Iii халықаралық ғылыми-практикалық конференция 10 желтоқсан 2015 ж


Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления



Pdf көрінісі
бет35/44
Дата03.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#5712
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44

Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления 
компетентностно­моделируемым иноязычным образованием
Секция 3. Ақпараттық­инновациалық технологиялар құзыреттілік үлгідегі 
шеттілдік білім берудің басқару тетігі ретінде
– 240 –
нысты.  С.С.Құнанбаева  қатысымдық  құзіреттілік  тұрғысында  Г.В.Елизаровамен 
келісе  отырып,  былайша  анықтама  береді  «  «шеттілдік  қатысымдық  компетен-
ция»  тіл  өкілінің  қатысымдық  компетенциясының  аналогы  бола  алмайды  және 
бұл  айырмашылық  табынды  сипатқа  ие  болады  деп  көрсетеді,  өйткені  компетен-
ция табиғатын білу оны қалыптастыру жолы мен әдістеріне әсер етеді». Сондай ақ, 
Г.В.Елизарова ана тілі мен шетел тілінің компетенцияларына төмендегідей дәлелдер 
келтіреді: а) ана тілін «қабылдап алу» (acquisition) – шетел тілін «үйрену»(learning); 
ә) ана тілін сананың қатысуынсыз, ал шетел тілін саналы түрде меңгеру; б) ана тілін 
шынайы  жағдаятарда  меңгеру,  ал  шетел  тілін  оқыту  жағдаяттарында  меңгеру;  в) 
компетенцияларды  өзінің  әлеуметтік-мәдени  компетенцияларын  «жаңа  әлеуметтік 
мәдени ұқсастықта» меңгеру; г) қатысымдық компетенцияны ана және шетел тілінде 
қалыптастыру түрлі психологиялық механизмдерге сүйенеді.[2]
Кейспен жұмыс жасаған кезде сабақтың жоғары нәтижеге жетуі оның студенттер 
мотивтеріне сай келуінде: 
–  ситуациялық-мәселелік (жақын мақсаттарға жету бойынша міндеттерді шешуде 
қолданылады, тұлғаның негізгі әрекеті – мәселені шешу;
–  материалдық (табысқа жету);
–  әлеуметтік (әлеуметтік өзара қатынаста мақсатқа жету);
–  кәсіби (кәсіби іс-әрекетте табысқа жетуге бағдарланады);
–  рухани (адамгершілік жағынан өзін-өзі жүзеге асыруға бағдарланған);
тұлғалық (өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған) [3].
Нақты  жағдаяттар  әдісі  негізінде  қатысымдық  құзіреттіліктерді  дамыту  үшін 
оның қолайлы қарым-қатынас жағдайында жүзеге асырылуын қадағалау қажет:
–  біріншіден, әрбір студенттің жеке ерекшелігін есепке алу. Әрбір адам басқа адамнан 
өзінің табиғи қасиеттерімен, оқу және тілдік әрекетті жүзеге асыру іскерлігімен, 
тұлғалық  қасиеттерімен  ерекшеленеді.  Коммуникативтік  оқыту  студенттің 
барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, қарым-қатынас үшін жағдай жасайды: 
коммуникативтік  мотивация  тудырады,  сөйлеудің  мақсаттылығын  қамтамасыз 
етеді, интерактивті қатынас қалыптастырады;
–  екіншіден, коммуникативтік оқыту үрдісінің тілдік бағыттылығында пайда бола-
тын қарым-қатынас құралдарын меңгеру практика барысында жүзеге асады. 
–  үшіншіден, коммуникативтік оқытудың қызметінен көрінеді;
–  төртіншіден,  коммуникативтік  оқыту  жағдаяттарынан  көрініс  табады. 
Ситуациялық  жағдай  –  бұл  қарым-қатынасқа  түсушілердің  өзара  қатынасының 
іс-әрекетпен байланысы;
–  бесіншіден,  коммуникативтік  әрбір  сабақ  құрылымында  пайда  болатын  оқыту 
үрдісіндегі жаңалықты білдіреді. Бұл тілдік жағдаяттардың жаңалығы қолданатын 
материалдың жаңалығы мен жұмыс тәсілдерінің әртүрлілігі [3,37б].
Шеттілдік білім беруде «кейс стади» әдісі бірнеше маңызды міндеттерді шешуге 
көмектеседі: а) жағдаяттық оқытуды пайдалану тілдік ортаны құрады және шетел тілін 
шынайы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда қажеттілік туындату үшін жағдай 
жасайды.  Кейс  білім  алушыларды  сөздік  дайындықты,  эвристикалық  іс-әрекетке 
қабілеттілігін  жоғарылататын  іс-әрекеттің  біртұтас  мәнмәтініне  жұмылдыруға 
мүмкіндік  береді[4];б)  бұл  әдіс  оқу,  сөйлеу,  тыңдау  дағдыларыныңтиімді  дамуы-
на  жол  ашады.  Студенттер  жазбаша  түрде,  кейде  аудиожазбамен  ұсынылған 
жағдаяттарды  үйренеді,мәселені  шешудің  жолдарын  қарастырады  және  талқылау 
нәтижелерін ұсынады. Егер соңғы нәтиже жазбаша түрде қабылдану керек болған 

Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления 
компетентностно­моделируемым иноязычным образованием
Секция 3. Ақпараттық­инновациалық технологиялар құзыреттілік үлгідегі 
шеттілдік білім берудің басқару тетігі ретінде
– 241 –
жағдайда  студентті  жазуға  үйретуге  болады.  Әдістің  пәнаралық  сипаты  оқытудың 
түрлі  кезеңдерінде  нақты  міндеттерді  шешу  үшін  практикалық,  үйретуші  және 
ғылыми-зерттеушілік  кейстерді  қолдануға  мүмкіндігін  береді.  Алғаш  рет  кейспен 
жұмыс жасаған кезде үйретуші кейстерді пайдаланған жөн. Себебі олардың ең басты 
міндеті оқыту және тәрбиелеу.
Кейс  көздері  нақты  оқыту  мақсаттарына  бейімделген  жаңалықтар  хабарла-
масы,  газет  немесе  журнал  басылымдары  болуы  мүмкін.  Әрине,  оқыту  жағдайы 
бағдарлама  немесе  оқыту  курсы  тақырыбына  сай,  бағдарламалық  материалдар 
көлемінде  қолданылуы  керек.  Сонымен  қатар,  оқыту  жағынан  шынайы,  өзекті 
ақпаратты  қамтуы  тиіс.  «Кейс  стади»  әдісінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың 
түрлі өзге әдістері(жүйелі анализ, үлгілеу, «миға шабуыл», ойын әдістері және т.б.) 
ықпалдасуы мүмкін. 
Публисцистикалық және көркем әдебиет кейсқа идеялармен қоса кейс сюжетінің 
арқауы  бола  алады.  Жоғары  сапалы  кейсті  атақты  классикалық  көркем  әдебиет 
туындылары  негізінде  жасауға  болады.  Мысалы,  М.Әуезовтың  «Абай  жолы» 
роман эпопеясы арқылы біз тарихты, дәстүр-тәрбиені немесе психологияны үйрете 
аламыз. Көркем және публицистикалық әдебиет үзінділерін тиімді қолдану кейсті 
толықтыруымен  қатар,  оны  қызық,  оңай  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Баспасөз 
үзінділері,  кейске  БАҚ-тан  оперативті  ақпараттарды  қосу  оны  өзекті  етеді,  әрі 
студенттердің  қызығушылығын  тудырады.  Көркем  және  публицистикалық 
әдебиетті  қолдану  кейске  тұлғаны  тәрбиелік  тұрғыдан  дамытуға  бағытталған, 
мәдениеттанымдық қызмет жүктейді. 
Жаңа  білім  беру  технологиясы  ретінде  жағдаяттарды  игеру  әдісі 
оқытушыдан  аудио  және  видео  материалдар,  компьютерлік  және  бағдарламалық 
қамтамасыздандырулармен  кейсті  жасауда  айрықша  дайындық  жұмысын  талап 
етеді. Кәсіби тақырыптардағы кейстерді жасау сол профильді кафедралармен бірлкен 
жұмысты  талап  етеді.  Дәстүрлі  оқыту  әдістерімен  қатар  «кейс  стади»  әдісі  оқыту 
бағдарламасымен ықпалдаса отырып, оқытудың оқу, білім беру және зерттеушілік 
құрамдарын біріктірудің тиімді амалы болуы мүмкін. 
Қорыта келе, жоғары оқу орны студенттерінің бойында қатысымдық құзіреттілікті 
қалыптастыру және дамыту қазіргі таңда жоғары мектептің көкейкесті мәселелерінің 
бірі. Оның шешімі болашақ маман иелерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін, 
білім  беру  салаларында  кәсіби  дайындығын  қамтамасыз  етеді.  Осы  салада,  біздің 
зерттеуіміз  «кейс»  әдісін  тілдік  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  қатысымдық 
құзіреттілігін дамытудың тиімді жолы әрі шеттілдік білім берудің оңтайлы амалы деп 
көрсетті. Бұл әдістің тәжірибелік қолданылуы студенттерге «кейс стадидің» мәнін, 
әдістемесін ұғыну мен қолдана алуын, шетел тілі сабақтарында пайдалану жолын 
енгізуді болжайды. Шеттілдік білім беруде «кейс стадидің» мүмкіндіктерін кеңейте 
түсіп,  болашақ  мамандарды  қарым-қатынасы  дамыған  тұлға  қалыптастырудың 
оқытушыға тиімді әдісі болып табылады.
Әдебиеттер
1. Вестник Научно-исследовательского центра корпоративтного права, управления и вен-
чурного  инвестирования  Сыктывкарского  государственного  университета  –  2014.  –  [Элек-
тронный ресурс].– http://vestnik-ku.ru/
2. Құнанбаева С.С. «Қазіргі шет тілдік білім берудің теориясы мен практикасы».– Алматы: 
Эделвейс. 2010

Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления 
компетентностно­моделируемым иноязычным образованием
Секция 3. Ақпараттық­инновациалық технологиялар құзыреттілік үлгідегі 
шеттілдік білім берудің басқару тетігі ретінде
– 242 –
3. Измуханбетова С.С. Оқушылардың зерттеушілік әрекеттері арқылы коммуникативтік 
құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Кандидаттық диссертация.– Аты-
рау, 2010
4. Федорина З.В. использование метода кейс-стади для гуманитаризации образования в 
техническом вузе// Вест. Томского гос.пед.ун-та. 2012. Вып.4. 90-92б.
Abstract:  This  article  deals  with  case  –  study  method.  The  method  is  directed  to  develop 
students’ interests to learn foreign language on the high professional degree. In the article case– 
study  is  not  regarded  only  as  technological  method,  but  also  as  pedagogical  method  of  foreign 
language teaching. The outcomes of the method in teaching process are presented. And its influence 
on formation communicative and creative skills of students is considered.
УДК 81.42
Тугелова Ж.Ж.,
«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 
2-курс магистранты,
Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ, 
Алматы, Қазақстан
e-mail: zhaniya.kz@mail.ru
ПОЛЕМИКАЛЫҚ ДИСКУРСТА ДӘЛЕЛДЕМЕ ШЕБЕРЛІГІН, 
СӨЙЛЕУ МӘНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІН 
ДАМЫТУДЫң ТӘСІЛДЕРІ
Түйін: Мақалада қазіргі қоғамда полемикалық дискурстың орны мен полемикаға түсу ба-
рысында тұлғаның сауатты, шебер, шешен, әдепті, мәдениетті және мәнерлі сөйлеу алуының 
маңызы  жайлы  айтылды.  Осы  айтылған  ұғымдарға  жіті  тоқталып,  олардың  шығу  тарихы 
жайлы сөз қозғалып, олардың тілдік ерекшеліктері көрсетілді. Сонымен қатар сөз шеберлігі, 
сөз мәдениеті мен әдебінің полемикалық дискурстағы маңызы анықталды.
Тірек  сөздер:  полемикалық  дискурс,  шешендік  өнер,  шеберлік,  сөйлеу  мәнері,  сөз 
мәдениеті мен әдебі
Қазіргі қоғамда көптеген мәселелерді ойды ашық әрі нақты жеткізу мен қоғамдық 
диалогты кеңінен қолдану және өзара келісім арқылы шешу тиімдірек екенін көріп 
жүрміз. 
Өмірлік  маңызы  бар  мәселелерді  талқыға  салу,  дұрыс  немесе  бұрыстығын 
дәлелдеу, сөйлеушінің өз көзқарасын нақты дәлелдер арқылы мойындату, полемикаға 
қатысты  негізгі  талаптарды  орындау  және  қарсылас  тарапынан  қозғалған  ойды 
дәлелді  жоққа  шығара  білу  полемикалық  дискурстың  негізгі  әрекеттердің  бірі 
болып табылады.
Олай болса, осы айталған әрекеттерді полемикалық дискурста шебер, әрі шешен, 
сонымен бірге мәнерлі әрі мәдениетті сөйлеу арқылы іске асыру маңызды. Енді осы 
түсініктерге толығырақ тоқтала кетсек. 
Сөзге  шеберлігі,  шешендік  өнері  арқылы  әрбір  халықтың  бітім–болмысы, 
дүниетанымы,  ұстанымы  танылады.  Шешендік  өнер  тарихына  қысқаша  тоқталып 
өтер болсақ, шешендік өнер туралы ілім «риторика» деп аталатыны белгілі. Ритори-

Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления 
компетентностно­моделируемым иноязычным образованием
Секция 3. Ақпараттық­инновациалық технологиялар құзыреттілік үлгідегі 
шеттілдік білім берудің басқару тетігі ретінде
– 243 –
ка, яғни шешендік өнер адамның дүниетанымымен, рухани мәдениетімен, психоло-
гиясымен тығыз байланысты [1; 1б.]. Сонымен бірге ақындық табиғаттың туа бітті 
сыйы болса, шешендік жүре бітті қасиет екені де ертеден ұғынықты болған. Антик 
дәуірінің кейбір шешендері даусын мәнерлеп, сөз сарасын салмақтап сөйлеуге теңіз 
жағалай жүріп жаттыққан екен. Ертедегі Афина, Рим шешендері қарумен емес, сөз 
құдіретімен  ұлы  империяларды  «жаулап»  алған.  Шешендік  өнердің  шам-шырағы 
атанған  олар  риторика  арқылы  ғылыми  логиканың,  этиканың,  философияның 
алғашқы  әліппесін  қалдырды.  Заманына  қарай  шешендік  өнер  бірде  саясат  пен 
биліктің  қаруы  болса,  бірде  өмір  шындығынан  алшақтап,  сәндік  пен  салтанатқа, 
мадақ пен марапатқа қызмет еткен [2; 18б.]. 
Ал,  қазақ  топырағында  қалыптасқан  рухани  кеңістікте,  Әл-Фарабиден  Абайға 
дейінгі аралықта шешендік өнер туралы айтқан ой саңлақтары баршылық. Мысалы, 
Әбунасыр  Әл-Фарабидің  логиканы  біртұтас  ойкешті  ғылымдық  жүйеге  түсіріп, 
оның  танымдық  тәсілдерін  айқындап  бергені  белгілі.  Шешендік  өнерге  байланы-
сты  айтылған  Әл-Фарабилік  ойларға  қысқаша  тоқталсақ,  онда  ол  диалетиканың 
қарапайым  пікір  таластырушылық  өнер  емес,  ақылды  ұстартатын  ой  кешу  тәсілі 
екендігін баса айтқан болатын. Диалетика осы қасиетімен шешендік өнердің арқауы 
бола  алады.  Әл-Фараби  диалетика  мен  риториканың  тамырластығын  бағамдай 
отырып, сонымен қатар, олардың айырмашылықтарын да көрсете білген. Айталық, 
егерде  диалетика  тек  шынайы  білімге  негізделген,  қисынды  дәлелдер  арқылы 
тұжырымдалатын ой түю тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой жүйелілігіне, 
ұғымдар үйлесіміне негізделеді [3; 63б.]. 
Жалпы  шешендік  өнер  риторика  ғылымының  аясында,  әдебиеттің  бір  жанры, 
сөз  өнері  ретінде  біршама  зерттелген  сала.  Алайда  шешендік  өнерді  тек  аталған 
бағыт  аясында  ғана  емес,  лингвистика  ғылымының  антропоцентристік  парадигма 
аясымен сабақтастықта зерттеу арқылы жаңа бір тың деректерге қол жеткізуге бо-
лады.  Антропоцентристік  лингвистикада  ойлау  процесі  мен  тіл  табиғатының  бір-
бірімен күрделі заңдылықтар арқылы бір нүктеге түйісуі басты назарда болады. Ал 
шешендік сөз шиырлары тікелей ұтымды ой ұшқыны мен тіл шұрайының жемісі. 
Яғни, антропоцентристік лингвистикадағы ой мен тіл сабақтастығы адамның жан-
жақты  табиғатына  сәйкес  әлеуметтік,  логикалық,  философиялық,  биологиялық, 
когнитологиялық, т.б. факторларды тұтастай қамтиды [4,2 б.]. 
Шешендік сөз ой тасқынынан табиғи түрде туындайды. Ал шешендікке талпы-
ныс жасағандар әрине жаттайды, жаттығады. Шын мәніндегі шешен адам ой қуаты 
мен философиялық білім тереңдігі арқылы шешендік сөзді өз жанынан шығарады. 
Алайда  шешен  адамда  өз  білімін  жетілдіру  арқылы  да  шешендікке  қатысты  ойы 
мен  сөзін  шымырлап  отыруы  заңды  құбылыс.  Бұл  жағынан  келгенде  тарихтағы 
Цицеронның шешендікке өзін-өзі баулуын айтуымызға болады. Цицерон шешендік 
өнерді игерудің бес әдісін айқындаған. Оның ең біріншісі, айтарыңның болуы, яғни 
сөзіңнің мазмұны. Екіншісі, сол айтпақ ойыңды салмақтап, жүйеге келтіру. Үшіншісі, 
көркемдеу, яғни әдеби өңдеу. Төртіншісі, жадыға сақтау. Бесіншісі, келістіріп тұрып 
жақсылап айтып беру, сөйлеу. Адам бойындағы шешендік туа бітті ме, жоқ әлде жүре 
бітті ме деген таласты пікірге әйгілі шешен Цицеронның осы бес әдісі жауап берген-
дей. Цицерон адам табиғатына жаратылыстан берілген табиғи қабілетті (дарынды) 
мойындай отырып, тек қана соған малданып қалмай, оны үнемі жетілдіру қажет деп 
санайды [4, 3б.].

Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления 
компетентностно­моделируемым иноязычным образованием
Секция 3. Ақпараттық­инновациалық технологиялар құзыреттілік үлгідегі 
шеттілдік білім берудің басқару тетігі ретінде
– 244 –
Бұл  тұжырымдардан  байқағанымыз  –  полемикалық  дискурс  барысында 
қолданылатын нақты дәлелдерді орынды, салмақты әрі жүйелі түрде жеткізе білудің 
маңызы зор екендігі. Полемикағы түсуші тұлға алдымен айтар ойын жинақтап, сара-
лап барып қана жеткізуі қажет. Сонда ғана ол өз мақсатына сенімді әрі шынай түрде 
жете алатыны сөзсіз.
Сонымен  қатар,  шешендік  өнер  сөз  мәдениетіне  тікелей  қатысты  жанр.  Тіпті 
шешендік өнерді сөз  мәдениетінің  ең  жоғарғы  көрсеткіші деп  тануға  болады. Ал, 
«сөз  мәдениеті»  дегеннің  ғылыми  анықтамасына  келетін  болсақ,  бұл  мәселені 
қазақ тіл білімінде арнайы зерттеген ғалымдардың ғылыми пікірлерін басшылыққа 
алуға  болады.  М.Балақаевтың  тұжырымы  бойынша,  сөз  мәдениеті  дегеніміз  – 
тілдік  тәсілдердің  ширау,  жетілу  дәрежесі.  Сонымен  қатар,  ол  тіл  жұмсаудағы 
ізеттілік,  сауаттылық  қана  емес,  тілдік  тәсілдерді,  фонетикалық,  орфографиялық, 
орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс 
қолдану  дағдысы  болса  [5,  17б.],  Н.Уәли  өзінің  «Сөз  мәдениеті»  атты  еңбегінде, 
тіл  мәдениеті  деп  сөйлеудегі,  жазудағы  сыпайылық,  ізеттілік  қана  емес,  сонымен 
қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандықты 
атаған  [6,  24б.].  Ал  тілші-ғалым  Р.  Сыздық  тіл  мәдениеті  деп  сөздерді  дұрыс  ор-
нымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру 
(морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), 
тілді  әсерлі  етіп  жұмсау  (лингвостилистикалық)  нормаларын  ұстану,  орнықтыру, 
жетілдіру деген тұжырым жасаған [7, 24-25Б.].
Жалпы, сөз мәдениеті  – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік 
амал-тәсілдерді  айтылатын  ойдың  мақсатына  сай  орнымен  қолдана  білу,  сөйлеуде 
мәдениеттілік,  әдептілік  таныту.  Сөз  мәдениеті  қазіргі  әдеби  тілдің  жұртшылык 
таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде 
диалектизмдерді,  қарапайым,  дөрекі  сөздерді,  варваризмдерді  қолдану,  орынсыз 
көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене 
қимылдарын араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз 
жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз 
мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының 
дамуында  лексикография,  әсіресе  нормативті  түсіндірме  сөздіктер,  орфоэпиялық, 
орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады.
Ал,  сөйлеу  әдебі  –  тіл  практикасының  ұлттық,  өзіндік  ерекшеліктерге  ие 
қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (бай-
ланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген 
қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады [8, 214б.]. 
Сөйлеу әдебінің жағдаяттары кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім 
сұрау секілді түрлері полемикалық дискурста жиі қолданылады. 
Сонымен  қатар,  полемика  барысында  қарсыласқа  қатысты  айтылатын  «Сен» 
есімдігінің орнына «Сіз» есімдігін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағын (мыс., 
доктор, профессор), қазіргі кезде сөйлеу әдебінің мәдениетін көрсететін ханым, мырза 
сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін (мыс., 
әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін сөз барысында 
қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады [8, 230б.].
Чех жазушысы К.Чапектің пайымдауынша, полемикада дөрекі сөздер мен орын-
сыз іс-қимылдарға орын жоқ дей отырып, полемиканы бокспен салыстыра отырып, 
мынадай мысал келтіреді: бокста қарсыластар әр-түрлі амалдарды, ержелерді сақтай 

Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления 
компетентностно­моделируемым иноязычным образованием
Секция 3. Ақпараттық­инновациалық технологиялар құзыреттілік үлгідегі 
шеттілдік білім берудің басқару тетігі ретінде
– 245 –
отырып қана, жеңіске жететіні секілді тілдік қақтығыстың да тиесілі ережелерін орын-
ды қолдану арқылы жеңіске жету әбден мүмкін. Сонымен бірже К.Чапек полемикаға 
қатысты көптеген амал-тәсілдерді ұсынған. Солардың бірнешеуіне тоқталар болсақ:
1.  Despicere (менменсу– лат.) – немесе ең алғашқы тәсілі. Бұл амалда полемикаға 
түсуші  өз  қарсыласына  психологиялық  тұрғыдан  шабуыл  жасауы  қажет.  Яғни, 
қарсыластың тарапынан айтылған уәжбен дәлелді түрде келіспеу.
2.  Ulises (Улисс (Одиссей) – қулық символы – лат.). Бұл ретте қарсыластың «басын 
қатыру  амалы»  жасалады.  Яғни,  тақырыптан  ауытқып,  қарсыласты  шатастыру 
арқылы оның ұрымтал жерін іздеу амалы.
3.  Testimonia (куәгерлік – лат.) – бұл тәсіл полемикаға түсушінің оқымыстылығын, 
білімділігін көрсетуіне септігін тигізетін амал. Яғни, атақты ақын-жазушылардың, 
ғалымдардың  нақыл  сөздерін  мысалға  орынды  келтіре  отырып,  қарсыласты 
сөзден тұқырту тәсілі [9, 108б.]
Сонымен,  полемикалық    дискурс  жағдайында  жоғарыда  келтірілген  тәсілдері 
орынды  қолдана  білген  тұлғаның  еш  тұқырмайтыны  белгілі.  Себебі  тілдік  ереже-
лер мен тұлғалық, қатысымдық әдеп пен мәдениетті бойына сіңірген тұлғаның кез-
келген дауды жеңіп шығары сөзсіз.
Осы  келтірілген  анықтамаларды  қорытындылай  келе,  байқағанымыз  - 
лингвистикалық  нормаларды  сақтаған,  сөзді  дұрыс  айту  мен  дұрыс  жазуды  берік 
ұстанған,  сол  арқылы  көңілдегі  көрікті  ойдың  айқын,  әсерлі  жетуі  мен  екі  ұдайы 
ойдың  болмауы  дискурсивтік  құзыреттілігі  жоғары,  сөзге  шешен  тұлғаға  тән 
көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Егер  полемикалық  дискурстың  күрделі  әрі  жауапты  әрекет  және  полемикада 
ешқандай  сауатсыздық  пен  әдепсіздікке  жол  берілмейтіндігін  ескерсек,  сонымен 
бірге  тұлға  бойында  риторикалық  шеберлік  жоғары  деңгейде  қалыптасар  бол-
са, онда оның полемикалық дискурсқа түскен жағдайда өз мақсатына айқын жете 
алатындығына күмән жоқ. Себебі, риторикалық шеберлігі жоғары, сөйлеу мәнері мен 
мәдениеті қалыптасқан  тұлға рухани дамыған және өз пікірін, көзқарасын айқын, 
нақты, дәлелді, мәдениетті, әдепті түрде жеткізе алары сөзсіз.
Ал  мұндай  жағдайда  студент  жастар  бойында  риторикалық  мәдениеттің 
қалыптасуы,  біздің  пайымдауымызша,  бәсекеге  қабілетті  интеллектуалды  ұлт 
келешегін тәрбиелеудің, адамды өзгертудің,   оның рухани  тұрғыда  қайта жаңғыруы 
мен ілгері дамып жетілуінің тиімді алғышарттарының бірегейі.
Әдебиеттер
1.  Сәтенова  С.К.  Тұрақты  тілдік  бірліктер  мен  шешендік  өнер  сабақтастығы// 
Л.Гумелев атындағы ЕҰУ. – 2014. – 12 б.
2. Бейсенов Қ. Қазақ топырағындағы қалыптасқан ғаклиятты ой кешу үрдістері. – 
Алматы, 1994. – 63 б.
3. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі. – 1993. – 34 б.
4. Жиренов С. Шешендік өнердің тілтанымдық сипаты – [Электрондық журнал]. – 
http://e-history.kz – (жарияланған күні 17.12.2014)
5.  Балақаев  М.  Қазақ  тілінің  мәдениетінің  мәселелері.  –  Алматы:  Қазақстан.  – 
1965. -186 б.
6. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев. – Алматы. – 1984.
7.Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма 
және оның қалыптасуы. – Астана: Елорда. – 2001. – 230 б.

Секция 3. Инновационно­информационные технологии как механизм управления 
компетентностно­моделируемым иноязычным образованием
Секция 3. Ақпараттық­инновациалық технологиялар құзыреттілік үлгідегі 
шеттілдік білім берудің басқару тетігі ретінде
– 246 –
8. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. – Астана. – 2008. – 238 б. 
9. Чапек К. 208 избранных страниц. – Москва: Вагриус. – 2001. – 208 б.
Abstract: The article describes the role of a polemical discourse in modern society 
and the importance of the use of rhetoric, argumentation, culture and etiquette of speech 
in  the  polemical  discourse.  The  definitions  of  their  values,  their  history  of  using  in  a 
communicative act and some linguistic features were given.

– 247 –

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет