Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет88/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

қазір ыза оты жалтылдайды (Әбішев).
ә) Поэзияда құрмаластың тиянақты компоненттері мен тиянақсыз компоненттерінің орын тәртібі өзгеріп, өлең үйлесіміне қарай түрленіп айтыла береді. Қара сөзбен айтылған құрмалас сөйлемдер-де тиянақсыз компоненттің бұрын тұруы қазақ тілінің стилистика ерекшелігінің бір көрінісі болып табылатыны сияқты поэзияда ол компоненттердің орналасу жағынан бірде олай, бірде бұлай болып келуі де тіліміздегі қалыптасқан заңдылық болып табылады.
б) Сабақтас кұрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті кейде тиянақты компоненттің ішінде келетіні де болады. Бірақ бұл — тілі-мізде кең жайылған құбылыс емес, өте сирек кездеседі және мұндай құрылыста айтылудан сөйлемнің тек интонациялық жағына азды-көпті өзгеріс енгені болмаса, оның компоненттерінің байланысына, мағынасына ешқандай өзгеріс енбейді. Сондықтан бағыныңқы ком-поненті бірінші орында айтылған сабақтастардың көпшілігін бағы-ныңқы компонентін тиянақты жай сөйлемнің ішінде келтіріп, өзгер-тіп айтуға немесе керісінше қойып айтуға бола береді. Мысалы: Әкем етегімнен ұстағанша, мен арызымды Таласовқа беріп те үлгердім (Сәрсенбаев)— деген құрмаласты — Мен, әкем етегімнен ұстағанша, арызымды Таласовқа беріп те үлгердім,— деп айта беруге болады. Айырмашылығы тиянақты компоненттің сөйлем басында келтірілген бөлшегіне біраз екпін түсіріле айтылады.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында жоғарыда көр-сетілгендей орын тепкен тұрақты тәртіптің болуы әр түрлі жағдай-ларға байланысты. Ондай жағдайлар қатарына құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш формасы мен интонациясы жағынан және мағыналық қарым-қатынастары жағынан өз ара тең болмаула-рын жатқызуға болады. Сонымен бірге, компоненттердің орын тәрті-біне жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын кейбір шылау-лардың да тигізетін әсері күшті. Олай дейтін себебіміз мынау: сөйлем мейлі жай сөйлем болсын, мейлі құрмалас сөйлем болсын — бәрі бір аяқталған ойды білдіру үшін формалық жағынан да, интонациялық жағынан да тиянақты болуы шарт. Ондай тиянақтылығы болмаса, олардың сөйлемдік сәні болмайды. Міне, сондықтан: Үш жылға дейін бір арба кен келмесе де, завод тоқталмайды (Мүсірепов) дегең құрмалас сөйлем компоненттерінің орнын ауыстырып, завод тоқтамайды, үш жылға дейін бір арба кен бермесе де деп айту — қазақ тілінің сөйлеу нормасына сай келмейді. Өйткені соңғы вариантта тиянақсыз компонент сөйлем соңында айтылған. Ал енді, «Абайдың қиналғанын Ділда сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ (Әуезов) деген құрмалас сөйлем компонентте-рінің баяндауыштары тиянақты формада айтылған. Бірақ соған қарамастан олардың орын тәртібін өзгертіп айтуға да болмайды. Егер өзгертіп айтатын болсақ, олардың арасындағы мағыналық қатынас бұзылады, соңғысы, тіпті, құрмаластық сипаттан біржола айрылады. Бұл жағдайлар құрмалас сөйлем компоненттерінің орын-тәртібінің тұрақтылығын және оның жай сөйлемдерді құрма-ластыруда шешуші роль атқаратындығын аңғартады.

САЛАЛАС Қ¥РМАЛАС СӨИЛЕМ


(Жалпы мәлімет)

Құрамына енген жай сөйлемдері грамматикалық жағынан бір-бі-ріне бағынышты, тәуелді болмай, өз ара теңдік қатынаста айтылып, синтаксистік құрылысы және мағынасы жағынан бір бүтін болып тұратын құрмалас сөйлем — салалас құрмалас сөйлем деп аталады.


169

Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің өз ара тең болып келуінің негізгі себебі — ол компоненттердің бір-бірімен құрмаласу жолдарында, компоненттердің баяндауыш формасында.


Баяндауыш формасы жағынан алғанда салалас сөйлем компо-ненттері жіктік жалғаулы формада, яғни етістіктің ашық райында айтылады да, өз бастауыштарымен қиыса байланысады. Ал, компо-ненттер бірлігі, олардың өз ара байланыстылығы жай сөйлемдер ара-сында немесе жай сөйлемдер ішінде келген әр түрлі жалғаулықтар, жалгаулық мәнді сөздер арқылы, компоненттердің мағыналық және структуралық жағынан бірліктері, өз ара байланыстылықтары арқы-лы, осылардың негізінде туған интонациялық тұтастың арқылы қам-тамасыз етіледі.
Салалас құрмалас сөйлемнің сабақтас құрмалас сөйлемнен негізгі өзгешелігі — компоненттерінің грамматикалың жағынан бір-біріне тәуелді болмай, өз ара тең болып келуінде. Бірақ компоненттер теңдігі, дербестігі деген нәрсенің өзін де шартты түрде түсіну керек. Мұндағы теңдік, дербестік қалыпты жай сөйлемдер арасында бола-тын дербестік емес, өйткені мұндағы компоненттер сабақтас сөйлем-дегі сияқты бір-біріне бағынышты, тәуелді болып, бірі-бірінің жете-гінде айтылмағандарымен салаласа байланысудың әр түрлі тәсілдері, жолдары арқылы өз ара тығыз байланысты бір бүтін болып тұрады. Олай болатын себебі салаласу дегеніміздің өзі де — грамматикалық байланыстың, яғни тілдік элементтердің бір-бірімен синтаксистік қа-тынасқа келуінің бір түрі. Ал, грамматикалық байланысқа келген элементтердің (сөздердің, сөйлемдердің) өз ара не мағыналық, не грамматикалық жағынан, белгілі шамада болса да, бірімен-бірі ұш-тасып жататыны белгілі. Міне, сондай ұштастық, бірлік салалас сөй-лем компоненттері арасында да болады. Оны анығырақ байқау үшін төменде келтірілген мыралды талдап көрейік:
1. Жел артымыздан еді. Ауылдан он-он бес шақырым шықтық. Елдің жаздай жайлап шаңын шығарып тастаған жайлауын қақ жарып құбылаға бет қойып келе жатырмыз. Жанды қара жоқ. Бірен-саран шалшық сулардың бабында ұйлығып отырған топ-топ қаздарды көресің (Майлин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет