Кейін, бері шылаулары өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрін меңгеріп тұрып бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамына енеді. Мұңдай компоненттер бағыныңқы сөйлемдегі әрекет болғаннан кейін басыңқыдағы іс-әрекеттің болғандығын я болатындығын, немесе басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің қашаннан бері болып келе жатқан мезгілдік шегін білдіреді, мыс.: Қонақтар жайласып болғаннан к е й і н, Итбай ауыз үйге шықты (Көбеев). Ауыл Досқа қонғаннан кейін, «Жапырақ базарына» жиналған жұрт жүріп кетті (Мұқанов). Бүгін Ақметше мырза тапсыр-ғаннан б е р і, сіз менің қарауымда болдыңыз (Есенжанов). Ол жұмысқа шыққаннан бері, қалтасынан дәрі-дәрмек арылмайтын (Сланов).
Сайын, соң шылаулары атау тұлғалы өткен шақтық есімшеге тір-кесе айтылып бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай ком-поненттердің сайын шылауы араласқан түрі бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекет болған сайын басыңқыдағы іс-әрекеттің де қайталап болып отыратындығын білдірсе, соң шылауы араласқан түрі бірде басыңқыдағы іс-әрекеттің бағыныңқыдағы іс-әрекеттен кейін болғандығын білдірсе, бірде басыңқыдағы іс-әрекеттің болу-болмау себебін білдіреді. Соң шылауы кейде өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрімен де бірігіп айтылады, мыс.:
164
Шұбардың жаңағы сөзі есіне түскен сайын, Әбіштің намысы мен ызасы үдей түсті (Әуезов). Ол ернін қозғаған с а й ы н, жаңадан ғана бурыл тартқан қаба сақалы секең-секең ете қалады (Сәрсенбаев). Кейінгілер шығып б о л ғ ан с о ң, құтылғанына қуанғандай ақсия күлді (Әуезов). Кеңес құпиялау б о л ғ ан с о ң, бөтен кісілерді кіргізбей, есік алдында почтовай түр еді (Сейфуллин).
Ү ш і н шылауы тұйық етістіктен болған баяндауышы бар бағы-ныңқы сөйлемді басыңқы сөйлеммен байланыстырады. Мұндай ба-ғыныңқылар басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мақсатын білдіреді, мыс: Күзетші сезіп қ а л м а у ү ш і н, біз жыраның ішімен еңбек-теп кеттік (Қайсенов). Оқытушы беделді б о л у ү ш і н, ол марк-сизм-ленинизм ғылымын терең меңгеру керек (Көбеев).
Бұл айтылған демеулермен қатар демеу мәнінде қолданылып, өткен шақтың есімшеге тіркесе айтылатын кезде, уақытта, мезгілде, сәтте, күні, жылы тәрізді тағы басқа сөздер де жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру қызметін атқарады.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштастырып, құрмалас сөйлем жа-сауда шешуші роль атқаратын шылау сөздердің екінші түрі — ж а л-ғ а у л ы қ т а р. Олардың қатарына мыналар жатады:
а) Себептестік қатынасты білдіретін — сондықтан, себебі, сол се-бепті, өйткені, неге десең жалғаулықтары;
ә) Мезгілдестік, өсіңкілік қатынасты білдіретін — және,. да, де, та, те, әрі жалғаулықтары;
б) Қарсылықты қатынасты білдіретін — бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, әйтсе де, ал, дегенмен жалғаулықтары;
в) Кезектестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін — бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, я, яки жалғаулық-тары;
г) Бейтараптык, қатынасты білдіретін — мейлі, құй жалғаулық-тары.
Мұндағы әр топқа бөлген жалғаулықтардың басын біріктіретін ортақ қасиеттерімен бірге, бір топқа жата тұрса да олардың әрқайсы-сының тек езіне ғана тән ерекшеліктері де болады. Ол ерекшеліктер кейін сөз болады.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру қызметін жоғарыда аталған жалғаулықтармен қатар жалғаулық мәнінде қолданылатын солай бола тұрса да, солай дегенмен де, сөйте тұрса да, олай дейтін себебі, бұлай дейтін себебі дегендер тәріздес сөз тіркестері де атқарады.
Шылаулардың қай түрі болса да жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыру қызметін, яғни тек дәнекерлік қызметті ғана атқарып қоймайды, сонымен бірге құрмаласып тұрған жай сөйлемдердің ма-ғыналық қатынастарына да елеулі әсерін тигізеді, олардың мағына-лық қатынастарын айқындай, кушейте түседі. Мыс.:
Дүниеде түрме барын, оған жазықты адамдарды қамайтынын Хакім білетін, б і р а қ ешбір қылмысы жоқ жанды түрмеге отыр-ғызатынын, оны айыптап басына пәле жабатынын ол білмейтін. Сәдірбайға мен жақтым, ө й т к е н і құранды бірсыдырғы әдемі оқитын даусым бар. Ондай студенттер көп кездеседі, а л ана доктор бақытты кісіге ғана кездеседі (Есенжанов). Сәуле ә р і қуанды, ә р і Сайран мен Шекерді ойлап ренжіді (Әбішев). Қодардың жазығы болмаса д а, құн деген үн болмады (Әуезов). Жұрт қаз-қатар отырысып болған с о ң, доктор Чернов жиылысты ашты (Сейфуллин).
Бұл мысалдағы шылаулардың әрқайсысы екі түрлі қызмет атқа-рып тұр: бірінші жағынан — жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштасты-рушы дәнекер болса, екінші жағынан — олардың қандай мағыналық қатынастарда тұрғанын айқындаңқырап тұр. Мысалдың алдыңғы бі-
165
рінші сөйлеміндегі бірақ жалғаулығын алып тастасақ, сөйлем байланыстары әлсіреумен қатар, олардың арасындағы қарсылықты, себепті қатынастар да көмескіленеді. Үшінші, төртінші сөйлемдер-дегі ал, әрі жалғаулықтары айтылмаса, компоненттердің ара қатынастары мүлдем бұзылып, олар құрмалас сөйлем болудан біржола қалады. Ал енді, бесінші сөйлемдегі да шылауы болмаса да сөйлемнің құрмаластық қасиетіне нұқсан келмейді, бірақ компоненттердің мағыналық қатынастары өзгереді, алтыншы сөйлемдегі соң шылауынсыз компоненттердің мағыналық қатынастары бұзылуы былай тұрсын, тіпті, сөйлем құрмалас болудан қалады. Бұл жағдайлар құрмалас сөйлем жасауда шылаудың (жалғаулық, демеу) маңызды роль атқаратындықтарын білдіреді.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыруда жалғаулықтар мен демеулердің дәнекерлік рольдерінің дәрежесі бірдей емес. Салаласа құрмаласқан сөйлемдердің көпшілігінде жалғаулықтар сөйлемді құрмаластырушы негізгі тұлға болмайды, онсыз да бар байланысты күшейте түсетін, көмекші тұлға болып табылады. Сондықтан жалғаулықты түрде айтылған кейбір құрмаластарды, құрмаластық қасиетін сақтай отырып, жалғаулықсыз түрде айтуға да болады. Мыс.:
Достарыңызбен бөлісу: |