Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)



бет13/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ОСӨЖ.СӨЖ ҚТТГ

Ауыз әдeбиeтi yлгiлeрi

  1. Ер Көкше” (XV ғ.)

1....Манаша Ер Көкшүгө айтты: Ер Көкшү бүйтүп жатар ер м’едің”, - деді. “-Бар!” - деді. - “Булай жау жетті деп шап”, - деді.


2.Ер Көкшү сонан жау жетті деп шапты.
3.Бір оқту жағына кезіп атына жайдақ мініп, жау қайда деп булай бір кетті, булай да шапты, жау көрүнбөдү.
4.Онан соң келіп жығылды, жолдасы сонан соң айбалтамен жер қазып көмдү.

XIX ғасыр жазба әдебиеті


ІІ. А.Құнанбайұлының шығармаларынан

  1. жылғы қолжазбадан)

5. ...Қачан бір бала білім ғылымды махаббат бірлән көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.


6. Сонан соң ғана алла тағаланы танымақлық, өзін танымақлық, дүниені танымақлық... секілді білім ғылымды үйренсе, білэр деп үмід қылмаққа болады.
7. ...Бул көзгэ көрілгэн, көңілге сезілгэн ғаламды қандай Хикмет бірлән йараштырып, қандай қудрет бірлән орналастырған һич бір адам баласының ақылы йетмэйді.

  1. Қазақ ережелерінен

8. 8-бап. Бинің биліклэрін болуслар орнуна келтүрм(э)ккэ м(і)ндэтлі болған с(э)б(э)бдан сиэз б(і)ткэн соң билікнің кофиаларун тиүслі болусқа м(а)ғлум қыладур.


9. Эг(э)рдэ даугэр жуабкэрлэрінің ихтиары бой(у)нча екі ел арасында к(э)сүм малларын орай қылм(а)ққа уағда қылса шул уағда сиэз башы бірлэн б(э)ркүлэді.
(А.Әбілқаев, Қ.Өмірәлиев. Қазақ тілі тарихи грамматикасының практикумы. Алматы, 1973. 95, 102-105 бб.)

Тапсырмалар



  1. Төл сөзді сөйлемдерді қазіргі қазақ тіліне аударып, төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіндегі ерекшеліктерге назар аударыңыз.

  2. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді теріп алып, бірыңғай мүшелері қандай синтаксистік тәсілдер арқылы байланысып тұрғанын, қандай сөз таптарынан жасалғанын анықтаңыздар. Қазіргі тілдегі бірыңғай мүшелер синтаксисінен айырмашылығы бар ма, ол неден көрінеді?

  3. Құрмалас сөйлемдерді (3-4) құрамына қарай, мағынасына қарай, синтаксистік байланысу жолына қарай талдаңыз.

  4. Булай сөзі қай сөз табына жатады және қай сөйлем мүшесі қызметінде (1-3) жұмсалып тұрғанын анықтаңыз.

  5. Мына сөйлемдерде (7-8) өткен шақ есімшелердің қандай тұлғаларда, қандай сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалып тұрғанын анықтаңыз.

  6. Берілген сөйлемдер (5-6) мағыналары жағынан сабақтас құрмаластың қай түрі екенін анықтаңыз. Қазіргі қазақ әдеби тіліне аударып, синтаксистік ерекшеліктерін көрсетіңіз.Түркі тілдерінде мұндай синтаксистік құрылымдар ежелден бар ма?

  7. Берілген мәтінде бірлән көмекші сөзінің қызметі қандай? Осы көмекші сөздің түркі тілдерінде даму тарихы туралы не білесің? Қазіргі қазақ тіліндегі қолданылу сипаты қандай?

  8. Сөйлемдерді қазіргі қазақ тілінде (8-9) беріп, оның құрылымын қазіргі тілдік құрылыммен салыстырыңыз. Басыңқы және бағыныңқы сыңарларын тауып, бағыныңқылардың мағынасын анықтаңыз. Баяндауыштарын жасалу жолына қарай талдаңыз.

  9. Көксерлік, танымақлық (5-6) туынды есімдері қандай сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалып тұр? Морфологиялық талдау жасаңыз.

  10. Бинің, билікнің (8) зат есімдері қай септікте, қандай сөйлем мүшесі қызметінде қолданылып тұрғанын айтыңыз. Осы зат есімдермен синтаксистік қатынасқа түсіп тұрған бағыныңқы сыңарды көрсетіңіз.

  11. Мәтіндегі барлық есімдіктерді тауып, оларға мағыналық, тұлғалық талдау жасаңыз. Олардың қандай сөйлем мүшелері қызметін атқарып тұрғанын анықтаңыз. .

  12. Мына сөйлемдердің (8-9) тұрлаулы мүшелерін көрсетіп, бастауыш пен баяндауыштың байланысу тәсілін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет