Кіре айына сегіз оралғанда, табысы болады екен мың еке жүз сом (Мүсірепов). Бұлаңдаған, Қыз Құртқа, Әйел болдың, амал жоқ, Егер е р к е к болғанда, Болар ең тұтқа бір жұртқа (Қобыланды батыр»).
2. Өткен шақтық есімше көмектес септікте айтылып бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады, Мұндай баяндауышы бар бағыныңқы компонент өз басыңқысымен тек қарама-қарсы мағына-лық қатынаста ғана тұрады. Мыс.:
Бекен қанша қомағайланып қылғытқанмен, мол май оның жүрегін лезде қайтарып тастады (Мұқанов). Сүйіндік қанша солғын болғанымен, өзге көпшілік олай емес еді (Әуезов). Төбелескен жастар жағы болғанымен, айтақ үлкендерден шығып жатады (Мүсірепов). Кәнпеске хабарының екпіні қатты б о л ғ а н м е н, үкімет қаулысы шыққаннан кейін де бірсыпыра уақыт өтті (Мұстафин).
3. Өткен шақтық есімше -ша, -ше жұрнақты формада тұрьш, ба-ғыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышты ба-ғыныңқы жай сөйлем өз басыңқысымен екі түрлі мағыналық қаты-наста тұрады:
а) Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйді мезгілдік жағынан айқындап тұрады. Мен қорқыныш үнін шығарғанша, ол менің бетімді әлденемен тұмсалап та үлгерді (Мұқанов). Мешітке келе жатқандай баяу басқан қонақтар үйге к і р г е н ш е, үй-үйдің арасынан сытыла-сытыла жөнелген жол басар жігіттердің жарқ-жарқ сілтеген ақ сойылдары Жұманның жылқысына сарт-сұрт тие де бастаған еді (Мүсірепов). Қарсы келген топ қашан үйге кіріп болғанша, солардың қызығына ойын-күлкісіне қарап аңырасың да тұрасың (Майлин). Қатты жортып келе жатқан күйме тоқтағанша, өзі ерекше шапшаң жас әскери дағдысымен күймеден жеңіл ытқып, қос аяқтап секіріп те түсті (Әуезов).
Өткен шақтық есімшенің -ша, -ше жұрнақты түріне аяқталған бағыныңқы компоненттің өз басыңқысымен мезгілдік қатынасы жоғарыда келтірілген жатыс жалғаулы түрінікінен өзгеше. Мұнда бағыныңқы компоненттегі іс-әрекет болып үлгергенше, басыңқыдағы әрекет болып қояды. Бұл — басыңқы компонентінің баяндауышы өткен шақты білдіретін сабақтас сөйлемдерге тән қасиет. Ал егер: «Олар электр қуатын жасағанша, бу қуатын пайдаланамыз» (Мұстафин) деген тәріздес басыңқы компонентінің баяндауышы келер шақта айтылатын болса, ондай сөйлемдерде бағыныңқы жай сөйлем басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілдік шегін, қай уақытқа дейін болатындығын білдіреді.
ә) Бағыныңқы компоненттегі іс-әрекет басыңқыдағы іс-әрекетпен салыстырмалық қатынаста қолданылады да, басыңқыдағы іс-әрекетті істеудің қажет екендігі айтылады:
Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір (Мұстафин). Қарағайға қарыс бұтақ біткенше, еменге иір бұтақ, бітсейші, Қыранға тұғыр қыларға. Ханнан қырық туғанша, Қарадан бір-ақ тусайшы, Халықтың кегін қусайшы (Махамбет). Білемін, ол бүгін Құнанбай баласының жолы болғанша, Кауменнің қан құйлысының жолы болсын деп отыр (Әуезов).
Әрине, мұндағы салыстыру — теңдестіру мәніндегі салыстыру емес, қарама-қарсы қою мәніндегі салыстырулар. Мұндай сабақтас сөйлемдер бір кезде қарсылықты сабақтас сөйлем тобында да қарал-ған болатын.
158
4. А т а у, кейде шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше с о ң шылауына тіркесіп, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышта бағыныңқы компонент өз басыңқысымен екі түрлі магыналық қатынаста тұрады. Мыс.:
а) Басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің бағыныңқы компоненттегі іс-әрекеттен кейін болатындығын білдіреді: Кейінгілер шығып б о л-ғ а н с о ң, құтылғанына құанғандай Әсия келді (Әуезов). Молда маған орын н ұ с қ а ғ а н с о ң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді (Мұқанов). Өзі ілгері б а р ғ а н с о ң, жау бе-тінде жас бала жалғыз тұрып қ а л ғ а н с о ң, мұңды болған Қыз~ Жібек... Бір құдайға зар етіп, мінәжат қып тұрады («Қыз Жібек»).
ә) Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің се-бебін білдіреді. Мыс.:
Үш жесірді үлесетін үш әмеңгердің екеуі осыған байлаған соң, өзгелер шырық бұзбас (Әуезов). Оқу басталатын уақытқа шейін екі-үш айдай бос уақыт б о л ғ а н с оң, сол жылы, жалпы Россия-да болған ауыл шаруашылығының санақ қызметіне кірдім (Сейфул-лин). Қайғы мен ыза қысқан соң, зар шығады тілімнен (Абай).
5. Өткен шақтық есімше «с а й ы н» шылауына тіркесіп, бағы-ныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс-әрекет бағыныңқыдағы іс-әрекет болған сайын болып отыратындығы баяндалады. Мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |