп, қалай деген сұрауға жауап болып, басыңқы компонентпен амалдық қатынаста тұр. Басқаша айтқанда, мұндағы бағыныңқы компоненттердің барлығы да басыңқыға әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан меңгеріледі. Этимологиялық жағынан алғанда көсемшенің бұл түрі түркі тілдерінің көне жазу нұсқаларында дәл қазірдегідей формада кездеспейді. Қазақтың ауыз әдебиетіне жататын шығармаларда кездескенімен қолданылу аясы өткен шақтық көсемшеге қарағанда әлдеқайда тар. Бұл — өткен шақтық көсемше сияқты бірыңғай баяндауыштық, бірыңғай пысықтауыштык; функцияда да кездеспейді. Мұның жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы да тым мардымсыз. Мұндай функцияны ол, көбінесе, поэзиялық шығармаларда, болымсыз түрде айтылғанда атқарады. Ал фольк-лордың прозалық түрлерінде жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде, тіпті, кездеспейді деуге боларлық.
Ауыспалы шақтық көсемшенің жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы казіргі әдеби тілімізде де онша өріс ала қойған жоқ. Де-генмен оның бұл функциясы өткен замандар жазу нұсқаларымен са-лыстырғанда қазірде поэзияда болсын, проза жанрында болсын кез-десіп отырады.
Қазіргі әдеби тілімізде баяндауышы ауыспалы шақтық кесемше-ден болған бағыныңқы компоненттер өз басыңқысымен мезгілдік, -себептік, амалдық, шартты, қарсылықты мағыналық қатынастарда тұрады, мыс.:
154
1. Аттар тоқтап б о л м а й-а қ, Ушаков шанадан түсе қалды (Мүсірепов). Түнде жұрт тарай, ол тыныштық алуға жатты. Күндер өте к е л е, Тыртықтың өрекпіген жүрегі бәсеңдей бастады. Айбарша тысқа ш ы ғ а, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті (Мұқанов). Күн т ү с к е ж е т пе й-а қ, Бақанас бойы қайнап, шыжып кетті (Әуезов).
2. Жел айдаған өрт шешесіне бой бермей, ол лезде кең жайылып кете береді. Су тезек жөнді жанбай, түске дейін үй иесі біздерге шай бере алмады (Мұқанов).
3. Бір әңгімеге бір әңгіме жанаспай, әр түннің әңгімелері тыңнан басталып отырады (Мұканов). Дос боп жүрген адамдар-дың бірі жоламай, бәрі де сырт берген сияқты (Майлин). Ма-күлық, жер де, көк те маужырады. Қараған бір жан болмай ша-руасына (Жансүгіров). Осыдан арғы үй ішінің қамын Өдек күйеуіне а қ ы л д а с п а й, өзі басқарып кетті (Әуезов).
4. Ер деп атақ кім берер,
Алмас семсер а с ы н б а й.
Кезенген жауды қашыр май,
Асудан әрі а с ы р м а й
Ер қолынан іс келмес,
Сұңқардайын шүйілмей,
Буынып белін түйінбей,
Зердесі жігіт қайнамай.
(Дулат Бабатайұлы).
5. Неге екенін кім білсін, жандары ш а ғ ы н бола тұра, ағайынды екі үйдің іші астарын бөліп ішеді. Осынша әзірлігі бола т ұ р а, ол тойын жасамай кетті. Дәулеті сондай б о л а т ұ р а, Ботбай жасынан жұмыс істеген кісі емес (Мұқанов).
Мысалдың бірінші тобындағы сөйлемдерде бағыныңқы компо-нент басыңқы сөйлемнің баяндауышына меңгеріліп, ондағы іс-әрекеттердің қашан болғандығын білдірсе, екінші топтағы сөйлемдерде ол басыңқы жай сөйлемдегі іс-әрекеттердің болу себебін білдіріп тұр. Ал үшінші топтағы сөйлемдерде бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі әрекеттердің қалай болу амалын білдірсе, төртінші топтағы сөйлемдерде бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі әрекет іске асу үшін нелердің болуы қажет екендігін білдіріп, онымен шарттық қатынаста тұр. Соңғы, бесінші топтағы, сөйлемдерде басыңқы компонент бағыныңқы компоненттегі жағдайлардың нәтижесінде, логикалық жағынан алғанда, болуға тиісті әрекеттердің болмай қалғандығын білдіріп тұр. Логикалық жағынан алғанда, жақсы әзірлігі болғаннан кейін Байжан той жасау керек еді, бірақ ол тойын жасамай кетті.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру функ-циясында -қалы, -ғалы, -келі, -гелі жұрнақты көсемше де қолданылады. Білдіретін мағынасына қарай көсемшенің бұл түрі тюркологиялық әдебиеттерде бірде мақсатты көсемше деп аталса, бірде келер шақтық көсемше деп аталады.
Тарихи тұрғыдан қарағанда келер шақтық көсемшеде — өткен шақтық көсемше сияқты өте көне категория. Бұл — түркі тілдерінің казірде белгілі болып жүрген көне жазу нұсқаларының ең ескісінен саналатын ескерткіштердің өздерінде де кездеседі. Бірақ сол көне жазу нұсқаларында болсын, одан әлдеқайда кейін жиналған фольк-лор материалдарында болсын көсемшенің бұл түрі жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында кездеспейді, ол не мақсат, не мезгіл пысықтауышы қызметінде, немесе күрделі баяндауыш қызметінде гана қолданылады.
Сөз болып отырған көсемшенің бағыныңқы жай сөйлем баяндау-ышы болып, екі жай сөйлемді құрмаластыру қызметінде қолданы-луы соңғы уақыттардағы әдебиеттерде ғана кездеседі, соның өзінде де өте сирек ұшырайды. Бұл жағдай келер шақтық көсемшенің сабақтас құрмалас сөйлем жасауда өнімді роль атқара алмайтын- дығын байқатады.
155
Баяндауышы келер шақтық көсемшеден болған бағыныңқы: компонент өз басыңңы жай сөйлемімен екі турлі мағыналық қаты-наста тұрады:
Б і р і н ш і, басыңқы компонентте баяндалатын іс-әрекет, жай-күйдің қай мезгілден бері солай бола бастағанын, яғни оның басталу шегін білдіреді, мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |