Хорезми “Махаббатнаме” (XIY ғ.)
Қатық1 күлсаң мәгар (оймақ) ағзың2 білүргай3,
Пәрі көрса сені мендек (мендей)4 телүргай.5
Сачың6 бір тарына7 мың хұр (қор қызы) йетмас,
Йүзүңнүң8 нұрына мың нұр йетмас.9
Әгар берса сүйүрғаб (шапағат) хақ та’ала,
Керекмас10 сенсізін11 Фердуасы - а’ла.
Кішінің сенсізін не жаны болсұн
Аның12 тек ‘ұмұрның не сәні болсұн13
Шәкар енің (ернің)14 набаты - Хызра үхшар15
Айағың16 кім ки17 өпса мөңгү18 йашар.
122. Қыйамат19 көрклүсін20 хұснұңға не сөз,
Йырақ болсұн жамалыңдын21 йауыз көз.
Хұсам Кәтиб “Жұмжұма сұлтан”
Ей, “жиһан бақиды”22 деганлар23 каны,
Ешіттің24 дүния ішін, білің25 аны,26
Чүн бұ ғалам ғақибат йоқ болысар,27
Мұндағылар28 еч бақи қалмайысар,29
Бу30 ишаратлар ки худ бізге йетар.31
Не кім бардыр32 маклүкат - мұндын33 кетар.
Көргіл34 анларны,35 кім әууәл кечтіләр36
һәм йаман,37 һәм йахшы38 - барча39 күчтіләр.40
Каны41 мунча42 мың нәбилер уа шаһлар?
Ол бина қылынған43 үлуғ44 даргаһлар.
Мунча түрлік45 мал уа ниғматән (дүние-) қуып,
Чүнки келдің дүния - кетмәк керәк,46
Бар күчүң йетк әнча47 хайыр етмак керәк.
Бұ қара йер, кім көрәрсан,48 түп-тулуғ49 (топ-толық),
Адам ұланларыдыр50 кічіг51 - ұлұғ.
(Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, 1991. 243-бет.
Ауд. А. Қыраубаева)
Тапсырмалар
1. Берілген қандай сөз табы? Негізгі ме, туынды ма? Тұлғасы мен мағынасында қазіргі тілмен салыстырғанда қандай айырмашылық бар?
2. Жалпы зат есімнің түбірінен қандай ежелгі дыбыстық заңдылықты аңғаруға болады? Қандай жалғау жалғанып тұрғанын (жақ-санын) анықтаңыз?
3, 5. Етістіктің қандай тұлғалары? Толық морфологиялық талдау жасаңыз. Қазақ тілінің тарихында қандай тұлғалық, мағыналық өзгерістерді басынан өткізді? Қазіргі әдеби тілдегі қолданысы қандай?
4. Туынды сын есімді қазіргі тілдегі тұлғасымен салыстырып, аффикстік морфемаларының шығу төркіні бір екенін фонетикалық заңдылықтарға сүйене отырып дәлелдеңіз.
23. Берілген етістіктің құрамындағы үндестік заңының қолданылу ерекшелігіне түсінік беріңіз.
6, 8, 24. Зат есімдердің түбір тұлғалары мен қосымшалары құрамындағы дыбыстық алмасуларға (с~ш, ш ~ ч, й ~ ж, ү ~ і, н ~ д) тарихи тұрғыдан баға беріп, ілік септігінің ашық, жасырын қолдану ерекшелігіне назар аударыңыз.
7. Зат есімді қазіргі қазақ тіліне аударып, ондағы тарихи дыбыстық алмасуды анықтаңыз. Себебін ашыңыз.
9, 10. Етістіктің қандай тұлғалары? Бұл етістіктерді түбір мен көмекші морфемаларға ажырата отырып, олардың көне тұлғасы мен қазіргі тұлғасын салыстырыңыз. Айырмашылықтарын көрсетіңіз. Себебін түсіндіріңіз.
11.Жіктеу есімдігі қай септікте тұрғанын анықтап, синтаксистік қызметін көрсетіңіз. Тұлғалық ауытқушылықтың себебін түсіндіріңіз.
12, 26, 35. Берілген есімдіктердің үш вариантын салыстырып, олардың шығу төркінін, қандай септіктерде қолданылып тұрғанын анықтаңыз.
13, 25,34. Берілген етістіктерді тұлғалық жағынан салыстырыңыз. Бұйрық рай тұлғаларының ежелгі тұлғаларына сипаттама беріп, қазіргі тілде сақталып қалғандары болса, мысал келтіріңіз.
14. Берілген зат есім құрамындағы сонор р дыбысының түсіп қалуын қандай фонетикалық заңдылықтарға сүйене отырып түсіндірер едіңіз? Тілдегі осындай құбылыстарға әдеби тіл мен диалектілерді салыстыра отырып, мысалдар келтіріңіз.
15, 27, 29, 31. Етістіктерге толық морфологиялық талдау жасаңыз. Жақ-сан, шақ тұлғаларын анықтаңыз. Қазіргі тілмен салыстырғанда етістік түбірі мен қосымшаларында тұлғалық, мағыналық қандай айырмашылықтар бар?
16. Зат есімнің қандай (септік) тұлғада тұрғанын, синтаксистік қызметін анықтаңыз. Зат есімнің жазылуынан қандай графикалық ерекшелікті байқауға болады?
17. Берілген сөз қандай сөз табына жатады? Қандай тұлғада, қандай синтаксистік қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз. Қазіргі әдеби тілде мұндай шылаулы тіркес кездесе ме?
18, 19. Сын есімнің ежелгі түркілік варианты мен қазіргі тілдік нұсқасын салыстырыңыз. Қандай тұлғалық өзгерістерге ұшыраған? Егер кірме есімдер болса, қай тілден енгенін анықтаңыз.
20, 23, 48. Жіктік жалғауының ІІ жағында тұрған есім, етістік тұлғаларды өзара салыстыра отырып, олардың қайсысы алғашқы, қайсысы кейінгі екенін анықтаңыздар. Көне түркілік жіктелудің І, ІІ жағын қалпына келтіріп, мысалмен дәлелдеңіздер.
21. Берілген зат есімнің қай септікте тұрғанын анықтап, қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда қандай айырмашылығы барын көрсетіңіз.
22, 28, 50. Мына есім, етістік тұлғаларына толық морфологиялық талдау жасап, оның тарихы жөнінде баяндаңыз. -дыр тұлғасының қазіргі қазақ тілінде қолданылуы қандай (дербес сөз - шылау - қосымша) дәрежеде?
28, 30, 33, 42. Түрлі тұлғадағы есімдіктерді салыстырып, олардың қалыптасу тарихын анықтаңыз. Морфологиялық талдау жасаңыз. Сөйлемдегі синтаксистік қызметтерін көрсетіңіз.
36, 40. Ежелгі дәуірдегі есім, етістік сөз таптарының жіктік жалғауының III жағында жіктелу сипатына назар аударып, қазіргі қазақ және басқа түркі тілдері диалектілерімен салыстырыңыз.
37, 38, 44, 45, 51. Берілген сын есімдердің ежелгі тұлғалары мен қазіргі тұлғаларын салыстыра отырып, түбір құрамындағы дыбыстық өзгерістерге, дыбыстардың түсіп қалу процесіне түсінік беріңіз.
39. Есімдіктің қай түрі екенін анықтаңыз. Оның қалыптасу жолы жайында не білесіз?
41.Қандай сөз табы екенін анықтап, фонетикалық, морфологиялық тұлғасына талдау жасаңыз.
43. Мына етістік тұлғасын қазіргі осындай тұлғадан қандай морфологиялық көрсеткіштер ажыратады?
46. Берілген тіркеске морфологиялық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
47. Қандай сөз табы? Аталған ежелгі сөз тұлғасына толық морфологиялық талдау жасаңыз.
49.Тұлғасына, мағынасына қарай сын есімнің қай түріне жатады? Қазіргі тілмен салыстырғанда қандай дыбыстық ерекшеліктерді байқадыңыз? Ғылыми тұрғыдан дәлелдеп беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |